Студопедия — Тапсырмалар. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. Сан есім заттың санын, ретін білдіреді






Сан есім, түрлері

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу?

Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.

1. Есептік сан есім

2. Реттік сан есім

3. Жинақтық сан есім

4. Болжалдық сан есім

5. Топтау сан есім

6. Бөлшектік сан есім

 

Жаттығу жұмыстары

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді жазып алыңыз.Сан есімнің түрлерін ажыратыңыз.

1.Бүйрек тасы ауру... (нефролитиаз) – көп тараған кеселдер... бірі. 2. Ауру, әсіресе 20-50 жас аралығы... жиі кездеседі. 3. Ол көбіне оң жақ бүйрек... болады, ал екі бүйректе кездесу... 15-20%. 4. Бүйректің тас аурулары... табиғаты осы күн... дейін толық анықталмаған.

 

2-жаттығу. Сөйлемдерд і оқып, қазақ тіліне аударыңыз. Сөйлемдерден сан есімдерді табыңыз.

1. Первые попытки переливания крови человеку от животных были сделаны в ХVІІ веке. 2. Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечниках, дыхательных путей. 3. Еще древние врачи знали, что настой из листьев камфорного дерева стимулирует кровообращение и дыхание.

 

3- жаттығу. Берілген сан есімдерге сөйлем құрастырып, жазыңыз. Сұрақ қойыңыз.

Оныншы, алтау, бес-бестен, қырық шақты, мың, екі жүз, жүздеген, оннан бірі.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Жұқпалы аурулар » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

жұқпалы аурулар-инфекционные болезни жасырын кезең-скрытый период айығу кезең-период выздоровления түкірік-слюна іш сүзек-брюшной тиф көкжөтел-коклюш бүйе-тарантул бөртпе сүзек-сыпной тиф кене-клещ маса-комар бүрге-блоха іш өту-понос лас-грязный бит-вши ендіру-внедрить жеткізу-довести, доставить таралу-распространяться, передаваться тырысқақ-холера

 

2-тапсырма. «Жұқпалы аурулар» мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Ағзаға ену, аурудың қозуы, ауруды қабылдағыштық қасиет, ағзаның жалпы күйі, толық зерттеу, әр алуан болады, негізгі белгісі, кезеңнің өту мерзімі, бөртпелердің пайда болуы, адамдарға ортақ белгі, ауруларға тән, басты белгілері, ауруханаға жеткізу, аурудан айығу, тамақтың ісінуі, аурудың түріне, мерзімі аяқтау, іш сүзек, мазасы кету, сыртқы ортаның жағдайы, қақырық арқылы ену.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Жұқпалы аурулар

Жұқпалы аурулар адам ағзасына микроорганизмдердің енуінен пайда болады. Бұл микроорганизмдер ағзаға лас қол, тағам, су, ауа, түкірік, қақырық арқылы енеді. Бит, маса, кене, бүрге арқылы таралатын да жұқпалы аурулар бар. Аурудың қозуына адам ағзасының ауруды қабылдағыштық қасиеттерінің, сыртқы ортаның жағдайы, ауру қоздырғыш микробтардың мөлшері, ағзаның жалпы күйі де әсер етеді.

ХХ ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік туғызды. Әсіресе, француз ғалымы А.Пастердің, неміс бактериологы Р.Кохтың және орыс ғалымдары И.И.Мечников, Н.Ф.Гамалей т.б. еңбектерінің зор маңызы болды.

Жұқпалы ауруда аурудың жасырын кезеңі, даму кезеңі, айығу кезеңі деген үш кезең болады. Бұл кезеңдер бірінен соң бірі өтеді. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, ағзаның жағдайына байланысты болады. Сондықтан науқастың аурудан айығуы әр түрлі мерзімде аяқталады. Сондай-ақ аурудың белгілері де әр алуан болады.

Мысалы, іш өту – көбіне жұқпалы дизентерия, тырысқақ т.б. ішек жұқпалы аурулардың негізгі белгісі болып есептелінеді. Жөтел - өкпе қабыну, тыныс алу жүйесі, көкжөтел, тұмау т.б. ауруларына тән. Денеде бөртпелердің пайда болуы – іш сүзек және бөртпе сүзек ауруларының, қызылша, қызамық т.б. жұқпалы аурулардың басты белгілерінің бірі. Жалпы жұқпалы ауруға шалдыққан адамдарға ортақ белгі селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі. Бауыр мен тамақтың ісінуі мүмкін. Науқас ауруханаға жеткізіліп, аурудың түріне қарай емделеді.

 

Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жұқпалы аурулар неден пайда болады?

2. Қай кезде жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік туды?

3. Жұқпалы ауруда аурудың қандай кезеңдері болады?

4. Аурудың қозуына не әсер етеді?

5. Жұқпалы аурулар не арқылы жұғады?

 

5-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестері бар сөйлемдерді тауып оқыңыз.

1. адам ағзасы ________________

2. толық зерттеу ________________

3. ағзаның жағдайы _____________

4. негізгі белгісі _________________

5. ауруға шалдығу _______________

6. ауруханаға жеткізу ____________

 

6-тапсырма. Оң бағандағы етістіктер мен сол бағандағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы)сөз тіркесін жасап, сөйлем құрастырыңыз.

 

ауруды

ауруханаға

микроб арқылы

ауруға

шалдығу (неге?)

жұқтыру (нені?)

жеткізу (қайда?)

таралу (не арқылы?)

7-тапсырма. Мәтіннен өздеріңіз үшін жаңа болып табылатын ақпараттар туралы баяндаңыз.

Сөзжұмбақ;

 

                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                               
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 

1. Мозг; 2. Плечо; 3. Поясница; 4. Мочевой пузырь; 5. Тело; 6. Спинной мозг; 7. Сердце; 8. Бөртпе; 9. Подмышка; 10. Кашель; 11. Моча; 12. Спина; 13. Кожа; 14. Пот; 15. Бедро; 16. Живот.

 

Жұқпалы аурулар бойынша сұхбатқа дайындық жұмыстары:

8-тапсырма. «Жұқпалы аурулар» бойынша сұхбат құруға қажетті сөздерді және сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

ауыз су-питьевая вода іш өту-понос желшешек-ветрянка жуу-мыть тамақ ішер алдында-перед едой тұмауға қарсы егу-прививка против гриппа қабылдау-принимать жөтел-кашель шикі ет-сырое мясо жұқтыру-заражать үй өсімдіктері-домашние растения кір жуатын ұнтақ-стиральный порошок ірің-гной таза ауада-на чистом воздухе мазасы кету-беспокоиться асқыну-осложняться ауру асқынған кезде - во время обострения болезни денсаулықтың кепілі-залог здоровья қайнату-кипятить

 

9-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Қызылшаға қарсы, бауыры мазалау, денесі сарғаю, жүрегі айну, денеге бөртпе шығу, оң жақ қабырғаның асты, жағымсыз иіс, міндетті түрде, бұрын ауырмау, үлкен дәрет.

 

10-тапсырма. «Жұқпалы аурулар» бойынша дәрігердің сұрақтары берілген. Науқас адамның атынан жауап беріңіз.

Жұқпалы аурулар бойынша сұхбат

- Қай жеріңіз ауырады? - Ауырғаныңызға қанша күн болды? - Денеңіз қашан сарғая бастады? - Үлкен дәретіңіздің түсі қандай? - Кіші дәретіңіздің түсі қандай? - Тамаққа тәбетіңіз қалай? - Қандай тамақ ішесіз? - Ішетін суды қайдан аласыз? - Үйде жұқпалы аурумен ауырған адам болды ма? - Ішіңіз өте ме? - Ішіңіздің төменгі жағы, тік ішегіңіз жиі ауыра ма? - Жүрегіңіз айни ма? - Қандай антибиотиктер қабылдадыңыз? - Тамақ ішер алдында қолды сабындап жуасыз ба? - Қандай дәрі іштіңіз? - Денеңіздегі бөртпе қашан пайда болды? - Бұрын жұқпалы аурумен ауырдыңыз ба? - Что вас беспокоит? - Сколько дней болеете? - Когда появилась желтушность кожи? - Какого цвета стул? - Какого цвета моча? - Какой аппетит? - Какую пищу употребляете? - Где берете питьевую воду? - Из членов семьи кто-нибудь перенес инфекционные болезни? - Понос был? - У вас частые позывы внизу и боли в прямой кишке? - Бывает ли у Вас тошнота? - Какие антибиотики вы принимали?   - Перед едой моете руки с мылом?   - Какое лекарство принимали? - Когда появилась сыпь?   - Болели ли вы раньше инфекционными болезнями?

11-тапсырма. Денсаулық туралы жазған даналар сөздерін жазып алып, есіңізге сақтаңыз.

1. Емнің сыры бір-ақ затта болады. (Құтып)

 

2. Жігіттің дені сау болса, сол-дәулет. (Құтып)

 

3. Тірі адам ауырмай тұрмайды. (Ж. Баласағұн)

 

4. Дені сау адамға оның сол сау жүргені жетеді. (С.Сарайи)

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. «Венерологиялық аурулар» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін жаттап алыңыз.

 


жара-язва, рана

біліну-выявлять

сілекей-слюна

сырқырау-ломать, ныть

ойылады-ввалиться, прорубаться

жатыр мойны-шейка матки

мерез-сифилис

соз-гонорея

шәуһет-сперма

жезөкшелік-проституция

ұлғая бастау-увеличиваться

бақылаудан өткізу-провести обследование

жыныс қатынасы-половое отношение

ұйқысы қашу-бессонница

лимфа түйіні-лимфатические узлы

кездейсоқ-случайный


2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Жұқпалы аурулар, дәрігерлік ережелер, соз зардабынан, дымқыл қабаты, қан арқылы, алғашқы кезең, жыныс қатынасы, ересек адамдар, үйқысы қашу, дене ауыр тарту, өзіне тән қоздырғыш, мерездің белгілері, сау адамға жұғу, ауру тез тарайды, сүйектері сырқырайды, бақылаудан өткізу, іріңдеп ойылады, теңге қотыр, лимфа түйіні ұлғаяды, қаны азаяды, адам ағзасында өмір сүру, зәрдің тоқтап қалуы, адамның жарасында өсіп-өну, боз спирахет.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына назар аударыңыз.

Венерологиялық аурулар

Венерологиялық аурулар – жыныс қатынасы арқылы таралатын жұқпалы аурулар. Бұл аурудың бірнеше түрі бар: мерез, соз, жұмсақ шанкр, трихомониаз. Әрбір аурудың өзіне тән қоздырғыш микробы бар.

Х ғасырдағы атақты ғалым, дәрігер Әбу Әли Ибн Сина өзінің дәрігерлік ережелері деген шығармасында мерездің белгілері мен соз зардабынан адамның зәрі тоқтап қалуы мүмкін екендігін атап жазған.

Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері тапқан. 1905 жылы Ф.Шаудин, Э.Гофман мерез ауруының қоздырғышы боз спирахетті ашты. Венерологиялық аурулар науқас адамнан сау адамға жұғады. Аурудың микробтары тек адам ағзасында ғана өмір сүреді. Венерологиялық аурулардың шап пен басқа мүшелердің бездерінде, ауыз бен көмекейдің дымқыл қабатында ұялаған микробтары қан, лимфа арқылы дененің барлық мүшелеріне өтіп, тез тарайды. Ауру іштегі балаға анасының қаны арқылы жұғады. Кездейсоқ жыныс қатынасы және жезөкшелік венерологиялық аурулардың көбірек таралуына себеп болады.

Венерологиялық аурулардың бірі – мерез. Оның ақ спирохета деп аталатын микробы болады. Аурудың микробы адамның жарасында, қанында, сілекейінде және шәуһетінде өсіп өнеді. Ауру микроб жұққаннан 21-28 күн өткеннен кейін ғана білінеді. Денеге жара шығуымен мерездің алғашқы кезеңі басталады. Бұл кезде, әсіресе, жараға жақын жердегі лимфа түйіні ұлғая бастайды, науқастың денесі ауыр тартып, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, сүйектері сырқырайды, ұйқысы қашып, қаны азаяды. Аурудың ақырғы кезеңінде ауырған жер іріңдеп ойылады. Ондай жараны теңге қотыр (гумма) дейді.

Соз – гонококк микробы қоздыратын және ересек адамдарда тек жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауру.

Венерологиялық аурулардан сақтандыру мақсатымен науқас адамның отбасын, туған-туыстарын т.б. бақылаудан өткізеді.

1932 жылы Алматыда тері және венерологиялық аурулар ғылыми-зерттеу институты ашылды.

Венерология – жыныс қатынасы арқылы жұғатын ауруларды зерттейтін ғылым.

Мәтіннен кейінгі жаттығу жұмыстары

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қандай венерологиялық ауруларды білесіз?

2. Ибн Сина еңбегінде не туралы жазды?

3. Венерологиялық аурулар қалай жұғады?

4. Мерез ауруы туралы не білесіз?

5. Венерологиялық аурулардан қалай сақтануға болады?

5-тапсырма. Мәтін бойынша сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

1. аурудың ____________,

2. іштегі ______________,

3. алғашқы ____________,

4. лимфа ______________,

5. ересек ______________,

6. науқас ______________,

7. әрбір ________________,

10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


1. Болжалдық санды көрсетіңіз.

а) бір

ә) бірнеше

б) біреу

в) бір-екі

г) бірталай

2. Болжалдық санды көрсетіңіз.

а) тоқсан бес

ә) тоқсаныншы

б) тоқсаннан бір

в) сексен-тоқсан

г) тоқсандай

3. Болжалдық санды көрсетіңіз.

а) бес алдым

ә) бестерде келемін

б) беске бол

в) бестікке оқыды

г) беске жуық

4. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.

а) қырқыншы

ә) жетінші

б) жиырманшы

в) алпыс

г) отыздай

5. Дұрыс жазылмаған санды көрсетіңіз.

а) жетпыс

ә) сексен

б) тоғыз

в) тоғыз

г) қырұқ

6. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) -ау, -еу

Ә) -сыншы

Б) -дан, -ден

В) –ақ

Г) -нші

7. Реттік сан есім жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) -ты, -ті

Ә) -тан, -тен

Б) -ыншы,- інші

В) –у

Г) –дай, -дей

8. Сан есімнің сөйлемде атқаратын қызметі не?

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) толықтауыш

в) анықтауыш

г) пысықтауыш

9. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

а) он оннан

ә) жеті сегіздерде

б) екеу үшеу

в) алпыс төрт

г) отыз қырық

10.Күрделі сан есімді табыңыз.

а) мыңдап

ә) елулерде

б) жүз

в) екеу

г) екі бүтін оннан бес


Операционалды – дағды компетенциясы:

1- жаттығу. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1. қамтамасыз етеді, сақтауын, бұлшық ет, тік қалпын, дененің қозғалтауын, оның және.

2. айтады, көмір қышқыл, шығару, газын, тыныс алу, деп, сіңіріп, оттегін, ауадан.

3. мүмкін, жұғуы, ағзаға, туберкулез микобактериялары, арқылы, тамақ.

4. болады, пайда, жұқпалы аурулар, ағзасына, адам, енуінен, микроорганизмдердің.

5. сақтану, байланысты, адамның, өзіне, аурулардан, әр түрлі.

 

Коммуникативті компетенция

1. Венералогиялық аурулар қандай ауру?

2. Аурудың қандай түрлері бар?

3. Тұңғыш рет мерездің белгілері қашан белгілі болған?

4. Мерез қандай ауру, белгілері қандай?

5. Соз ауруы туралы не білесіз?

 

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001.54-б.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 303-305- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.122-123-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 161-163-бб.

 


 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№20 тақырып: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Есімдік

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Есімдік

 

2. Мақсаты: Есімдік түрлерін практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

 

3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мамұнын жан-жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция:тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

 

4.Негізгі ұғымдар:эндокриндік бездер, адам ағзасы, ішкі секреция бездері, ұйқыбе з, қалқанша без, айырбез, бүйрек үсті без, он екі елі ішек; есімдіктің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, септелуі.

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45 мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин.)

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин.)

6.Өткізу түрі:Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар:Эндокриндік жүйе және сыртқы және ішкі секреция бездеріне арналған кесте, есімдіктің түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2322. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия