Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама.





Су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады. Су айдындары, мұздықтар, батпақтар, мемлекетаралық және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорының жерi, сондай-ақ осы құрылыстардың су қорғау белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер мемлекет меншiгiнде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органының ұсынысымен өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар, iшкi сулар, мұздықтар, батпақтар жағалауынан, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары жанынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер учаскелерiн бөледi. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiне енгiзiлген жер учаскелерiн пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкілетті органымен келiсiм бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттерi үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беруi мүмкiн. Су қорының жерiн пайдалану жер кодексімен және Қазақстан Республикасының су заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектiлерiн пайдалану құқығын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша табыстайды. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi: қысқа мерзiмдi пайдалану; ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: мемлекетаралық; мемлекеттiк; бассейндiк; аумақтық. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкін. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады. Су объектiлерi: жер үстi су объектiлерi; жер асты су объектiлерi; Қазақстан Республикасының теңiз сулары; трансшекаралық сулар болып бөлiнедi. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi: ортақ пайдаланудағы су объектiлерi; бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi; оқшау пайдаланудағы су объектiлерi; асты су объектiлерi. Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады: су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi; жер асты суларының бассейнi; жер асты сулары орындары мен учаскелерi; жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; жер қойнауының суландырылған учаскелерi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау; тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; бассейндiк басқару; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi: экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау; су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау; су тұтыну, су беру және су қорғау технологияларын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу; қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшін оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру; жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу; ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу; экологиялық талаптар мен шектеулердi жоспарлау және сақтау; су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау; мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару; су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту; трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi: халықтың ауыз су мен тұрмыстық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету; сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады. Су қорын пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк жоспарлау үшін су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады: су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы; жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган; өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган; ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттiк орган; фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы: су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын; трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын; су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын; су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын; су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын; жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген лицензияларды және рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі iс-шараларды орындауын; су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын; су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын; белгiленген тәртіппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн; су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн; суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөніндегі iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкілетті органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган және жергiлiктi атқарушы органдар: өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады; су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады; су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды; су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады; су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртіппен ұсыныстар енгiзедi. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарында және су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi. Cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар мыналар болып табылады: су объектiлерiн өз бетiнше басып алу, өз бетiнше су пайдалану, су пайдалану құқығын қайта табыстау, лимиттердi бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды өз бетiнше жүргiзу, су объектiлерiнен өндiрiлген немесе бұлiнген жер асты және жер үстi суларын қырсыздықпен пайдалану, су қорғау және су шаруашылығы белгiлерiн жою; жер үстi және жер асты суларының, ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң ластануы, қоқыстануы және сарқылуы, су жиналымдарында олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстарды туғызатын су қорғау режимiнiң бұзылуы; судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстары мен қондырғылары жоқ кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру; судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғауды, сондай-ақ су режимiнiң жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитарлық және басқа да iс-шаралардың жүргiзiлмеуi; су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларының, сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiнiң зақымдануы; су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларын пайдалану ережелерiнiң бұзылуы; өзендердің және басқа да су айдындарының жай-күйiне әсер ететiн ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi өз бетiнше салу; өз бетiнше су ұңғымасын бұрғылау және жер асты суларының су тарту тоғандарын салу; сулардың және оларды пайдаланудың бастапқы есебiн жүргiзу ережесiнiң бұзылуы; мемлекеттiк су кадастрының есебi мен есептiлiгi деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау; су ресурстарын оларды кешендi пайдалану, экология мен су бөлу мүдделерiнде реттеуге кедергi жасау. Қазақстан Республикасының заңдарында су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де заң бұзушылықтар үшін жауаптылық белгiленуi мүмкін. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi. Су қоры жерінің құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердің ластануы мен тозуына және тиiсiнше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшін уақытша жер пайдалануға беруi мүмкін. Су қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде: су объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне жатқызылған; елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол берiледi.
Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерінің санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi. Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттi. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Табиғи су объектiлерiн сарқынды суды ағызып жiберу үшін пайдалануға осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Қоршаған ортаға эмиссияға тиiстi экологиялық рұсат бар болған кезде сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне және жер қойнауына ағызып жiберуге жол берiледi. Бұл ретте, сарқынды суды жер үстi су объектiлерiне ағызып жiберуге - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты бойынша, сарқынды суды жер қойнауына ағызып жiберуге Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол берiледi. Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерiн болғызбайтын қажеттi шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейiн осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта өңделуiн жүзеге асыруға мiндеттi.
Табиғат пайдаланушы ластаушы заттардың сарқынды суда белгiленген шоғырлану нормативтерiн асыра немесе сарқынды судың құрамына экологиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды. Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суды ағызып жiберу тоқтатылуға тиiс. Ашық су айдынына ағызылатын су мөлдiр, бояусыз, иiссiз болуға, құрамында ауру тудыратын бактериялар және гигиеналық нормативтерден асатын шоғырлануларда адамның денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды заттар болмауға тиiс. Ағызылатын судың температурасы цельсий бойынша 30 градустан аспауға тиiс. Ағызылатын суда бетон мен металды бүлдiрiп-бұзатын заттар болмауға тиiс. Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейiне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегi су айдындарына ағызып жiберуге жол берiлмейдi.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу.

2. Су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық тетігі.

3. Су дауларын шешу тәртібі және су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. Қазақстан Республикасының Су кодексі № 481. 9 шілде 2003 ж.

3. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

4. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3772. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия