Студопедия — Р Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер.






Табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдіснамалық негізі экологиялық ғылым болып табылады. 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель тірі организмдердің өздері мекендейтін қоршаған ортамен қатынасы туралы ілімді экология деп атаған болатын. Экология ұзақ уақыт бойы ғылыми әдебиетте классикалық биологиялық ғылым ретінде қабылданып, дамыды, тек жуықта ғана ғылыми әдебиетте "әлеуметтік экология" термині қолданыла бастады. Бұл ғылымның объектісі адам қоғамы және оның қоршаған ортамен өзара әрекеті болып табылады, бұл ретте табиғат қатысады. Мынаны атап көрсету керек: қазіргі кезеңде жалпы "'экология" ғылымы 40-тан астам әр түрлі "экологиялық ілімдерде" өзінше түсіндіріліп келді. "Әлеуметтік экология" ұғымы немесе "адам экологиясы" қазіргі заман әдебиетінде әр түрлі түсіндіріледі. "Адам экологиясының мақсаты — оның өмірін, денсаулығын, биологиялық, өніміне қабілетін, оның тектік беріктігін, мутацияларға, қоршаған ортаның басқа да ықпалына тұрақтылығын қорғау болып табылады. "Адам экологиясы" осы түсіндірмеде жалпы "әлеуметтік экологияның" тек бөлімі болып табылатынын байқау қиын емес, ол табиғаттың адамға ықпал ету қатынасын ғана емес, сонымен бірге басқа процестерді де реттейді. Ол ол ма, атап айтқанда адамның табиғатқа ықпалы экологиялық құқық қалыптасуының алғышарты болып табылады.

Құқық саласының мазмұны адамдардың белгілі бір мінез-құлық ережелерін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Құқықтық нормалар белгілі бір құқықтық мәртебесі, зандық күші мен басылым нысаны бар құжаттарда баянды етіліп, ресімделеді. Белгілі бір белгілер бойынша біріккен құқықтық актілердің жиынтығы заңнаманың нақты саласының мазмұны болып табылады. Құқық саласы мен заңнама саласы дербес құқықтық құбылыстар, бірақ тығыз байланысты және өзара тәуелді құбылыстар болып табылады. Заңнаманың дамыған саласының болуы құқықтың дербес саласын қалыптастыру үшін қажетті алғышарт болып табылады. Сондықтан экологиялық құқықтың мәні мен сипатын талдау үшін экологиялық заңнаманың мазмұнын зерделеу керек. Экологаялық құқықтың көздері деп танылады, бірақ экологиялық құқықтың құрамына олар кірмейді. Сондықтан былай деп айтуға болады: "экологиялық құқықтың көздерінің" ұғымы "экологиялық заңнама" ұғымынан гөрі кеңірек. Қазақстанның осы заманғы құқық жүйесі тығыз өзара байланысқан, құқық салалары "астасып жатады" және өз кезегінде "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заң қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, салық және т.б. құқық салаларының көзі болып табылады.

Экологиялық құқықтың көздері мазмұндық, жуықтастық және өзге де белгілері бойынша бөлінеді, мұның өзі оларды топтастыру үшін негіз болып табылады. Құқық теориясында көптеген негіздер белгілі — басылым түрі бойынша, іс-қимыл аумағы бойынша, іс-қимыл уақыты бойынша, адамдардың тобы бойынша және т.б. Мейлінше кеңінен тараған топтастыру — заңдық күші бойынша. Заңдық күші жағынан экологиялық құқықтың барлық көзі заңдарға және заңға тәуелді актілерге бөлінеді, бұларға Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың нұсқамалықтары мен бұйрықтары, биліктің жергілікті органдарының шешімдері жатады. Олар заңдарды орындау үшін қабылданады. Экологиялық құқықтың көздері объективтік белгісі жағынан мыналарға: кешенді, ресурстық және әлеуметтік-экологиялық көздер болып бөлінеді.

Экологиялық құқықтың кешенді көздері ретінде құқықтық реттеу объектісі бүкіл табиғат кешені болып табылатын нормативтік актілер, біртұтас құрылым ретінде табиғи орта танылады. Экологиялық құқықтың ресурстық көздері деп құқықтық реттеу объектісі табиғаттың жеке объектісі, жеке табиғат ресурсы болып табылатын нормативтік актілер танылады. Бұл арада мыналарды атауға болады: Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. Соңғы уақытта, заңнама жүйесінде адамның денсаулығына немесе адам тіршілік етуінің жағдайларына орай табиғи ортаның жай-күйіне ықпал ететін, реттеу объектісі табиғат жағдайлары болып табылатын нормативтік актілердің жеке тобын бөліп көрсетуге болады. Мысал ретінде "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Арал өңірінде экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", "Семей облысындағы ядролық полигон туралы" зандарды көрсетуге болады. Осы топтағы актілердің (әлеуметтік-экологиялық) кешенді актілерден өзгешелігі адам факторының қатысуында, адамның тіршілік етуі үшін ортаны құру бағытында, яғни әлеуметтік фактордың қатысуында болып табылады.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының даму тарихы бірнеше кезеңнен өтеді. Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда бұдан көп бұрын, оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған болатын. 1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының, Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер-құқық нормалары қолданылды.

Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірінші кезеңі 1922-1957 жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж.) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды, бірақ бұл кезеңнің айрықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелілігінің және оны қисындауының болмауы дер едік. Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселелері реттелмеді, күн тәртібіне қойылмады. Су, орман, тау-кен заңнамалары заңның дербес салалары ретінде бөліп көрсетілмеді. Екінші кезең 1958-1981 жьыдары аралығында (1958-1981 ж.ж.) басталды. Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді дамуымен, заңның ресурстық салаларын жүйелеу және оларды қисындау процестерімен сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңце: 1971 жылы — Жер Кодексі, 1972 жылы — Су Кодексі, 1976 жылы — Жер қойнауы туралы Кодекс, 1978 жылы — Орман Кодексі, 1981 жылы "Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы", "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заңдары қабылданды. Экология саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны танылды: олар — жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен бөлек қарастырылды, құқықтық реттеудің кешеңді әдісі болмады. Бұл 1962 жылы қабылданған "Табиғатты қорғау туралы" Заңнан ерекше көрінді. Ол 20 баптан тұрды, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды, мемлекеттік баскару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген. Табиғат ресурстары кодекстерінің құқықтық мазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделді, мұның өзі басқарудың әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын білдіретін еді. Үшінші кезең кезінде (1982-1995 ж.ж.) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды. Жаңа мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикалық институттар қалыптасты, "ақылы қызмет", "табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық талаптары" ұғымы енгізілді. Қазақстанда банк қызметін, жекешелендіру процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп, қабылданды. Табиғат ресурстарына мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда. Сонымен бірге, нормативтік экологиялық актілерде жаңа нарықтық элементтермен қатар "кеңестік" кезеңінен Қазақстанның заң тәжірибесіне енген дәстүрлі әкімшілік әдістері де қолданылды.

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің жалпы құқықтық негіздерін баянды етеді. Бұдан кейінгі барлық зандар мен заңға тәуелді актілер Конституцияның баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер негізінде қабылданады. Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады: ұйымдық-басқару; экономикалық; әлеуметтік нормалар. Ұйымдық-басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласында оныңоргандары, лауазымды адамдары арқылы мемлекеттің қызметі мен құзыретін баянды ететін Конституцияның нормаларын жатқызған жөн. Конституция нормаларының бұл тобына Республика Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, биліктің жергілікті органдарының өкілеттіктерін реттейтін нормаларды жатқызу керек. Конституцияның жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды". Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. "Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіңде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін" (6-бап, 3-бөлім). Конституцияда сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын норма да бар, соның ішінде мұрагерлік құқығын қорғайды (26-бап, 2-бөлім). Яғни, бұл ереже жер учаскесін мұрагерлікке алу құқығына қолданылады. Конституцияның бұл нормалары негізгі табиғат ресурстары заңдары мен кодекстерінде өзінің құқықтық дамуына жол ашты. Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген: "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті". Азаматтардың қоғамдық экологиялық ұйымдарға қатысуына өздерінің құқықтарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында экологиялық проблемаларды қою және шешу, өздерінің экологиялық құқыктарын сотта қорғау және т.б. мүмкіндіктерімен жүзеге асыруға қатысты жекелеген ережелер Конституцияның "Адам және азамат" деген II бөліміңде белгіленген. Конституцияның мақсаттары мен міндеттеріне, негізгі принциптеріне сәйкес экологиялық заңдар мен кодекстер, сондай-ақ заңға тәуедді актілер қабылданды және қабылданып жатыр.

1996 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықта жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау жөніндегі қатынастарды реттеудің жалпы шарттары мазмұндалады. Онда сондай-ақ тау-кен заңының мақсаттары мен міндеттеріне жалпы сипаттама беріледі (I тарау), жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті анықталады (II тарау), жер қойнауын пайдалану құқығының туындау жағдайлары, түрлері, субъектілері, негіздері баянды етіледі (III тарау). Жарлық барлау және өңдіру жұмыстарына лицензиялар мен келісім-шарттарына қорытындылар беруді реттейді, жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау және халықтың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды көздейді, оған жер қойнауы қорын мемлекеттік басқару қызметтерінің кешені жатады. Қазақстан Республикасының Парламенті 2003 жылғы 8 шілдеде Орман Кодексін қабылдады. Оның құрылымына 9 бөлім, 20 тарау, 118 бап жатады. Орман кодексінің осы редакциясының мазмұны қазіргі практика талаптары мен Қазақстанның осы заманғы экономикалық шынайылықтарына сай келеді. I бөлімде "Жалпы ережелерде" орман заңының жалпы сипаттамасы беріледі, оның міндеттері белгіленеді, орман қорына қатысушылардың құқықтары мен міңдеттері аталады, орман құқық қатынастарының объектілері мен субъектілеріне сипаттама беріледі. Орман Кодексінің II бөлімінде орман қорын басқару, қорғау, сақтау жөніндегі бақылау, ормандарды қайта өсіру мен ұлғайта өсіру саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті ашылады. Орманды иелену мен пайдалану мәселелері, олардың түрлері, мерзімдері, шарттары мен тәртібі III бөлімде реттеледі. Онда ағаш кесу билеті мен ордерінің ұғымы беріліп, мазмұны ашылады, орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі анықталады, орман пайдаланудың әрбір түрі бойынша сипаттама берілген. IV және V бөлімдер ормандарды қалпына келтіру проблемаларына және оларды қорғау шаралары жүйесіне арналған. Орман Кодексімен сондай-ақ орман пайдалануға ақы төленетіндігі, орман шаруашылығын қаржыландыру, мемлекеттік орман кадастрын: сонымен бірге орман мониторингін жүргізу, орманды орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру, орман дауларын шешу және орман заңын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану жөніңдегі катынастар реттеледі. Бұл кодекс IX бөліммен аяқталады, онда ұлттық заңға да қатысты халықаралық шарттардың басымдығы баянды етілген.

Экологиялық құқықтың елеулі көздерінің бірі 2003 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Су Кодексі. Ол 11 бөлімнен, 32 тараудан, 146 баптан тұрады. Сонымен бірге, бұл заң актісі су қатынастарын реттеуде елеулі рөл атқарады. Су Кодексі өзін реттеуінің мәнін анықтайды, су заңының мақсаттары мен міндеттерін ашып көрсетеді, Қазақстан Республикасының бірыңғай су қорының сипаттамасын береді (1-бөлім). Онда су қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік билік және басқару органдарының құзыреті, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың суды қорғау мен пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға қатысуы, су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің мемлекеттік мониторингі анықталады (3-бөлім). Су Кодексінің негізгі мақсаты суды пайдалану жөніндегі қатынастарды реттеу болып табылады (IV, V, VI бөлімдер). Оларда су пайдаланудың тәртібі мен шарттары, түрлері мен мерзімдері, су тоғандарын пайдалануға беру жөніндегі органдардың өкілеттіктері, су пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттері, су пайдалануға ақы төлейтіндігі, су пайдалану құқығын тоқтату негіздері көзделген. VII бөлімде келеңсіз ықпалдың әр алуан түрлерінен: ластану мен бітеліп қалудан, сарқылудан суды қорғау жөніндегі шаралар, жерасты сулары мен шағын өзендерді қорғау көзделген. Осында су мен су шаруашылығы теңгерімдерін кешенді пайдалану схемаларын жасау мен қорғау жөніндегі баптар берілген. VIII бөлім ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті реттеу ерекшеліктері қарастырылады. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері — табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу, су беру жөніндегі қызметтер үшін ақы төлеу, сақтандыру IX бөлімде мазмұндалады. X бөлім су дауларын шешу қатынастарын және су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын қарастырады. Онда су құқығын бұзушылықтардың тізбесі келтіріледі және залалды өтеудің міндеттілігі белгіленген. Су Кодексі XI бөліммен — "Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықпен" аяқталады.

2004 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заң қабылдады. Ол 11 бөлімнен, 61 баптан тұрады. Бұл заңның реттеу нысаны табиғи еркіндік жай-күйінде болатын жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Жануарлар дүниесі мемлекеттің меншігінде болады. Заңда жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қызметі және осы саланы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті көзделген (II тарау) Заңда елді мекендерді салу кезінде, өсімдіктерді қорғаудың химиялық заттарын қолдану кезінде, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде, табиғи зілзала апаттары кезінде, жабайы жануарлардың қоныс аударуы кезінде және олардың мекендеу ортасы өзгерген кезде жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту жөніндегі негізгі талаптар мазмұндалады. Жануарлар дүниесін пайдалану мәселелері 4-9 тарауларда баянды етілген. Оларда жануарлар дүниесін пайдалану субъектілерінің пайдалану түрлері мен шарттары, мерзімдері, құқықтары мен міндеттері, пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар көзделген, сондай-ақ аң аулау мен балық шаруашылығының, жануарлар дүниесін пайдалану мен олардың санын реттеудің өзге де түрлерінің тәртібі мен шарттарын егжей-тегжейлі регламенттеу беріледі. Дербес бөлімдер ретінде мемлекеттік есептің, мемлекеттік кадастрдың, жануарлар дүниесін пайдалану мәселелері бойынша бақылау мен дауларды шешу қызметтері анықталған. Бұл қызметтердің мазмұны жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту мен пайдалануды басқарудың мемлекеттік тетігімен белгіленеді. XI тарауда фауналық құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері қарастырылады, олардың толық сипаттамасы беріледі және осы бұзушылықты жасағаны үшін заңдық жауаптылық түрлері көрсетіледі. Заң 11 бөліммен аяқталады, онда құқықтық реттеу объектісінің айрықша ерекшелігі - жануарлар дүниесінің Қазақстан аумағынан басқа мемлекеттің аумағына тұрақты және уақытша қоныс аудару қабілеті мен қажетгілігі ескеріледі, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту мен пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері реттеледі.

2002 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылдады. Атмосфералық ауа меншік құқығының объектісі болып табылмайды, сондықтан бұл заңның негізгі міндеті оны пайдалану жөнінде емес, ауаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттеуде болып табылады. Занда атмосфераны қорғау заңының мақсаттары мен міндеттері, ауа ортасын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдары мен билік оргаңдарының, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың құзыреті анықталады. Заңның құрылымы VII тараудан, 30 баптан тұрады. III тарау "Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру" ерекше маңызды болып табылады. Онда ауа ортасындағы жол берілетін шекті ластайтын заттар нормативтерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, ластаушы заттар шығарындыларына рұқсаттар беру, өнеркәсіп объектілерін, елді мекендерді орналастыру, пайдалы қазындыларды өндіру кезінде атмосфералық ауаны қорғау тұрғысындағы талаптарды орындау жөніндегі тәртібі берілген. Заңда атмосфералық ауаны қорғаудың экономикалық, нарықтық шараларын реттейтін нормалар көрінеу жеткіліксіз қолданылады.

Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жекелеген объектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысы болады. Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік актілер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комитеттер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады. Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша субъектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді. Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады. Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды, олар да заңға тәуелді экологиялық актілер болып табылады. Мысалы, әкімдердің шешімдерімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын жүмсау тәртібі, қалалар мен аудандарды жасыл желекке бөлеу мен экологиялық абаттау мәселелері анықталады. Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық зандар мен кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай-ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларының заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері.

2. Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

3. Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы: "Жеті Жарғы", 1995.

2. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3222. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия