Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.





Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады. Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс. Жабайы жануарлардың санын реттеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады: жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану; жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру; жануарларды аулаудың белгіленген ережелерін, нормаларын, лимиттері мен мерзімдерін сақтау; бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру; жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жалпы мемлекеттік, өңірлік, республикалық және басқа да аумақтық экологиялық бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау; жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану. Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді. Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.

2. Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді қүқықтық реттеу.

3. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі.

4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жәнепайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшінжауаптылық.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. ҚР Жануарлар әлемі қорғау, қайта өндіріс жәнеқолдану туралы заңы.

№ 593. 9 шілде 2004 ж.

3. ҚР жануарлар әлемін қорғау, қайта жаңғырту және пайдалану туралы заңы. 21.10.1993ж.

4. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2838. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия