Студопедия — Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.






Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негiздеме болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар: жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану; кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердің үстіңгі қабатын сақтау; жердің техногендiк шөлейттенуiн болғызбау; барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану; жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтау; қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердің аумағын азайту; топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау; сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау; жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану; бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану; бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою; мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады. Нормативтiк көрсеткiшке дейiн тазартылмаған сарқынды суды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбалармен бiрге шыққан суды қайтадан айдау, сондай-ақ мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндiруге арналған технологиялық ерiтiндiлердi жер қойнауына айдау сарқынды суды ағызу болып табылмайды. Жер қойнауын пайдаланушы:жұмыстарды жүргізудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға; жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс; дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс; құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады; уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс; пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға; 2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге; 3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi. Мыналарға: 1) құрылыс салуға бүлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға; 2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге; 3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға; 4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге; 5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшін пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға; 6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға; 7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi. Жер қойнауының мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығымен және 1997 жылға 27 қаңтардағы N 106 Қазақстан Республикасының жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы Ережемен реттеледі. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі — жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды және олардың өзгерулерін анықтау, келеңсіз процестердің салдарларын бағалауды, алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін жер қойнауы жай-күйін байқау жүйесі. Жер қойнауы мониторингінің объектісін, оның субъектілерін, жер қойнауы мониторингінің мақсаттары мен міндеттерін, түрлерін, мазмұнын, жүйесі мен әдістерін ашатын ережелерін басшылыққа ала отырып, жер қойнауы мониторингінің не екенін қарастырайық. Жер қойнауы мониторингінің объектісі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және онда болып жатқан процестер болып табылады. Егер мониторинг объектісінің анықтамасына неғұрлым егжей-тегжейлі келетін болсақ, онда оларға таулы аудандарын, мұнайлы-газды провинцияларды, жер асты суларының бассейіндерін, пайдалы казындылар кеніштерін, оның ішінде жер асты суларын, сулы кешендер мен горизонттарды, су өтпейтін қалың қабаттарды, өздерінде геологиялық процестер жүріп жататын геологиялық денелерді (карст, суффозия, эрозия және т.б.) геофизикалық, сейсмикалық гравитациялық және басқа аландарды, жер қойнауын пайдалану учаскелерін және жер қойнауының ластануын, тау-кені шығарылып жатқан жерді және судың бас сағасын және басқаларын қоса алғаңда, табиғи және табиғи-техногендік жүйелер жатады. Мемлекеттік мониторингті Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық шикізат министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Жер қойнауының жай-күйі мен жер қойнауын пайдалану туралы материалдарға ие болатын өзге де министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқарушы органдар заңды және жеке тұлғалар оларды Геология және жер қойнауын қорғау комитетіне беруге міндетті болады. Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүйесінде жер қойнауының мемлекеттік мониторинг қызметі ұйымдастырылады. Оған байқаулар қызметі мен республикалық, аумақтық деңгейлердегі ақпараттық-талдау орталықтары жатады. Жер қойнауының мемлекеттік мониторинг қызметіне белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, олар Қазақстан Республикасының жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы Ереженің 4-бөлімінде сипатталған. Атап айтқаңда, жер қойнауы мемлекеттік мониторингі қызметін басқарудың мемлекеттік органдарынан, қызметтері жер қойнауын пайдаланумен немесе жер қойнауына өзге де ықпалмен байланысты заңды және жеке тұлғалардан жер қойнауы мен жер койнауын пайдаланудың жай-күйі туралы ақпаратты талап етуге; жер қойнауын пайдаланушылардың мониторинггі жүргізуіне әдістемелік басшылық пен бақылауды және өзге де құқықтарды, сондай-ақ жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін ұдайы байқауларын жургізу сияқты міндеттерін, өзгерістерді жинақтауды, оларға талдау жасау мен болжауды жүзеге асыруға құқығы бар. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің мақсаты жер асты суларын, сондай-ақ жер қойнауын басқаруды және жер қойнауын қорғауды қоса алғанда, жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің негізгі міндетгері:жер қойнауының жай-күйін байқау; жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін бағалау; жер қойнауы жай-күйінің өзгеруі болжауларын жасау; жер қойнауы жай-күйі өзгеруінің келеңсіз салдарларын болдырмау, бәсеңдету немесе жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйі, оларға келеңсіз ықпал ететін факторлар, сондай-ақ жер қойнауы жай-күйінің өзгеруімен байланысты ықтимал төтенше жағдайлар туралы ақпарат беру; жер қойнауына зиянды ықпал етуді болдырмау, сондай-ақ жер қойнауын экологиялық сауықтыру және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралардың тиімділігін бақылау мен бағалау. Аумақтық басқару саласына, зерделеу қызметіне қарай жер қойнауының мемлекеттік мониторингі мынадай түрлерге бөлінеді:

· Жергілікті мониторинг,оған жер пайдалану учаскелері, пайдалы қазындылар кенішін барлау (карьерлер, шахталар, ұңғымалар,
бас саға құрылыстары, көмбе полигондары, су деңгейін төмендететін
қондырғылар және басқалары), жер қойнауын ластайтын учаскелер, кентті аумақтар, алаптар және басқалары жатады.

· Өңірлік мониторинг,ол геолоюгиялық-құрылымдық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекшеліктерін, әкімшілік, экономикалық, экологиялық және басқа да шекараларын, табиғи кешенін және жер қойнауының жай-күйіне ықпал ететін техногендік факторларды ескере отырып, жеке табиғат жүйелерінің аумағында жүргізіледі.

· Республикалық мониторинг,ол шельфті қоса алғанда, жалпы
мемлекеттік маңызы бар ірі өңірлерді бөліп көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі.

Жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің мазмұны мыналар болады: жер қойнауының және оның компоненттерінің жай-күйін, онда болып жатқан процестерді ұдайы байқау; талдау деректерін алу, жинақтау және жер қойнауларында табиғи және техногендік факторлардың ықпалымен болатын өзгерістерді анықтау; оларды ұтымды пайдалану мен қорғау, техногендік факторларының теріс ықпалын төмендету және басқалары жөніндегі, пайдалы казындылар кеніштерін өңдеу тәсілдерін тандауды қоса алғанда, шараларын әзірлеу мақсатында жер қойнауы жай-күйі өзгеруінің болжауы; жер қойнауына жол берілетін шекті техногендік күш түсуін анықтау; жер қойнауын қорғау құралдары мен инженерлік құрылыстарды негіздеу. Сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша сипатталатын жер қойнауының және онда болып жататын процестердің жай-күйі (жер асты суларының деңгейі, температурасы, химиялық және аз құрамы, гранулометрикалық құрамы, кеуектік, тығыздық, су өткізгіштік және баскалары). Тұтастай алғанда көрсеткіштер құрамы, байқаулардың жиілігі мен көлемі әдістемелік нұсқалармен және ұсынымдармен анықталады және жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жобалау процесінде орнығады.

Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі байқаулардың жүйесі болып табылатындықтан, онда жер қойнауы мониторингінің белгілі бір қосымша жүйелерінің болуын да атап көрсеткен жөн. Жер қойнауы мониторингінің жүйесіне мына қосымша құрылымдар жатады: аэрация аймағын қоса алғанда, тау жыныстары ластануының мемлекеттік мониторингі; қатты пайдалы қазындылардың, мұнай мен газдың мемлекеттік мониторингі; жер асты суларының мемлекеттік мониторингі; экзогендік және эндогендік процестерді қоса алғанда, қауіпті процестердің мемлекеттік мониторингі; зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің, сарқынды сулардың жер қойнауына, жер асты құрылыстарына тастандылары полигондарының мемлекеттік мониторингі; жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік мониторингі.

Мемлекеттік мониторингінің жүйесінде жер қойнауы жер пайдаланудың жай-күйі туралы деректердің мемлекеттік ақпараттық банкі құрылады. Жер қойнауы мониторингін жүргізу үшін байқау желісі жасалады, оған байқаулардың мемлекеттік желісі, ведомстволық жеке желілер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың желілері жатады. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингі туралы Ережеде байқау желілерінің әрбір түрінің кейбір ерекшеліктері, атап айтқанда мыналар ашып көрсетіледі:

· мемлекеттік байқау желілерінің мына түрлері анықталады:

> жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, техногендік өзгерістерді бағалау кезінде үлгілік өлшеуіш ретінде жер қойнауының табиғи жай-күйін зерттеуге арналған ортаның желісі;

> жер қойнауының өңірлік ерекшеліктерін, оның ішінде жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді, олардың техногендік ықпалымен табиғи ауытқулары мен келеңсіз көріністерін зерттеуге арналған өңірлік желі;

> аса күрделі гадрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және тау-кен жағдайлары бар учаскелерде оларға техногендік факторлардың жиынтық ықпалы кезінде маңызды және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жер қойнауы жай-күйінің техногендік өзгерістерін егжей-тегжейлі зерттеуге арналған жергілікті желі.

Ведомстволық байқау желісіне, жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, осы ведомствоның міндеттерін шешу кезінде жер қойнауы жай-күйін зерттеуге арналған байқау пункттері жатады. Жеке байқау желісі жер қойнауын пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыға) жер, геологиялық және тау-кен жерлерін бөлу шегінде жер қойнауын пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыға) лицензиялық келісім шарттар талаптарына сәйкес құрылады және жер қойнауы жай-күйінің, оның ішінде жер асты суларының жай-күйінің техногендік өзгерістерін, және қауіпті геологиялық процестердің дамуын жедел анықтау мен зерттеуге арналған. Жергілікті атқарушы органдардың байқау желісі құрылыстардың жер асты коммуникацияларының және басқа да инженерлік құрылыстардың ықпалымен жер қойнауы өзгерістерін анықтау мен зерттеу үшін қалалардың және басқа да аумақтардың шектерінде құрылады.

Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүргізу үшін байқаулардың қашықтық аэроғарыштық (аэрогеологиялық және басқа да), жер үсті тұрақты және жылжымалы құралдары мен әдістері, суретке түсіру (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және басқа да), радиогидролиталық-химиялық, арнайы гамма-спектрометриялық және басқа да геоэкологиялық зерттеулер, барлау жұмыстары, сондай-ақ ортаның геологиялық материалдары, байқаулардың ведомстволық, жеке және өзге де желілердегі байқаулар нәтижелері пайдаланылады. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің картографиялық базасы топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және өзге арнаулы карталар болып табылады.

Жер қойнауы кадастрын жүргізуді ұйымдастырудың бірнеше түрі бар. Бұл кеніштердің кадастры, зиянды қалдықтар көмбесінің кадастры, техногендік минералдық түзілістердің кадастры. Кадастрлардың осы түрлерінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығының 59, 60, 61-баптарында берілген. Осы баптарға сәйкес кеніштер мен пайдалы қазындылардың пайда болуының кадастрына негізгі және сонымен бірге жатқан пайдалы қазындылардың, оның құрамындағы компоненттердің саны мен сапасын сипаттайтын әрбір кеніш бойынша мәліметтер кеніштерді игерудің кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да шарттары мен оның геологиялық-экономикалық бағалануы, сондай-ақ пайдалы қазындылардың пайда болуының анықталуы бойынша мәліметтер жатады. Зиянды заттар көмбелерінің, радиоактивті қалдықтар мен жер қойнауына сарқынды су тастандыларының мемлекеттік кадастры құрамында көмілген заттардың және сарқынды суларының тастандыларының сандық және сапалық көрсеткіштерін, көмбелер мен қашыртқы сулардың кен-техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Техногендік минералдық түзілістердің мемлекеттік кадастрының құрамында сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, кен-техникалық, экологиялық шарттарын көрсете отырып, техногендік минералдық түзілістердің үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Мемлекеттік кадастрдың бұл түрлерін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүргізеді.

ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі — "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу", өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және үстеме пайда салығын; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:
бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді. Жер қойнауын пайдаланушылар екі үлгіге бөлінеді: — бірінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, кодексте белгіленген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ осы кодексте көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға: экспортқа өткізілетін шикі мұнай, газ конденсатына ренталық салық; роялти; шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайдаға салынатын салық; жер салығы; мүлік салығы қосылмайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Пайдалы қазбаларды есепке алу, оларды жіктеу. Пайдалы қазбалардың кен орындарының мемлекеттік кадастры.

2. Жер койнауын пайдалану және қорғауға байланысты дауларды шешу тәртібі.

3. Жер қойнауына, жер қойнауы пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу.

4. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. «Жер қойнауы және жер пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,№ 2828. 27 қаңтар 1996 ж.

3. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

4. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2928. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия