Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі.





Заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан экологиялық заңнаманы сақтаудың маңызды шарты табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны ұтымды пайдалану туралы нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жауапкершіліктің мемлекеттік араларын белгілеу болып табылады. Бұл салада заңсыз аң аулау мен су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің елеулі саны байқалады. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша экологиялық заңды бұзғаны үшін жыл сайын кінәлі адамдардан экологиялық айыппұлдар мен төлемдер ретінде 600 млн. астам теңге алынады. Сонымен бірге, жауапкершілік шараларын қолдану тиімді болмай отыр. Бұл экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік институты теориясы әзірленуі деңгейінің жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі. Осы саладағы жауапкершілік шараларын қолдану, жауапкершілік институты жалпы белгілерінің көп болуымен қатар, ол осы заманғы құқық теориясының нормаларымен реттеле тұрса да, оның өзінің өзгеше сәттері де бар. Олар экологиялық құқықтың айрықшылығымен оның құқықты, оның құрамдас элементтерінің саласы, экологиялық құқық бұзушылықтарының ұғымы мен реттеу әдістерінің объектісі ретіндегі сипаттамасынан туындап отыр. Жауапкершіліктің экологиялық-құқықтық институтын ғылым мейлінше жеткілікті зерттелген, бірақ Қазақстан Республикасы дамуының қазіргі кезеңінде қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа кодекстер мен заңдардың қабылдануымен ол қосымша зерттеуді қажет етеді. Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: ол құқықтық реттеудің дербес объектісімен кіші салаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы ретінде сипатталады. Бұл экологиялық заңнаманы реттеудің жалпы объектісінің ерекшелігімен байланысты болады, ол табиғат болып табылады.

Адамды қоршаған табиғат ортасы өзінің құрамдас бөліктерін — жерді, суды, орманды, жер қойнауын, жануарлар дүниесі мең атмосфералық ауаны біріктіретін кешен болып табылады. Осыдан да экологиялық жауапкершілік шараларын реттейтін нормалар да ерекше сипатқа ие болады. Табиғат объектісі туралы әрбір кодексте жер, су, орман, тау-кен заңнамаларын және т.б. бұзғаныүшін жауапкершілік көзделген. Жауапкершіліктің осы шараларын қолданатын мемлекеттік органдар да бар. Бұл арада да табиғат объектілері бойынша саралау болады.

Табиғаттың жекелеген объектілер үшін жауапкершілік мәселелері бір нормативтік актіге топтастырылған. Сөйтіп, табиғаттың жеке объектісін пайдалануды қорғаудың нормалары мен ережелерін бұзу барлық табиғат кешенін бұзу деп танылады. Бұдан мынаны аңғарған жөн. Экологиялық — құқықтық жауапкершілік— бұл нормалардың екі тобын және оларға тиісті құқық қатынастарын көздейтін құқық институтының кешенді салықаралық институты: табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын; құқықты бұзғаны үшін санкцияларды (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.с.с.) қолданумен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары. Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жаупкершілігінің шараларын қолдана отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық жауапкершіліктің табиғатын ашады.

Б. В. Ерофеев мынаны атап көрсетеді: заңдық және экологиялық- құқықтық жауапкерілік "болмысын" үш әралуан, бірақ өзара байланысты мәнінде карастырған жөн: 1) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік - мемлекеттік мәжбүрлеу және заңмен жазылған талаптарды орындау; 2) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік - құқық қатынасы, ол өзінің органдары атынан мемлекет пен құқық бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асады, ол қолайсыз әрекеті үшін құқықтық санкцияларға ұшырайды; 3) заңдық және экологиялық-құқықтық жауапкершілік - мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін заңдық нормалардың жиынтығы болып табылды. Осы мәндердің әрқайсысының теориялық, ұйымдық және құрылымдық сипаты бар.

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін зандық жауапкершілік белгілі бір мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі: құқық нормаларын сақтауға, экологиялық-құқықтық нұсқамалықтарды орындауға ынталандыратын; қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына келтіру; жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту; экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын жазалау міндеттерін орындайды. Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы тұжырымдауға болады: экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік институты —кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін зандық жауапкершілік таңдауының негізі экологиялық құқық бұзушылықты жасау болып табылады, одан экологиялық құқықтың нормаларын реттеуді бұзатын құқыкқа қарсы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекетке, табиғат пайдаланушыға және қоршаған ортаға зиян келтіретін, ал осы арқылы адамның денсаулығына да, не осындай зиян келтірудің нақты мазмұны болатын қоғамдық қатынастар түсініледі. Бұл анықтамадан мынаны аңғаруға болады: экологиялық құқық бұзушылық бұл табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды бұзатын құқыққа қарсы әрекет.

Экологиялық құқық бұзушылық субъектілері азаматтар, лауазымды адамдар, кәсіпорын, мекеме, ұйым болып табылады. Бұл орайда жеке тұлғаларға шетелдік азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады, өйткені олар да табиғат пайдалану жөніндегі құқықтық қатынастарына қатысуы және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болуы мүмкін. Табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы жеке тұлғалардың жауапкершілігі 16 жасқа толған кезде басталады. Экологиялық құқық бұзушылық объектісі қылмыстық ниеттің неге бағытталғанын сипаттайды. Экологиялық құқық бұзушылықтың жалпы объектісі табиғат және оның құрамындағы элементтер болады, олар экологиялық құқық қатынастарының кіші объектілерінде топыраққа, суға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне т.б. бөлінеді. Мынаны атап көрсету керек: экологиялық заңнамамен өз болмысында табиғат объектісі емес объектісі болатын құқық бұзулары, мысалға айтсақ, табиғи ресурстардың меншік иесі ретінде мемлекеттің заңдылық күші көзделген.

Экологиялық жауапкершілік шараларын қолдану үшін экологиялық құқық бұзушылықтың барлық белгілерінің және барлық элементтерінің болуы қажет. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға: жер құқық бұзушылығы; су құқық бұзушылығы; орман құқық бұзушылығы; тау-кен құқық бұзушылығы; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары); ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді. Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әрқайсысына жер, су, орман және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады, олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі. Бұл ретте, экологиялық құқық бұзушылықтың бір - бірінен өзгеше ерекшеліктері болады, олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады. Қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай экологиялық құқық бұзушылық экологиялық қылмыстарға бөлінеді, олар үшін қылмыстық жауапкершілік және терісқылық үшін әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік көзделген. Басқа құқық бұзушылықтардан өзгеше экологиялық құқық бұзушылықтың ерекшелігі табиғатқа келтірілетін зиян фактісінің болуы не оның басталуының нақты қаупі болып табылады.

Экологиялық зиянды объектілер бойынша қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиян деп топтастыруға болады. Қоршаған табиғат ортасына келтірілген зиян мына жағдайларда: табиғат ортасының қоршаған ортасының ластануы кезінде; қоршаған табиғат ортасының былғанып қалуы кезінде; табиғи ресурстардың таусылуы кезінде; табиғат объектілерінің жойылуы, бұзылуы, зақымдануы кезінде; экологиялық байланыстардың бұзылуы, табиғи ортадағы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы кезінде пайда болады.

Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтірілген зиянды экономикалық зиян және антропогендік зиян деп бөлуге болады. Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың — жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің мүліктік құқықтары мен мүдделеріне қол сұғады. Ол мыналардан: табиғаттың тауарлы өнімінің ысырабынан; мүліктің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің астық түсімінің бұзылуынан, жоғалуынан; пайдаланылмаған шығындардан, айырылып калған пайдадан; табиғат ортасының бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған шығыстардан көрінеді. Антропогендік зиян - бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам денсаулығына зиян. Сөйтіп, экологиялық құқықтың теориясында зиянды табиғаттың экологиялық және экономикалық зиянына бөліп топтастыруы бар. Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың мүліктік мүдделерін қозғайды және материалдық көрінісін білдіреді. Мұңдай зиянды қалпына келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне сәйкес жүргізіледі. Экологиялық зиян табиғаттың өзінің жай-күйін қозғайды. Ол материалдық көрінісін білдірмейді, өйткені табиғат пен табиғат объектілері өз болмысында құны болмайды. Экологиялық зиянды қалпына келтіру ақша каражаттары арқылы емес, керісінше табиғи объектіні заттай қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу арқылы мүмкін болады. Екінші жағынан табиғаттың өзіне зиян келтіре алмайды. Экологиялық қатынастар тек табиғатты қорғау тұрғысында ғана емес, сонымен бірге оны пайдалану мәселелері бойынша да туындайды. Демек, мемлекеттің рүқсатымен табиғат пайдалануды жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделері де экологиялық құқықтың нормаларымен қорғалуға тиіс. Сондықтан экологиялық құқықтың бұзылуынан келтірілетін зиян табиғи ресурстарының меншік иесі ретінде табиғат пайдаланушыларының мүдделері мен мемлекетке келтірілуі мүмкін. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болды. Қоғамдық қауіптілік деңгейіне, субъектілер мен объектілерге, басқа да белгілеріне қарай экологиялық заңды бұзғаны үшін зандық жауапкершілік түрлерге бөлінеді, оларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық, әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке жауапты болады. ҚР ҚК-нің 11 тарауына - "Экологиялық қылмыстарға" мына баптар: шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы; ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы; микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттар жүмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы; ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы; суларды ластау, бітеу және сарқу; атмосфераны ластау; теңіз аясын ластау; Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы; жерді бүлдіру; жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу; су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу; заңсыз аңшылық; жанаурлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу; жанаурлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер; ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу; ормандарды жою немесе зақымдау; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы; экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау. Қылмыстар құрамына сөзсіз жатқызуға болатын қылмыстар түрі ҚР ҚК-нің басқа тарауларына кіргізілген. Оларға: экоцит; атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу; радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу ережелерін бұзу.

Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған кінәлі адамға қолдануды көздейді. Экологиялық қылмыстар объектісі табиғат объектілері мен ресурстарының сапасы, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі, адам денсаулығы болып табылады. Экологиялық қылмыстардың мәні тұтастай алғанда немесе нақты табиғи ресурстардың сапасы, немесе қоршаған орта болады. Сондықтан экологиялық қылмыстарды топтастыруға болады. Объектісі қоршаған орта болатын қылмыстар. Мұнда экоцид үшін жауапкершілікті реттейтін бапты ерекше атауға болады, одан қоршаған орта үшін және адамның өзінің тіршілік етуі үшін қайталанбас зардаптарға жеткізетін табиғат ортасына қылмыстық (зиянкестік) ықпал түсініледі. Объектісі жекелеген табиғи ресурстар — жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа болатын қылмыс. Объективтік жағынан экологиялық қылмыстар әрекет нысанында, сондай-ақ әрекетсіздік нысанында көрінуі мүмкін. Субъективтік жағынан жанама ниет және абайсыздық нысанында білдіріледі. Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік табиғатты қорғау саласындағы аса кең таралған түрлері болып табылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіз әкімшілік терісқылық жасау болып табылады. Қолданыстағы заңнама бойынша ҚР-ның "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес мынадай әкімшілік жазалары көзделген: ескерту жасау; әкімшілік айыппұл салу; әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою; әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу; белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру; түзеу жұмыстары; әкімшілік қамау.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекеттік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың өздерінің еңбек міндеттемелері мен қызметінен туындайтын табиғат қорғау заңын бұзуға, қызмет жағдайын, қоршаған табиғат ортасын және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі жоспарлар мен шараларды орындамауда кінәлі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары еңбек, өндірістік және технологиялық тәртіпті реттейтін ҚР Еңбек кодексіне, ережелеріне, жарғыларға, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне және басқа да нормативтік акілерге сәйкес тәртіпті жауапты болады. Тәртіптік жазаны кәсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен ресімделеді.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу ерікті түрде не соттың шешімі бойынша нұқсанды есептеудің бекітілген кесімді бағасы мен зиян мөлшерін есептеу әдістемесі бойынша, ал олар болмаған жағдайда, келтірілген залалдарды ескере отырып, қоршаған ортаның бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығыңдар бойьшша жүргізіледі. Бұл норма ҚР-ның Азаматтық кодексінің 934-бабына негізделген, оған сәйкес зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты адамды келтірген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегі мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлінген затты жөндеуге және т.б.) міндеттейді. Табиғат объектілеріне қатысты бастапқыда заттай түрдагі зиян мәселесі шешіледі. Ал егер оны өтеу мүмкіндігі болса (қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, су көзін тазарту, орман отырғызуды жүргізу), онда кінәлі адам осыны істеуге міндетті. Егер мұны істеу мүмкін болмаса, сондай-ақ табиғат объектілерінің құндық мәні болмаса, залалдарды есептеудің жалпыға бірдей қабылданған ережелері тиімді болмайды. Бұл жағдайларда нүқсанның мөлшерлері есептеудің арнайы әзірленген не мемлекеттік органдар бекіткен кесімді баға қолданылады. Кесімді баға дегеннен тауарлардың күні бұрын белгіленген бағалау кесімі немесе қандайда бір төлемақы нормасы ұғынылады. Экология саласында жиі ретте кесімді баға әдісі — залалдарды есептеудің бірден-бір ықтимал нұсқасы. Бұл арада кесімді баға қайсыбір түрдің заңсыз өндірілген өнімінің әрбір данасы үшін өтеудің мөлшерін нақты сомасында анықтайды. Бұл сомаға табиғат объектісінің заңсыз өндірілуімен немесе жойылуымен байланысты теріс салдарларының: алынбаған өнімнің (ағаштың, аң терісінің, еттің және т.б.), табиғат объектілерін жақсарту үшін салынған шығындардың, объектінің бұрынғы жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған шығыстардың және т.б. құны жатады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілгін зиян зардап шегушінің еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, оны емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды, науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалдарды ескере отырып толық көлемінде өтелуге тиіс. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянның шамасын анықтау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, ал зиянды өтеу сот шешімі негізінде жүргізіледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс. Бұл арада экологиялық, еңбек және азаматтық құқықтың ұштасып жатқанын байқау қиынға соқпайды. Азаматтардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жәбірленушінің, оның жақын туған-туысқандарының, заңды өкілдерінің, кәсіподақ органдары мен прокурордың талап қоюы бойынша сот шешімі негізінде жүргізіледі.

Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың қызметі қоршаған табиғи орта үшін жоғары қауіптілік көзімен байланысты болған жағдайларда, оларға азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, заңды тұлғаларға, халық шаруашылығына және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зияңды өтеу міндеті жүктеледі. Жоғары қауіптілік көзіне осы қызметті жүзеге асыру, оған толық бақылау, сондай-ақ осындай қасиеттерге ие болатын өндірістік, шаруашылық немесе өзге де мақсаттағы басқа да объектілердің заттарын пайдалану, тасымалдау, сақтау қызметінің мүмкін болмауынан зиян келтірудің жоғары ықтималдығын туғызатын кез келген қызметті тану жатады. Экологиялық құқықтың елеулі жаңалығы қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару, экономикалық әдістерге және оның тұтқаларына нормативтік мәртебе беру ісінде экономикалық тетікті пайдалану болып табылады.

Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне: Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық; қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар; экологиялық қылмыстар жатады. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды экологиялық кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті. Мыналардың: табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің; табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың; қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың; қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі осы Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі. Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жіктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және келісім жасасу жолымен жүргізіледі. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді. Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері арасындағы экологиялық даулар келіссөздер арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не тараптардың бұрын келісілген дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Экологиялық зандарды бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері.

2. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі.

3. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін басқа экологиялық жауапкершіліктің түрлері.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

3. Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. - Алматы, 1993.

4. Косанов Ж.Х. Право собственности и иныевещные права на землю. Алматы, 2001.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3983. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия