Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.





Табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық кажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану. Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін канағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру. Бұл табиғат пайдалану кезінде бірінші кезекте адамның экологиялық мүдделері және әрбір адамның өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы ескерілуге тиіс дегенді білдіреді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту.

Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.

Табиғат пайдаланушылар:

  • Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
  • бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап калатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығының мазмұны табиғат пайдаланушының кұқықтары мен міндеттері болады. Табиғат пайдаланушылардың: заңмен белгіленген шектерде қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалануға; өзінің шаруашылық және өзге де кызмет әдісін дербес таңдап алуға; жүзеге асырылуы экологиялық зиянды ықпалмен байланысты шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; шартты мерзімінен бұрын бұзуымен байланысты, сондай-ақ мемлекет қажетіне алып қоюмен байланысты ысырап пен залалды өтеуге құқығы бар.

Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады. Занда көрсетілген негіздер бойынша болмаса, ешкімді де табиғат пайдалану құқығынан айыруға немесе шектеуге болмайды. Табиғат пайдаланушылардың құқықтарынан басқа жалпы міндеттері де болады. Табиғат пайдаланушылар: табиғи ресурстарды нысаналы қызметіне және олардың берілу шарттарына сәйкес пайдалануға; шаруашылық және өзге қызметке белгіленген экологиялық нормативтерді және экологиялықталаптарды, қолданылып жүрген стандарттарды, техникалық шарттарды сақтауға; берілген табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаға нұқсан келтірмеуге және басқа да табиғат пайдаланушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге; қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды молайтуды ұтымды пайдалануға бағытталған шараларлы жүзеге асыруға міндетті.

Табиғат пайдалану құқығының объектілері ретінде табиғи ресурстар - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. қатысады. Табиғат объектілеріне карай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді: жер пайдалану құқығы; су пайдалану құқығы; орман пайдалану құқығы; жер қойнауын пайдалану құқығы; жануарлар дүниесін пайдалану құқығы; атмосфералық ауаны пайдалану немесеатмсфералықауаныластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.

Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі. Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жұрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.

Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанааттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады. Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақгы абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақгарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы және жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқүлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман - жеміс, орман-тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеулер қойылуы мүмкін. Алайда, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жабайы өскен өсімдіктер мен саңырауқұлақгардың түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер мен табиғи құрамында есірткі бар шикізатты жинау мен дайындауға, Қазақастан Республикасының арнайы заңымен анықталған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Орманға келген жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаш пен бұталардың сынуына немесе кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, орманды ластауға, құмырысқа илеуін, құстардың ұяларын зақымдауға жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрілік шикізатты оларды молайтуға нұқсан келтірмейтін мерзімдерде және әдістермен жинауды жүргізуге міндетті.

Азамат үшін ортақ су пайдалану құқығы оның туған сәтінен пайда болады және қандай жағдайда да ол иеліктен шығарылмауы мүмкін. Су кодексінің 65-бабына сәйкес ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерін жергілікті өкілді органдар белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астана). Сөйтіп, ортақтабиғат пайдалану құқығы өздерінің мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты болады және жалпы қол жететін құқық болып табылады. Бұл орайда, ортақ табиғат пайдалануды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат талап етілмейді. Табиғатты арнайы пайдалану — қоғамның, заңды және жеке тұлғалардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді. Суды, жер қойнауын, жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды арнайы пайдалану болады.

Табиғатты арнайы пайдалану құқығы:

  • тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша пайдалану (белгілі бір мерзімін көрсете отырып);
  • иеліктен айырып пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілуі мүмкін) немесе иеліктен айырмай пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілмеуі мүмкін);
  • ақысын төлеп немесе өтеусіз алып пайдалану;
  • бастапқы пайдалану (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не осы құқыққа иеліктен айыру тәртібінде басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан алған) немесе қайталама пайдалану уақытша табиғат пайдалану құқығы бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған, өзінде осы мәртебені сақтап қалатын) болуы мүмкін.

Су Кодексінің 66-бабына сәйкес халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық - тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті объектілеріне ағызу үшін кұрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгіленген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады. Арнайы су пайдалануға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті береді.

Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортасынан алу арқылы пайдалану жатады. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға: аңшылық және балық шаруашылығын жүргізукезіңде- биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жопарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру кезеңіне қарай он жылдан қырықтоғыз жылға дейінгі; қалған түрлеріне — бір жылдан аспайтын мерзімдер белгіленеді.

Табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздер бойынша және өзінің ерекшелігіне карай тоқтатылады. Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады: табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тарту; заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы; табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі; табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау; табиғи ресурсты мақсатына қарай пайдаланбау; табиғат қорғау заңының бұзылуы; мемлекеттің немесе қоғамның мұқтаждары үшін табиғи ресурсты алып қою.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері.

2. Табиғат пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.

3. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру негіздері.Табиғат пайдалану құқығын қорғау.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.

 

Тақырып. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары

Дәріс сабағының мақсаты:Дәріс сабағында экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі, құзыреті, экологиялық бақылау және экологиялық нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі қарастырылады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 7217. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия