Тапсырмалар. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (Сложноподчиненные предложения с придаточными образа действия) Придаточные предложения образа действия показывают, как происходит действие в главном предложении. Отвечают на вопросы: қалай? қалайша? – как? каким образом? Сказуемое придаточного предложения образа действия выражается: а) деепричастием на –ып, -іп, -п; -а, -е, -й. Мысалы: 1. Асқар емтиханға жақсы дайындалып, жазғы сессияны сәтті тапсырды. 2. Дәрігер науқастың сөзін күтпей, өзі бастап кетті. ә) отрицательной формой болжалды келер шақ в шығыс септік. Мысалы: Науқас кірген бетте орындыққа отырмастан, сөзін түрегеп тұрып бастады. б) причастием с аффиксами –дай, -дей. Мысалы: Ештеңе болмағандай, енді ол суретті көрсетіп отыр.
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. 1. Науқас жатқан бөлмені тазалап,.... 2. Дәрігер науқасқа диагноз қойып,.... 3. Асанның дене қызуы кешке көтеріліп,.... 4. Әр адамның қаны қай топқа жататынын анықтап алмай,.... 5. Артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып,.... Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. (Сложноподчиненные предложения с придаточными уступительными) В придаточном уступительном предложении (қарсылықты бағыныңқы) придаточные имеют противоположное главному значение: действие главного предложения совершается как бы вопреки условиям, поставленным в придаточном предложении. Оно отвечает на вопросы қайткенмен? қайтсе де? не істесе де? не смотря не на что?. Сказуемые уступительного придаточного предложения образуется: а) условным наклонением с союзом да, де. Мысалы: Концерт кеш басталса да, өз уақытысында аяқталды. ә) причастием на -ған в көмектес септік. Мысалы: Күннің көзі жарқырап тұрғанмен, түстен кейін аяз болды. б) деепричастием со вспомогательным глаголом тұра. Мысалы: Денсаулығы нашар бола тұра, таңертең дене жаттығуын жасағанды жақсы көреді. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері 1– жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. І. 1. Науқас ауруханада үш ай емделсе де,.... 2. Қысқы емтихандарды ерте тапсырғанмен,.... 3. Дәрігерлер өз мамандығынжақсы білгенімен,.... 4. Бұл дәрі қымбат бола тұра,....
ІІ. 1...., конференцияға үлгере алмадық. 2...., ауруханада жатып емделмеді. 3...., біз аурухананың терапевт бөлімінде практикада жүрміз. 4...., ол сұрақтарға дұрыс жауап бермеді.
2 – жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 1. Хоть у Мурата и были много друзей, он на празднике никуда не ходил. 2. Хоть у меня и есть время, но я не пойду на гулянку. 3. Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахски. 4. Хоть я болею, но в поликлинику не хочу. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (Сложноподчиненное предложения с придаточными цели) Придаточные предложения цели указывают на цель того, о чем говорится в главном предложении, и отвечают на вопросы: неге? – зачем? не үшін – для чего? не мақсатпен? – с какой целью? Сказуемое придаточного предложения цели выражается: а) неопределенной формой глагола с послелогом үшін:Мысалы: 1. Біз институтқа тез жету үшін, автобусқа отырдық. – Чтобы быстрее дойти до института, мы сели на автобус. 2. Отандық табиғи дәрілерді көру үшін, №2 орталық дәріханаға бардық. Чтобы посмотреть отечественное лекарство, мы пошли №2 центральную аптеку. ә) повелительной формой глагола І, ІІ, ІІІ лица со вспомогательным глаголом деп:Мысалы: Қазақ тілін жақсы үйренсін деп, баласын арнайы курсқа жіберді. Чтобы хорошо выучить казахский язык, отправил сына на специальные курсы. б) причастием на –мақ;со вспомогательным глаголом в деепричастной форме на –ып. Мысалы: Сүйектердің аттарын оқымақ болып, Жандос анатомия кафедрасына барды. 1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. 1. Созылмалы аурулардың алдын алу үшін,.... 2. Науқастың қан қысымы көтерілмесін деп,.... 3. Дәрілік өсімдіктерден дәрі жасау үшін,.... 4. Қан аздықты болдырмау үшін,.... 5. Баласы аурудан тез жазылу үшін,.... 6. Дәріханадан дәрі алмақ болып,....
2 – жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің бағыныңқы мүшесін тауып, сөйлемді аяқтаңыз. 1 .... жедел жәрдем шақыру керек. 2.... аурудың себептерін дер кезінде анықтау керек. 3.... үнемі дәрігердің бақылауында болған жөн. 4.... бөлменің ауасын таза ұстау керек. 5.... курсқа барып жүрдік.
Жаңа сабақ; Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем (Сложноподчиненное предложения с придаточными условия) Условные придаточные предложения указывают на условия того, о чем говорится в главном предложении, и отвечают на вопросы қатсе? не қылса?қайткенде? – при каком условии? Сказуемое придаточного условного предложения выражается: а) глаголом условного наклонения: 1. Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың (С.Бақбергенов). 2. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді (М.Әуезов). 3. Ол асқазаны ауырса, терапевтке барады. ә) деепричастием отрицательной формы (-ма+й, -ме+й). Сын түзелмей, мін түзелмейді (мақал). 1 – жаттығу. Төменде берілген етістіктерді бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде пайдаланып, сөйлем құрастырыңыз. Төмендесе, жақсарса, қолдансаң, емдесек, өзгерсе, қабылдасам. “Мен бастаймын, сен аяқта” ойыны Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлемдер беріледі. Ол сөйлемдердің баяндауыштары белгісіз. Оны жалғастырып аяқтау керек. Мысалы: “Қазақстан – егемен мемлекет” деген тақырыпқа байланысты бірнеше баяндауышы жоқ сөйлемдер айтылады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін.... Қазақстан қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас.... Қазақстан – дүние жүзілік халықаралық.... т.б. Сіз білесіз бе? · ЖИТС пен құтыру әлемдегі ең қауіпті аурулар деп танылған. · Әлемде ең көп тараған инфекциялық емес ауру – перидонтит (тіс түбі қабығының қабынуы). · Жер шарында ең көп тараған жұқпалы ауру- тұмау (жіті назофарингит) немесе кәдімгі суық тию.
«ЖИТС-ғасыр дерті» деген тақырыпта слайд көрсету.
Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары 1-тапсырма. Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз Ғасыр дерті, ресми түрде, иммундық қызметінің әлсіреуі, тазартылмаған аспап, мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері, өлім қаупіне апару, дәріні жасау, жасушалардың зақымдануы, толық сауықтыру, жиі кездесу, дұрыс пайдаланбау, көкбауырдың ісінуі, эпидемиялық жолмен, қауіпті ауру. 3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. ЖИТС (СПИД) – ғасыр дерті ЖИТС – ХХ ғасырдың аяғында пайда болған қауіпті аурулардың бірі. Ол ғасыр дерті деп саналады. ЖИТС – деген сөз орысша “Синдром приобретенного иммунодефицита” деген сөздердің бас әріптерінен құралған. Ресми түрде бірінші рет ЖИТС ауруы туралы 1981 жылы көктемде АҚШ-та жарияланды. Кейін бұл ауру эпидемиялық жолмен Австрия, Африка, Батыс Европа елдеріне тараған. ЖИТС (жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) – иммундық қуатының әлсіреуіне соқтыратын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы - вирус. 1983 жылы ЖИТС вирусын француз ғалымы Монтанье және американдық ғалым Галлор зерттеп тапты. ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі лентивирустар бөлігіне жатады. ЖИТС қоздырғышы тек ауру адам арқылы немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады. Сондай-ақ ауру қан құйғанда тазартылмаған аспаптарды қолданудан, шприцтерді дұрыс пайдаланбаудан да жұғуы мүмкін. Науқас адам ағзасында вирус қанның лимфоциті мен түйірлері пайда болатын мүшелерде өсіп-өнеді. Аурудың алғашқы белгілері бірнеше күн немесе аптадан кейін пайда болуы мүмкін. Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың лимфа түйіндері ісініп, үлкеюі жиі кездеседі. Дене қызуы көтеріліп, бауыр, көкбауыр ісінеді, дене салмағы азаяды. 3-4 аптада лейкопения, антидене пайда болады. Аурудың жасырын кезеңі басталады. Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің қорғаныс қызметінің төмендеуіне әкеледі. ЖИТС вирусын өлтіре алатын дәріні Жапонияның «Мэйдзи Чюгио» компаниясы жасап шығарыпты. Бұл дәрі вирустың ағзада одан әрі көбеймеуіне мүмкіндік береді екен. Бірақ бұл да ЖИТС-тан толық сауықтырып жібере алмайды. Қазір ЖИТС әйелдер мен балалар арасында да жиі таралып барады. Бұл ауру ешкімнің жасына да, ұлтына да, түр-түсіне де қарамайтын, адам баласын өлім қаупіне апаратын ғасыр дертіне айналып отыр.
Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары 4-тапсырма. Мәтінді кесте арқылы меңгеру. Көп нүктенің орнына мәтін бойынша сөз тіркестері мен сөздерді қойып толықтырыңыз. - 1981 жылы көктемде................................. ЖИТС ауруы туралы АҚШ-та жарияланды. - С(жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы) иммундық қуатының............... жұқпалы ауру. - ЖИТС вирусы ретровирустар тобына, оның ішіндегі................... бөлігіне жатады. - ЖИТС қоздырғышы тек........................ немесе ВИЧ тасымалдаушысы арқылы жұғады. - Мойынның арты, бұғана үсті, қолтық асты, шаптың........................ ісініп, үлкеюі жиі кездеседі. - Иммунды жасушалардың зақымдануы иммундық жүйенің........................ төмендеуіне әкеледі. - Қазір ЖИТС........................................ арасында да жиі таралып барады. 5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 1. ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру? 2. ЖИТС ауруы ресми түрде қашан жарияланды? 3. ЖИТС ауруының қоздырғышы қалай жұғады? 4. ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады? 5. ЖИТС ауруының белгілері қандай? 6. Соңғы уақытта бұл ауруға қарсы қандай іс-шаралар қолданылуда?
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді мәтіндегі берілу ретімен нөмірлеңіз.
7-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз. 8-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.
Ойтүрткі. І. Бір бейтаныс адам сізге жыныс қатынасы арқылы ауру жұқтырып алғанын айтады. Сіз оған қандай кеңес бересіз?
ІІ. Көрші әйелдің баласы есірткіге тәуелді. Анасы баласынан әбден шаршап жүргенін айтады. Ол соңғы кездері баласының денесіне жара шығып, дене қызуының да жиі көтерілетінін байқайды. Содан анасы осы туралы сізбен ақылдасуды жөн көреді. Сіз не айтар едіңіз?
ІІІ. Сіздің бір досыңыз жұмысқа тұратын болып ЖИТС-ке анализ тасырады. Анализ нәтижесінде адамның иммундық тапшылық вирусы бар екенін айтады. Досыңыз ешкімге айтпауыңызды өтініп, кеңес сұрайды. Сіздің оған берер кеңесіңіз қандай болады?
ІV. Көптен бері көрмеген құрбыңыз тұрмысқа шығайын деп жүргенін және аяғы ауыр екенін айтады. Біраз сөйлесіп отырып, жақында дәрігерлік тексерістен өткенде АИТВ қоздырғышы бер екенін біледі? Енді не істесем екен деп сізден кеңес сұрайды?
|