Студопедия — Тапсырма. Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырма. Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.






Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.

1-...?

-Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).

2.-...?

-Жақсы(нашар) естимін.

3-...?

-Бала кезімде ауырған.

4-...?

-Жрақат алған жоқпын.

5-...?

-Жоқ,қазір бұлық ақпайды.Бірақ бала кезімде бұлық ағатын.

6-...?

-Иә,аппараттармен қарап көріңізші.

7-...?

-Ішкі құлағыма жараның орны бар дейсіз бе?Ол неден қалуы мүмкін?

8-...?

-Иә,бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

9-...?

-Барлық емдеріңізді(антибиотиктеорді де,физиоемдеуді де,құлаққа массаж жасауды да) орындаймын.

 

6-тапсырма. Жалпы мәтін бойынша түсінгеніңізді әңгемелеп беріңіз.

 

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Бастауышы есімшеден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Шешінген судан тайынбайды.

ә) Көпті көргеннен сұра.

б) Бітіргендерді еліне қайтарды.

в) Дәрігер ауруларды емдейді.

г) Кітапты көп оқиды.

2. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Зәрдің түзілуі - өте күрделі үрдіс.

ә) Несеп қаннан түзіледі.

б) Бұлықтың жедел және созылмалы түрі болады.

в) Жүрек адамның басты мүшесіне жатады.

г) Басқа да әр түрлі қимылдар жасайды.

3. Бастауышы жасырын тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қан тамыры және жүйкелер де зақымдануы мүмкін.

ә) Бит, бүрге, маса, кене арқылы таралатын да жұқпалы аурулар бар.

б) Ауру балаға науқас баладан жұғады.

в) Кешке келуі тиіс.

г) Бүйрек бұршақ пішінді келеді.

4. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қуық - зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі.

ә) Венералық аурулардың түрі көп.

б) Жұқпалы тері ауруларына тері туберкулезі жатады.

в) Терінің үшінші қабаты шел мен май қабатынан тұрады.

г) Орталық жүйке жүйесі неден тұрады?

5. Пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.

Гигиена мен санитария тығыз байланысты.

а) гигиена

ә) санитария

б) тығыз

в) байланысты

г) мен

6. Сөйлемнен анықтауышты көрсетіңіз.

Бұлардың қай-қайсысында да антибиотиктер, бактериофагтар немесе антитоксиндер қолданылады.

а) бұлардың

ә) қай-қайсысында

б) антибиотиктер

в) антитоксиндер

г) қолданылады

7. Жанама толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Аурудың қоздырғыштары шаң-тозаң арқылы тарайды.

ә) Қызылша сау балаға ауру баладан жұғады.

б) Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін.

в) Ауруды ерекше микроб қоздырады

г) Бөртпелердің пайда болуы мүмкін.

8. Тура толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тоқ бала аш баламен ойнамайды.

ә) Дұшпаныңнан бір сақтан.

б) Қателесу – адамға тән нәрсе.

в) Қайтып кірер есікті қатты жаппа.

г) Аттан тай озады, атадан бала озады.

9. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қазақша оқиды

ә) барғым келді

б) университеттің жаны

в) созылмалы ауру

г) қауіпті ауру

10. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) Жанаттың кітабы

ә) ауруға қарсы

б) үйге бару

в) жедел қабыну

г) қоспаны дайындау


Операционалды – дағды компетенциясы:

 

1-жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Емдік, уақытында, анықтап, ауруды, шараларды, қолданған жоқ.

2. Бірі, эндокриндік, көп аурулардың ең, қантты диабет (ҚД), тараған.

3. Мөлшерін, қант, қажет, бар, науқастардың қант диабеті, қадағалауы.

4. Бауырда, балық, болады, Д витамині, майында.

2-жаттығу. Берілген мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, баяндауыштардың қандай сөз таптарынан болып тұрғанын айтыңыз.

1. Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.

 

2. Ел-елдің бәрі жақсы

Өз елің бәрінен жақсы.

 

3. Асыл тастан шығады,

Ақыл жастан шығады.

 

4. Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

 

Коммуникативті компетенция:

1. Ішкі құлақтың қызметі қандай?

2. Есту жүйесінің бұзылуынан болатын өзгерістерді атаңыз.

3. Құлақ ауруларының белгілері қандай?

5. Құлақ ауруларының зардаптары қандай?

 

1.Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж.Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған, А., 2002. 99-101-бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. 2001.50-51-б.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 303-305- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.125-128-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 166-167-бб.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№23тақырып: Аралық бақылау

Ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 

1. Тақырыбы: Аралық бақылау

2. Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

3. Міндеті:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулерді ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.

 

Операционалды – дағды компетенциясы:Сын есім, сан есім, есімдік, үстеулердің жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.

 

Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.

 

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.

 

Сабақтың әдістері:к оммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру,түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.

4. Өткізу түрі: бақылау

Коммуникативті компетенция:

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

1. Эндокриндік жүйесіне нелер жатады?

2. Валеология қандай ғылым?

3. Зәр шығару жүйесіне нелер жатады?

4. Зәрдің түзілуі туралы не білесіз?

5. Бүйрек қандай мүше?

6. Зәр шығару мүшелері ауруларына қандай аурулар жатады?

7. Қуықтың қабынуы неден паайда болады?

8. Анурия неден пайда болады?

9. Жұқпалы аурулар туралы не білесіз?

10. Витаминдердің түрлерін атаңыз.

11. Құлақ ауруларының пайда болу себептері қандай?

12. Қандай венерологиялық ауруларын білесіз?

13. Қандай жағдайда ішкі секреция бездерінің жұмысы бұзылады?

14. Мерез қандай ауру?

15. Тері адам өмірінде қандай қызмет атқарады?

16. Тері неше қабаттан тұрады?

17. Қандай тері ауруларын білесіз?

18. Витаминдердің жетіспеушілігінен қандай аурулар пайда болады?

19. Венералогиялық аурулар қалай жұғады?

20. Құлақ ауруы туралы не білесіз?

 

І нұсқа

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-тапсырма. Есімдіктің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма. Сын есімнің шырайлары қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Сан есімнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1. Әсер етеді, тамырларға, жүрек, қан, жұмысына, адреналин.

2. Орналасқан, бел, бүйректер, екі жағына, омыртқаның.

3. Қызметін, бүйрек, сүзгіш, атқарады, биологиялық.

4. Себеп, негізгі, микробтар да, бронхиттің, дамуына, жедел, болады.

Лексикалық материал бойынша сұрақтар

1-тапсырма. Өткен мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін еске түсіріп, орыс тіліне аударыңыз.

Қуық, несепағар, несеп түзу, бүйрек, несеп каналы, құрсақ қуысы, денені уландыру, кеңесін тыңдау, қоздырғыш, сүйектері сырқырау, қан азаю, кілегей қабық, теріні майлау, газ алмасу, сулы бөртпе, есту жүйкелері, қоршаған орта, ішкі мүшелер сырқаты.

2-тапсырма. Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.

- Что вас беспокоит?

- У вас есть ощущение зуда (жжения, болезненности) кожи?

- В каких местах зуд более выраженный?

- У вас есть высыпания на коже?

- Раньше вы замечали эти высыпания? Когда?

- В какое время года у вас обостряется заболевание (весной, летом, осенью, зимой)?

- В ночное время зуд усиливается?

- Соблюдайте гигиену тела!

- Не пользуйтесь общими головными уборами, расческами.

3-тапсырма. Зәр шығару мүшелерінің ауруы (цистит, нефрит, өтке тас байлану, анурия, т.б.) бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.

4-тапсырма. Медициналық мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зәр шығару жүйесінің қандай мүшелерін білесіз?

2. Олардың қызметі қандай?

3. Бүйрек қандай мүше, қайда орналасқан?

4. Қуықтың қабынуы қандай ауру?

5. Бүйрек қабынуының белгілері қандай?

6. Жүйке жүйесі неден тұрады?

7. Ми қандай бөліктен тұрады?

5-тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1478. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия