Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экологиялық құқық қағидалары мен обьектілері.





 

Заң ғылымында экологиялық құқықтың мәніне мейлінше тәнті көзқарас ретінде ғалым-экологтардың негізгі айқындамасын келтірген жөн. Олардың елеулі талдау мен құрметке лайықты көзқарастары экологиялық ойдың дамуы тарихын көрсетеді және мейлінше сипатты болып табылады.

Н.Д. Казанцев (1967 жыл) айтқан бірінші айқындаманың мәні мынада болып табылады: құқықтың барлық салалары (жер, су, орман, тау және т.б.) дербес институттар ретінде табиғат ресурстары құқығының құрамына жатуға тиіс. Бұл орайда табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар жеке институт ретінде бөлінеді.

Н.Б. Мұхитдинов (1981 жыл) құқық жүйесінде аграрлық-құқықтық топтың болуын бөліп көрсетті, онда дербес салалар ретінде жер, су, орман, тау, фауналық құқық қызмет атқарды. Бүкіл табиғатгы қорғау мен пайдалануға бағытталған қатынастарды ол жеке саланың мәні деп есептейді, ол қалыптаса қойған жоқ, бірақ жеке сала ретіңде ресімдеу үшін барлық алғышарттар бар.

Д.Л. Байділдиновтың (1995 жыл) айқындамасының мәні мынада: табиғат қорғау құқығы және жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфаралық ауа құқығы құқықтың дербес салалары болып табылады және кешенді, құқықтың етене кіріскен саласы құрамына жатады — экологиялық құқық.

Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар жеке саланың — жер, су, және т.б. ішінде, бірақ экологиялық құқықтың ортақ мақсаттары тұрғысынан реттелетін болады.

Экологиялық құқық жүйесі былайша құрылады: ол жекелеген нормалар, құқықтық институттар, кіші салалар арасында тығыз байланысты сақтайды. Экологиялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді. Жалпы бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып табылады, олардың объектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі, мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады. Жалпы бөлімде табиғатты қорғау мен пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық тетігі әзірленіп, талданады, содан соң оның жекелеген ережелері табиғаттың жекелеген объектілеріне қатысты ерекше бөлімде нақтыланады. Тиісінше жалпы бөлімнің құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткен жөн:

Жалпы бөлім: э кологиялық құқық ұғымы, экологиялық құқық көздері, меншік құқығы және табиғат пен оның ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар, экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік.

Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген объектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ ерекше бөлімге біз "ерекше қорғалатын табиғи аумақгарды", "экологиялық апат аймақтарын" және "өндірістік және өзгеде шаруашылық қызметіне экологиялық талаптарды" жатқызамыз.

Ерекше бөлім:жер құқығы, су құқығы, тау құқығы, орман құқығы, фауналық құқық, атмосфералық ауа құқығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық апат аймақтары, экологиялық шаруашылық қызметі. Сондай-ақ арнаулы бөлімді бөліп көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық қорғау мәселелері карастырылады.

Арнайы бөлім:халықаралық экологиялық құқық, Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы.

Экологиялық құқық әдісі мәжбүрлеу әдісі кінәлі адамды жауапкершілікке тарту жөніндегі қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпал ету әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткені кінәлі адам мемлекет белгілеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын реттеу болып табылады. Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады. Экологиялық құқықтың бұл әдісі экономикалық әдіс деп аталады. Осы әдістің көмегімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі. Осы әдістің негізінде табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық қатынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауқымды кешенді іс — экологиялық жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем ақшалар, экологиялық банктерді құру. Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады. Экологиялық қатынастарды реттеудің халыкаралық-құқықтық әдісі кажет әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады.

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау принципі, оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың өзекті мәні, табиғат пен қоғамның арасындағы қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін құқықтық реттеу үшін негіз болып табылады. Бұл принцип мынаны білдіреді: мемлекет өзінің табиғатпен қатынасын адам қызметі адамның өзінің денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуі үшін, бұл өзара қатынас адам үшін қолайлы жағдайлар жасайтындай етіп құруға тиіс, сондықтан атап айтқанда осы мақсатқа барлық экологиялық қатынастар бағындырылуға тиіс. Өз кезегінде, қазіргі шындық қоршаған табиғи ортаның ластануы нәтижесінде экологиялық апаттардың, жаппай уланулардың, биологиялық жаңа белгілердің пайда болуының және қырылудың талай мысалдарын келтіреді, бұл адам денсаулығы мен өміріне төнген қатер фактісін толық растайды. Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу принципі мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықгық қатынастарды қалыптастыруға сәйкес келеді.

Табиғат қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу принципі дегеніміз табиғат сапасын сақтау жөніндегі табиғатты пайдаланушылардың қызметін көтермелеу тетігін құру деген сөз. Мынаны атап көрсеткен жөн: заң шығарушының осы принципті жариялауына қарамастан бүгінгі таңда табиғат қорғау қызметін көтермелеу шараларының жүйесі әлі болса да әзірлене қойған жоқ. Бұрынырақта қолданылған моральдық және материалдық көтермелеу шаралары (сыйлықтар тапсыру, алғыс жариялау, қызыл жалаушалар және т.б.) қазір қолданылмайды, ал жаңаларын заң шығарушы әлі де жасай қойған жоқ.

Әрине, экологиялық заңнаманың маңызды принциптерінің бірі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау принципі, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы болып табылады. Бұл принцип осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының жалпы қызметінен шығады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдык бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу принципі бұрын қолданылған заңнамада көрінісін тапқан болатын.

Экологиялық проблеманы шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық принципін қолданудың зор маңызы бар. Экологиялық проблема барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субъектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл принципті жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етеді, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі.

Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғышарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Тарихи тұрғыда бастапқы салалардың бірінен "жер құқығы" қалыптасқан болатын. Жер құқығы қатынастары қоғам мен табиғат ортасы арасында туындаған "алғашқы" қатынастардың бірі болды. Жер құқығының құрамына су, тау, орман қатынастарын реттейтін нормалар кіре бастады. Кейіннен бұл нормалар мынадай деңгейге дейін дамыды: мұның өзі құқықтың жекелеген салалары ретінде жер құқығынан бөлінуінің себебі болды. Кейіннен оларға "фауналық құқық" (жануарлар әлемін пайдалану және қорғау құқығы) және "атмосфералық ауа құқығы" қосылды. Жоғарыда аталған құқық саласының бәрі уақыттың ұзақ кезеңінде дербес дамыды, өзінің құқықтық реттеу мәні, принциптерінің әдісі мен жүйесі болды. Осы салалардың ішінде табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар және табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар қалыптаса бастады. Мұндай бөліну "табиғат ресурстары құқығының" және "табиғат қорғау құқығының" дербес салаларын құруды жақтаған кейбір ғалымдар үшін себеп болды.

Бұл көзқарас әділ сынға ұшырады және көптеген ғалымдар оны әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес деп таныды. Тек уақыттың соңғы кезеңінде ғана табиғаттың жеке объектісіне емес, бүкіл табиғи ортаға бағытталған қатынастар қалыптаса бастады, мынаны пайымдауға мүмкіндік туды: бір саланың ауқымында барлық белгілі табиғат ресурстары саласын біріктірген құқықтың жаңа саласы (жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфералық ауа құқығы) — экологиялық құқық пайда болды.

Экологиялық құқықты реттеудің мәні табиғат болып табылады, ол өзара байланысты табиғи ресурстардың кешені болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз: экологиялық құқық - бұл кешенді сала, бұл етене біріккен сала, бұл бірқатар дербес салаларды біріктіретін сала.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Экологиялық құқық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы.

2. Экологиялық құқықтың әдістері. Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары.

3. Экологиялық құқықтыңжүйесі: жалпы және арнайы бөлімдері.Экология-құқықтық институттар.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.

2. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

3.Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. Алматы, 2005.

4. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. - Тараз, 2003, 1-2 бөлімі.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 5687. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия