Студопедия — Тапсырмалар. В казахском и русском языках в зависимости от цели высказывания предложения (сөйлемдер) делятся на хабарлы сөйлем (повествовательные)
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. В казахском и русском языках в зависимости от цели высказывания предложения (сөйлемдер) делятся на хабарлы сөйлем (повествовательные)






Жай сөйлем, түрлері

В казахском и русском языках в зависимости от цели высказывания предложения (сөйлемдер) делятся на хабарлы сөйлем (повествовательные), сұраулы сөйлем (вопросительные), бұйрықты сөйлем (побудительные), лепті сөйлем (восклицательные).

Хабарлы сөйлем (повествовательные). В повествовательном предложении высказывается сообщение (информация) о каком-либо факте, событии, явлении. На письме в конце повествовательных предложений, произносимых спокойным тоном, ставится точка (нүкте).Мысалы: Ауру ауруханаға келді. Ол дәрігерде отыр. В обоих языках повествовательные предложения могут быть простыми и сложными, утвердительными и отрицательными.

Сұраулы сөйлем (вопросительные) – содержат вопрос. В конце его ставится (сұрау белгісі) знак вопроса (?). Для выражения вопроса используются интонация и вопросительные слова кім? (кто?), не? (что?), қанша? (сколько?), қайдан? (откуда?), қашан? (когда?), неге? (почему?) и др. Эти слова в вопросительном предложении чаще всего стоят на первом месте (иногда в середине предложения). Мысалы: Ауруыңыз қашан басталды? Қандай дәрі іштіңіз?

Порядок слов в вопросительном предложении:

а) Если вопрос выражается вопросительной частицей (ма, ме, ба, бе, па, пе), то вопросительное слово с частицей ставится в конце предложения. Мысалы: Басыңыз ауыра ма? Ентігесіз бе?

ә) Если вопрос выражается вопросительным местоимением или вопросительным наречием, то вопросительное слово обычно ставится перед сказуемым. Мысалы: Асқазаныңыз қалай ауырады? Қашан зақымдап алдыңыз?

Сұраулы сөйлем образуются при помощи частиц ма, ме, ба, бе, па, пе. Мысалы: Жүрегіңіз айни ма? Беліңіз ауыра ма?

Лепті сөйлем (восклицательные) служат для выражения чувств, проявления эмоций (горя, радости, удивления, восхищения и т.д.). Мысалы: Туған күніңізбен құттықтаймын! (Поздравляю Вас с днем рождения!). Бейбітшілік жасасын! (Да здравствует мир!). Восклицательные предложения произносятся высоким тоном. Помимо этого, в восклицательных предложениях применяются и другие средства (междометия, эмоционально окрашенные слова, усилительные частицы). Мысалы: Ол қандай әділ, көреген, қандай кемеңгер адам! (Какой он справедливый, даль новидный, какой мудрый человек!)

Бұйрықты сөйлем (побудительные) выражают приказ, запрещение, просьбу. Мысалы: Отпен ойнамаңыз! (Не играйте с огнем!). Жүріңіз тезірек! (Идемте быстрее!). Тақтаға келіңіз! (Идите к доске!). Қойыңыз оны! (Бросьте его!). Побудительные предложения в казахском языке передаются глаголом повелительного наклонения второго лица единственного или множественного числа. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! (Слушай, степь, Джамбула!).

В казахском языке, кроме 2-го лица, повелительное наклонение имеет и форму 3-го лица, которое выражает желание, приказание, требование, призыв и т.д. Мысалы: Сен айт, ол мені күтсін. (Ты скажи, пусть он меня подождет).

 

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

1 – тапсырма. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

1. Бұрын қандай ем қолдандыңыз?

2. Жұқпалы аурулар қалай жұғады?

3. Бұлшық еттер сүйектерді қозғалтады.

4. Тапсырманы тез орындаңыздар.

5. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады.

1 – жаттығу. Төменде берілген етістіктерді пайдаланып, хабарлы сөйлем құраңыз.

Кездесу, қарсы алу, емдеу, тапсыру, тәрбиелеу, серуендеу.

2–жаттығу. Берілген сұрау есімдіктерін пайдаланып 5-6 сұраулы сөйлем жазыңыз.

Қалай? Қашан? Қайдан? Не? Қанша? Қандай?

 

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді жазып алыңыз.

 

1.Бүйрек тасы ауру... (нефролитиаз) – көп тараған кеселдер... бірі. 2. Ауру, әсіресе 20-50 жас аралығы... жиі кездеседі. 3. Ол көбіне оң жақ бүйрек... болады, ал екі бүйректе кездесу... 15-20%. 4. Бүйректің тас аурулары... табиғаты осы күн... дейін толық анықталмаған.

 

2-тапсырма. Сөйлемдерд і оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

1. Первые попытки переливания крови человеку от животных были сделаны в ХVІІ веке. 2. Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечниках, дыхательных путей. 3. Еще древние врачи знали, что настой из листьев камфорного дерева стимулирует кровообращение и дыхание.

 

3-тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1.Атқарады, сүзгіш, бүйрек, биологиялық, қызметін.

2.Қарай, болады, қуық, өзгермелі, толуына, пішіні.

3.Жағына, бел, орналасқан, екі, бүйректер, омыртқаның.

4. Келеді, қан, тамыр, қолқа, бүйрекке, арқылы.

4-тапсырма. Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.

қалыпты деңгей причинять вред
жұмыс қабілеті терять сознание
солқылдап ауыру бытовое условие
зиян келтіру нормальный уровень
есінен тану работоспособность
тұқым қуалаушылық пульсирующая боль
тұрмыс жағдайы наследственность

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай анықтаңыз және аударыңыз.

1. Жүйке жүйесі екі бөліктен тұрады.

2. Қап, зәр шығару жүйесін білмегенім-ай!

3. Қан неден тұрады?

4. Ол жүйке ауруларын жақсы біледі.

5. Қатты ауырып жатыр. Жүріңіз тезірек!

6. Дер кезінде көмек көрсетілді ме?

7. Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы өте зор.

 

4- жаттығу. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

В зимний день

Занятия лыжным спортом регулируют артериальное давление крови, оказывают благотворное влияние на дыхательную систему, обмен веществ, на состояние нервной системы. После них у человека обычно хорошее настроение и аппетит, а усталость после глубокого сна снимает, как рукой. Если же на другой день вы плохо себя чувствуете, значит маршрут выбран не по силам.

Одежда для лыжных прогулок должна не обременять, а быть теплой и удобной. Преодолев первые затруднения, вы познаете всю прелесть лыжных прогулок и увидите, что они являются источником бодрости.

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.«Қант диабеті» атты мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

зат алмасу - обмен веществ ұйқы безі - поджелудочная железа сіңу - впитаться, всасываться кему - уменьшаться құрғау- высыхать жарақаттану-быть раненным, получить травму шалдығу- подвергаться шөлдеу - жажда, хотеть пить арту- увеличиваться араласу- смешиваться жиналу -собираться қорытылу- перевариваться қиындау - затрудниться  

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Зат алмасу, қандағы қант мөлшері, тағамдағы көмірсулар, ағзаға сіңу, сіңіре алмау, гликоген жиналу, май алмасудың бұзылуы, толық қорытылмауы, ағза қатты улану, артық тәтті тағам жеу, жүйке жүйесінің бұзылуы.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Қант диабеті

Қант диабеті - ағзадағы зат алмасудың, әсіресе көмірсу пен су алмасудың бұзылуынан болатын ауру. Бұл ауру көбінесе ұйқы безі қызметінің бұзылуы салдарынан ағзада инсулин жетіспеуінен болады. Әдетте, тағамдағы көмірсулар адамның ішінде глюкозаға айналып, ағзаға сіңеді. Қант диабеті кезінде осы глюкозаны жасушалар сіңіре алмайды. Сондықтан қант қанға, одан бүйрекке өтіп, зәрге араласып сыртқа шығады.

Қантты сіңіретін ұйқы безінің инсулин гормоны жетіспеуі салдарынан ағзадағы су алмасуы бұзылады, тіндерде су мөлшері кеміп, құрғайды. Бұл ауру тұқым қуалайды. Сондай-ақ жарақаттану, қабыну, ұйқы безі қан тамырларының склерозға шалдығуы, психикалық ауру, шамадан артық тәтті тағам жеу, ішкі секреция бездері (гипофиз, бүйрек үсті без, қалқанша без т.б.) қызметінің бұзылуы, жалпы жүйке жүйесінің бұзылуы бұл аурудың дамуына әсер етеді.

Арудың белгісі: науқас қатты шөлдейді, тамаққа тоймайды, кіші дәреті жиілейді. Қандағы қант мөлшері де көбейіп, 100 мл-де 0,2-0,4г болуы мүмкін, кейде одан да артады. Мысалы, қандағы қант мөлшері 0,19г жетсе бүйрек қантты сіңіре алмай, ол зәрге араласады. Қант диабеті асқынғанда бауырдың қызметі бұзылып, гликоген жиналады, ағзада белок, майдың алмасуы бұзылып, ас сіңбейді. Тамақтың толық қорытылмауы салдарынан ағза қатты уланып, кома(ессіз күй) жағдайына келеді. Мұндайда науқас әлсірейді, басы айналады, тыныс алуы қиындап, қан қысымы төмендейді.

 

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қант диабетінің белгілері қандай?

2. Ұйқы безі қандай гормон сіңіреді?

3. Қанда қанттың көбеюіне не әсер етеді?

4.Қант диабеті асқынганда қандай белгілер байқалады?

 

5 – тапсырма. Төмендегі қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

1. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.

А.А.Семашко.

2. Тәннің саулығына ең жақсы шипалы дәрі – сергек әрі жайдары көңіл-күй.

Х.Бострем.

6 – тапсырма. Төменде қант диабетімен ауырған науқасқа дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың атынан тиісті жауабын жазыңыз.

1. - Қандай себеппен келдіңіз?

-...

2. – Қашаннан бері аурасыз?

-...

3. – Қан қысымыңыз төмендеп кетіпті. Ал жүрегіңізде шуыл бар екен. Өзіңіз бұрын емделіп пе едіңіз?

-...

4. – Күніне неше литрдей су ішесіз?

-...

5. – Аузыңыз, тіліңіз құрғап кете ме?

-...

6. – Қаныңызды, зәріңізді өткізіңіз. Анализдеріңізді тексерейік. Диагноз анықталған соң емделесіз.

-...

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

а) Наурыз мерекесі құтты болсын

ә) Бүйрегіңіз қалай ауырады?

б) Бүгін студенттерге ауруға қарсы вакцина егілді.

в) Айтқан жерге тез жетсін.

г) Алтынның сынығы.

2. Қате құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дене еңбегін шұғылданғанда бауырыңыз ауыра ма?.

ә) Темекі тартқаныңа қанша уақыт болды?

б) Жүйке жүйесінің зақымданып болды.

в) Ішкі мүшелердің сырқатынан пайда болды.

г) Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.

3. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз.

Шыққан буынды тек маман дәрігерге....

а) көрсетіп емдеуге

ә) қаратуға керек

б) көрсетіп кеңес алған жөн

в) беріп жатсаң

г) тексерткен

4. Сөйлемді аяқтаңыз.

Жұқпалы аурулар....

а) ауа арқылы таралады

ә) зат арқылы жүреді

б) микроорганизмдердің енуінен пайда

в) сыртқы ортаның әсері болса

г) ағзаның жалпы күйіне

5. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Денсаулығыңыз қалай

ә) Жүрегіңіз айни ма

б) Самат өзінің досы туралы айтты

в) Сабақ қашан басталады

г) Бұл қандай дәрі

6. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Студенттер дәрісханада отыр.

ә) Дәріні салқын және қараңғы жерде сақтаңыз.

б) Сіз нешінші курста оқисыз.

в) Тұмау - өте жұқпалы ауру.

г) Кезекші дәрігер келетін шығар.

7. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дәріні дәрігердің кеңесімен ішіңіз.

ә) Тісжегі темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі.

б) Аурухана іші қандай жарық және кең.

в) Дене қызуыңыз көтеріле ме?

г) Науқас анализін толық тапсырыпты.

8. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Шіркін, Ақжүніс! Көркі ғой біздің топтың!

а) сұраулы сөйлем

ә) хабарлы сөйлем

б) құрмалас сөйлем

в) бұйрықты сөйлем

г) лепті сөйлем

9. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Мы пришли в университет для сдачи экзаменов.

а) Емтиханды университетке келіп тапсырдық.

ә) Мен университетке емтихан тапсырдым.

б) Біз емтиханды университетте тапсырдық.

в) Біз университетке емтихан тапсыруға келдік.

г) Біз емтихан университетке тапсыру үшін келдік.

10. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

а) Қаңқа денеге белгілі береді пішін.

ә) Баспа – көмейдегі қабынуы бадамша бездердің.

б) Баспаның бар жедел және созылмалы түрі.

в) Құрт ауруы - өте ауру жұқпалы.

г) Ас қорыту мен сіңу- өте күрделі үрдіс.


Операционалды – дағды компетенциясы:.

1 – тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып төмендегі сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1. Қант диабеті тұқым қуалайтын.... 2. Тамақта көмірсу мен... көп болса да аурудың пайда болуына себеп болады. 3. Науқастың... құрғайды, алақаны мен табаны.... 4. Бетінде, маңдайында... түс пайда болады. 5. Қан қысымы..., бауыры..., жүрек ұшында шуыл.... 6. Сырқаттың пайда болуына... соқтырады,... аурулар әсер етеді. 7. Тәулігіне... мл. Су ішеді.

Коммуникативті компетенция:

1. Қант диабеті қандай ауру?

2. Қант диабеті ауруының пайда болуына не себеп болуы мүмкін?

3. Бұл аурудың ең ерте білінетін симптомы не?

4. Сырқаттың тағы қандай белгілері бар?

5. Науқастың өмірін не ұзартады?

6. Бұл аурудың емі не болып табылады?

 

 

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 136 -137- бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 88-89-бб.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 333- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 129-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.

174-б.

 

 


 

 


 

 


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№ 25 тақырып: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

Құрмалас сөйлем

 

 

 

2013ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1.Тақырыбы: Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлері

Құрмалас сөйлем

2. Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

 

3. Міндеті:Жаңа сабаққа қатысты медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

 

Когнитивті – білім компетенциясы: деңгейлік тапсырмалар арқылы жай сөйлемнен алған білімдерін кеңейту, сөздік қорын байыту.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: медициналық атаулардың қазақша баламасын дұрыс қолданып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция: мәтінде кездесетін медициналық терминдердің қазақша айтылуын және жазылуын үйрету.

 

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық жұмыс арқылы таным түсініктерін дамыту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге баулу.

 

4.Негізгі ұғымдар:денсаулық сақтау құқығы, медициналық көмек, медицина ғылымы тұрғындарға, жоғары сапалы, ауруханалық мекемелер, емдеу бөлімшелері, басты байлығы, қабылдау, мамандырылған, құрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45 мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин.)

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин.)

6.Өткізу түрі:Аралық сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, ұжымдық талдау, баяндау.

 

8.Көрнекі құралдар:Емдеу сақтандыру мекемелерінің түрлеріне арналған кесте, құрмалас сөйлем түрлері жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2240. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия