Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Витаминдер





 

Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың аз мөлшерін ғана пайданалады. Бірақ витаминсіз біздің ағзамыздағы мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер ағза үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін артырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, адам ауруға шалдығуы мүмкін.

Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады. Витаминдер латын алфавитіндегі А, В, С, Д және т.б. әріптермен белгіленеді.

А витамині ағзаның өсуі дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол-дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині треска балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде көп кездеседі.

В витаминінің түрлері өте көп. В1, В2, В6, В12, В15. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп айтады. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В витаминдерінің тобы бұлшық ет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса адам тез шаршайды, жүйкесі тозады, ашуланшақ болады. В12 витамині жетіспесе қан аздық ауруының тууына себеп болады. В15 витамині жүрек, қан тамырларының жұмысына және бауырдың ауруына әсер етеді.

С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Бұл витаминдер ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

Д витамині денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Ал дайын витаминдер таблетка, драже, ұнтақ т.б. қалыптарда дәріханаларда сатылады.

 

4-Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қалыпты тіршілік үшін не қажет?

2. С витамині қандай жеміс пен көкөністерде болады?

3.В12 витамині жетіспесе қандай ауруға шалдығады?

4.В15 витамині қандай мүшелерге әсер етеді?

5.Көздің көргіштігін жақсартатын қандай витамин?

5-тапсырма. «Дені саудың – жаны сау» тақырыбына әңгіме құраңыз.

6-тапсырма. Төмендегі мүшелердің қай жүйеге жататынын көрсетіңіз.

Жүрек, тіс, ішек, қуық, қолқа, саусақ, көмей, бауыр, қылтамыр, өкпе, бүйрек, асқазан, жұлын, несепағар, ми, омыртқа, ұйқы безі, жұтқыншақ, ұлтабар, ортан жілік, мұрын, сегізкөз.

 

10.Бақылау (құзыреттілік бойынша)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

а) жоғары өрледі

ә) ышқына соқты

б) қысы-жазы үзілмейді

в) ілгері кетті

г) сабақ бітті

2. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) былтыр барды

ә) әрең жүру

б) қазақша оқу

в) жоғары тұру

г) кеш кел

3. Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?

а) Қазір кәсіпорындарда дәрінің 300 түрі жасалады.

ә) Фармакология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.

б) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады.

в) Дәріні қажет болғанда ғана қолданыңыз.

г) ЖИТС – ғасыр дерті.

4. Мезгіл үстеуі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қай бағыт екенін білсе де ілгері жылжи берді.

ә) Сол кеткеннен бүгін келіп тұр.

б) Артта қалмай алға да кетпей қатар келеміз.

в) Кешігіп келгендіктен, еркін отырып сөйлесе алмадық.

г) Жоғары қараған сайын басы айнала берді.

5. Туынды үстеуді көрсетіңіз.

а) ескіше

ә) ерте

б) күз

в) тым

г) жоғары

6. Үстеудің мағыналық түрін көрсетіңіз.

а) сапалық

ә) жанама

б) мақсат

в) қатыстық

г) тура

7. Сын-бейне үстеуді көрсетіңіз.

а) етпетінен

ә) күні кеше

б) ала жаздай

в) таңертең

г) күні ертең

8. Сын бейне үстеуді табыңыз.

а) сонша тұнба жасау

ә) амалсыздан дәрі ішу

б) науқасты шалқасынан жатқызу

в) кейінге қалдыру

г) шөптен дәрі жасау

9. Негізгі үстеуді көрсетіңіз.

а) ерте

ә) артқа

б) күздей

в) жаңаша

г) таңертең

10. Туынды үстеудің жұрнақтарын көрсетіңіз.

а) -ша; -ше

ә) –дап; -деп

б) -са; -се

в) -дың; -дің

г) -ын; -ін

11. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған сөйлемді көрсетініз.

а) Әдейі сізге жолығайын деп келдім.

ә) Шақырғанда дереу жетіп барды.

б) Ол өте жақсы білсе де,жорта білмегенсіп отырды.

в) Мұнда кілең жастар отыр екен.

г) Бұл енді қасақана істегендері.

12. Күшейткіш үстеудікөрсетіңіз.

а) дереу

ә) бекерге

б) балаша

в) тым

г) амалсыздан


 

Операционалды – дағды компетенциясы:.

1– жаттығу. Сөйлемнен үстеулерді тауып, түріне қарай ажыратыңыз.

1.Науқастың кешке дейін дене қызуы көтерілді. 2.Аурудың белгілерін әдейі айтпады. 3.Ол жұмысқа қасақана кешігіп келді. 4.Таңертең алынған мәліметтер аурудың түрін анықтауға көмектесті.

Коммуникативті компетенция:

а) Лексикалық тақырып бойынша:

1. Витаминдер деген не?

2. Витаминдердің маңызы қандай?

3. Витаминдер нелерде болады?

4. Витаминдер қалай белгіленеді?

5. А витаминінің қаситеті қандай?

6. В витаминінің қаситеті қандай?

7. С витаминінің қаситеті қандай?

8. Д витаминінің қаситеті қандай?

 

ә) грамматикалық тақырып бойынша:

1. Үстеудің қандай түрлерін білесіз?

2. Туынды үстеу қалай жасалады?

3. Мезгіл үстеулерін атаңыз.

4. Ертең, бүрсігүні, күндіз үстеулеріне мысал келтіріңіз.

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 129-130-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 265-267б.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 273-277- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.104-108-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№22 тақырып: Құлақ аурулары.

Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.

 

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Құлақ аурулары.

Сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері.

 

2. Мақсаты: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту, сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне мысалдар келтіре отырып, өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

 

3. Міндеті: Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету, үстеуді дұрыс қолданып, сөйлем құрауға, сөйлей білуге машықтандыру.

Когнитивті – білім компетенциясы:сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері туралы білімдерін тереңдете отырып, практикада бір-бірінен ажырата білуге үйрету, мәтіндегі жаңа атауларды меңгерту.

Операционалды – дағды компетенциясы: сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырата отырып, өз ойын еркін жеткізуге машықтандыру, медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын біліп, оны дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: тақырып аясында өз ойын ауызша баяндап, жазбаша дұрыс жеткізуге және өз бетінше сөйлем құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: жаңа тақырыппен жұмыс жасау барысында студенттердің ойлау қабілетін, ой– өрісін, сөйлеу тілін дамыту, белсенділігін арттыру.

 

4.Негізгі ұғымдар:Науқастың жағдайы, құлақ түбіндегі сілекей бездері, тамаққа тәбеті жақсару, құлақ түбі бездері, ауруханаға жатқызып, ісінген бездер; сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелері түсінік, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыштар жасайтын сөз таптары, сұрақтары, түрлері.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45 мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин.)

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин.)

6.Өткізу түрі:ізденіс сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас, аударма жұмысын жасату, ойтолғау, талдау.

8.Көрнекі құралдар: Венерологиялық ауруларға арналған кесте, сөйлемнің тұраулы және тұрлаусыз мүшелер і жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар, сызбалар.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1562. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия