Тапсырмалар. Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары
Жаңа сабақ; Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары 1-тапсырма. «Жүйке жүйесі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз. Жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, сезім жүйкелері, есту жүйкелері, омыртқа жотасының өзегінде, сыртқы ортамен байланыстырады, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, аймақтарға тарайды, қоректік заттарды шығарады, қоздырғыш әрекеттерді сезу, қабықпен қапталған, қоршаған орта. 3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз. Жүйке жүйесі Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және аймақтық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Ми мен жұлын қабықпен қапталған. Ми сауытында тамырлар өте көп. Бұл қабықтың тамырлары жүйке тіндеріне өтеді де, сол арқылы миға оттегін және қоректік заттарды жеткізеді. Аймақтық жүйке жүйесіне жүйкелер мен жүйке түйіндері, жүйке ұштары жатады. Ми жүйкелері мидан басталып, бас аймақтар мен мойынға таралады. Ми жүйке жүйесіне сезім жүйкелері, есту жүйкелері жатады. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, сопақша ми және мишық. Жұлын жүйкелері жұлыннан шығып, дененің барлық аймақтарына тарайды. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан. Бүкіл жүйке жүйесі соматикалық және вегетативті болып екіге бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі негізінен денені сыртқы ортамен байланыстырады. Соматикалық жүйке қоздырғыш әрекетттерді сезіп, қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді. Аймақтық жүйке жүйесі зат алмасу мен ағзаның ішкі мүшелерінің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады. Жүйке түйіндері - өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның құрылысы күрделі. Жүйке жүйесі қоршаған ортамен байланыстыру, ағзалардың қызметін реттеу, адамның қимыл, қозғалысын басқару т.б. қызметін атқарады. Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылымды неврология деп атайды. 4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады? 2. Орталық жүйке жүйесіне нелер жатады? 3. Жүйке түйіндері дегеніміз не? 4. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?
1. Аймақтық жүйке жүйесіне нелер жатады? 5-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы мүшесіне сұрақ қойыңыз. 6-тапсырма. Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.
7-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз. айналаны ми мен жұлыннан белсене тұтастығын балаға бас сүйекте қызмет қамтамасыз ету (нені?) орналасады (қайда?) зерттеп жүр (нені?) құралады (неден?) араласады (қалай?) атқарады (не?) бағынбайды (кімге?) 8-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыз. 1. Жүйке жүйесі мүшелердің...реттейді. 2. Мидың... салмағы 1300-1400 гр. 3. Жұлынның... 1 см. 4. Жүйке жүйесі арқылы адам... танып, біледі. 5. Жұлын... қызмет атқарады. 6. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам... меңгереді. 7. Адамның... 20 жасқа дейін өседі. 8. Жүйке жүйесінің бір бөлігі... мүшелердің жұмысын реттейді. 9.... жүйке жүйесінің қызметі адам... бағынбайды. 10. Аймақтық бөлімге жүйкелер мен... түйіндері жатады. (Керекті сөздер: жүйке, жұмысын, миы, автономиялық, диаметрі, орташа, ортаны, ішкі, рефлекстік, іс-әрекетті, еркіне) 9- тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. 1. Мозг расположен в черепе. 2. Нервная система делится на центральную и периферическую. 3. Центральная нервная система состоит из головного и спинного мозга. 4. Головной и спинной мозг покрыты оболочкой. 5. К периферической относятся нервы и нервные узлы. 6. В мозге очень много кровеносных сосудов. 10-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, үстеулерді табыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. Ми шайқалғанда Жығылғанда немесе бас қатты затқа соғылғанда мидың шайқалуы мүмкін. Естен танып қалу – соған тән белгі. Бұлай жарақаттанғанда тері бірден боп-боз болып кетеді, бас ауырады, адам қимылдаса, күшейе түседі, жүрек айнып құстырады. Тамырдың соғуы сирейді немесе жиілейді. Ми тым қатты шайқалғанда көздің қарашығы кеңейіп, тамыр сирек соғады, тыныс алу бірқалыпты болмайды. Адам есін жиғанда басын қалай соқтырғанын айта алмайды. Миы шайқалған адамды еденге шалқасынан жатқызып, омырауын ағытып, белін босату қажет. Адам құсығына шашалып қалмас үшін басын бір жағына бұру қажет. Оны шалқасынан жатқызып, ауруханаға тезірек жеткізген жөн. 10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.б.) Когнитивті – білім компетенциясы: Тестілер: 1. Жалпылау есімдігін табыңыз. а) күллі ә) ешкім б) мынау в) осы г) кейбір 2. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз. а) өзі ә) баршасына б) барлыққа в) сеннің г) менге 3. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз. а) әлдеқайда, кейбір, әркім ә) ешкім, әрине, сол б) өзі, өзім, мына в) кім? не? қанша? г) мен, сен, ол 4. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз. а) қайсыбір ә) саған б) түгел в) осынау г) ештеңе 5. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. а) Саған қандай сыйлық берді? ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын. б) Ешқайда барушы болма. в) Қандай анализ тапсырдыңыз? г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді. 6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз. а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді. ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді. б) Қандай дәрі қабылдадыңыз? в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды. г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды. 7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз. а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз. ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. б) Дәрі пайдаланылмады. в) Студенттер сабаққа келмеді. г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз. 8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды. ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік. б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады. в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді. г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді. 9. Жалпылау есімдікті табыңыз. а) осы, сол, ана, мынау ә) отыр, жүр, тұр, кел б) өзім, өзің, өзі в) барлық, бәрі, барша, бүкіл г) мұнай, темір, көмір 10. Есімдікті көрсетіңіз. Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды. а) медицинада ә) дәрілік б) өсімдіктердің в) кейбіреуінен г) дәрі дайындалмайды Операционалды – дағды компетенциясы: 1-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып, олардың қай жалғауда тұрғанын айтыңыз. Оны кездестіру, осыған айтыңыз, мұнысы болмады, кімге айтты?, өзіңе берді, қашан келді?, әрбір оқушы, өзіміз орындаймыз, біраз кешікті, бүкіл адам,қайсыбіреуіне тапсырды, ешкімнен алмаңыз, ешқашан ұмытпаңыз, барлығына айтылды. Коммуникативті компетенция а) лексикалық тақырып бойынша сұрақтар: 1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады? 2. Орталық жүйке жүйесіне нелер жатады? 3. Жүйке түйіндері дегеніміз не? 4. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады? ә) грамматикалық тақырып бойынша: 1. Етістердің түрлерін атаңыз. 2. Өздік етістерге мысалдар айтыңыздар. 3. Ырықсыз етіске 2 мысал келтіріңіз.
6.Негізгі әдебиеттер: 1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 141-142- бб. 2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 33-34-бб. 3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 219-221 бб. Қосымша әдебиеттер: 1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001. 2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.89-94б. 3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №16 тақырып: Аралық бақылау
2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2013ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.
1. Тақырыбы: Аралық бақылау 2. Мақсаты: Өтілген лексикалық және грамматикалық материалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту. 3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; 2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу; 3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту; 4. Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар: а) лексикалық материал бойынша Өткен мәтіндерді қайталаудың түрлері. ә) грамматикалық материал бойынша
Өткен грамматикалық материалдарды қайталау 5. Сабақ өткізу жоспары: А)Ұйымдастыру (2-3 минут). Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут). Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс ( 60 -65 минут ). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату. - Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25-30минут ). - Жаңа сабақты қорыту ( 10-15 минут) В) Студенттердің білімін бағалау ( 2-3 минут ) 6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату. 7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам ағзасының суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар: І нұсқа 1-тапсырма. Берілген синонимдерді оқып, сөйлем құрастырыңыз. Әр түрлі, неше түрлі, әр қилы, әр алуан, түрлі-түрлі, алуан-алуан. 2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Поликлиника. Этим словом (от греческого «поли» - много) называют лечебно-профилактическое учреждение, предназначенное для окзания специализированной медицинской помощи приходящим больным и для лечения на дому. От амбулатории поликлиника отличается объемом деятельности и приемом по всем врачебным специальностям. Аптека. Есть много слов с таким же окончанием: библиотека, картотека, фильмотека. Все это значит: хранилище того-то –и происходит от греческого -слова «тэке» - «ящик», «хранилище». «Аптека» по-гречески значило просто «склад». В европейские языки слово перешло со значением: «склад лекарств». 3 – тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. 1. Болдық, Алматының, біз, жерлерінде, көрікті. 2. Дайындалдық, бұрын, наурыз, бір ай, мейрамына. 3. Болды, ертең, қосымша, спорт, қорытындысы, жарыстарының, хабарланатын. 4. Туындылары, көптеген, Ә.Қастеевтің, қойылды, көрмеге. 4-тапсырма. Грамматикалық тақырыптар бойынша сұрақтар. 1. Антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 2. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары қалай жасалады? 3. Көмекші есімдерді атаңыз. Мысал келтіріңіз. 4. Барыс септік қандай сұрақтарға жауап береді? Шылауларына мысал келтіріңіз. 5. Табыс және жатыс септіктің жалғауларын атаңыз. Осы септіктердің тәуелденіп жұмсалатын формаларына мысал келтіріңіз. Тесттер: 1. Септік жалғауы бар сөздерді көрсетіңіз. Әр дәрінің шығарылған мерзіміне баса назар аударыңыз а) әр ә) шығарылған б) дәрінің мерзіміне в) назар аударыңыз г) баса 2. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. а) батыр, өжет ә) бар, кел б) келді, барды в) әке, шеше г) үлкен, кіші 3. Табыс септігіндегі сөзді көрсетіңіз. а) шөпті ә) дәрімен б) дәріге в) өсімдіктің г) дәріден 4. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды қойыңыз. Тұндырманы өсімдіктер... шикізаты... дайындайды. а) –ге, -мен ә) –ден, -не б) -дің, -нан в) –мен, -нда г) –ның, -да 5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Пайдалану мерзімі өткен... тастау керек. а) дәріні ә) тұндырмада б) таблеткалар в) препараттардың г) ұнтақтың 6. Сөйлемдегі септеулік шылауды көрсетіңіз. Біз дәріханаға дейін бірге бардық;. а) біз ә) дәріханаға б) дейін в) бардық г) бірге 7. Тәуелдік жалғауында тұрған сөзді көрсетіңіз. а) грек дәрігері ә) шипалы зат б) минералды тұздар в) ауруды басатын г) университетте оқы 8. Жатыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз. а) Дәрілер ұнтақ, таблетка, тұндырма т.б сияқты болып келеді. ә) Дәрілер фармацевтика зауыттарында жасалады. б) Дәріні дәрігердің рұқсатымен пайдалану керек. в) Науқас адамға әсер етуіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. г) Халық медицинасы дәрілік шөптер арқылы емдейді. 9. Жатыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз. а) Дәрінің аты, мөлшері жазылады. ә) Драже зауыттарда жасалады. б) Драже ішке қолдануға арналған дәрі. в) Тұндырма қолдану. г) Қызылмай – дәрілік шөптерден алынған май. 10. Тәуелдік жалғаудан кейін табыс септігінің жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз. а) ерітінділер ә) дәрі-дәрмекті б) сығынды в)дәрі қалпын г) сұйық дәрі 11. Тәуелдік жалғаудан кейін барыс септігінің жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз. а) фармацевтика зауыттарында ә) дәріханаларда дайындалады б) дәрінің құрамына байланысты в) өсімдіктің шығуы г) дәрігердің рұқсатымен 12. Тәуелдік формадағы сөзді көрсетіңіз. а) дәріні ә) дәрім б) дәрінің в)дәрілер г) дәріге 13. Табыс септікте тұрған сөзді көрсетіңіз. а) тасшөпке ә) қоспаға б) итмұрыннан в) қырмызыгүлді г) дәрінің 14. Болымсыз етістікті көрсетіңіз. а) арналған ә) өсірілді б) қолданылмайды в) емдейді ме г) жейді 15. Бірінші жақтағы сөзді көрсетіңіз. а) уландым ә) қолдандың б) құстар в) жоғалтпау г) жаздыңдар ІІ нұсқа 1-тапсырма. Берілген синонимдерді оқып, сөйлем құрастырыңыз. Ентігу, алқыну, демігу. Жүдеу, ару, арықтау, азу. 2 – тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Клиника. Этот термин происходит от греческого слова «клине» - кровать или «клинике» - лечение, уход за лежачим больным. Теперь словом «клиника» обычно называют больницу, в которой не только лечат, но и обучают студентов-медиков и молодых врачей. Словами «клиническая картина» болезни обозначают внешние проявления того или иного заболевания. Амбулатория. Так называют (от латинского слова «амбуло» - гуляю) лечебное учреждение, оказывающее медицинскую помощь по основным врачебным специльностям приходящим больным, а так же на дому.
3 – тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. 5. Табады, жігіт, әрқашан, өнерлі, орнын, өз. 6. Дарынын, табиғаттың, саудаға, берген, салмаңыз. 7. Конференция, Махамбет, мерейтойына, Өтемісұлының, болды, арналған. 8. Жетер, жүректен, сөз, жүрекке, шыққан.
4-тапсырма. Грамматикалық тақырыптар бойынша сұрақтар. 1. Омоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 2. Тұрақты сөз тіркестері қалай жасалады? 3. Тәуелдік жалғау және жіктік жалғауға мысал келтіріңіз. 4. Атау септікті меңгеретін шылауларды атаңыз. 5. Туынды зат есім қалай жасалады? Тесттер: 1. Тәуелденіп септелген сөз тіркесін көрсетіңіз. а) бүйректі емдеу ә) асқазанға б) жүрек в) көз ауруларында г) тіс ауруы 2. Сөйлемнен «нені?» деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсетіңіз. Еріткіш ретінде өсімдік майын қолдануға болады. а) еріткіш ә) ретінде б) өсімдік майын в) қолдануға г) болады 3. Антонимдік қатарды көрсетіңіз. а) қызық, көңілсіз ә) ашық, жабық б) суық, салқын в) ыстық, жылы г) үлкен, зор 4. Тәуелдік жалғаулы сөздерді көрсетіңіз. а) үйіңіз ә) баланы б) анада в) ешкім г) достар 5. Септеулік шылаулары жоқ сөз тіркесін көрсетіңіз. а) сабақтан соң ә) ауру туралы б) дәрігермен бірге в) ауруханаға дейін г) дәрігерлік көмек 6. Қай сөз тіркесінде жатыс септігінің жалғауы бар? а) сабақ оқу ә) аурухананың бөлмесі б) кітапта жазылған в) ол әжесіне барды г) бөлме іші 7. Туынды зат есімді көрсетіңіз. а) қалам ә) мұғалім б) кітапқа в) қалаға г) емші 8. Түбір сөзді көрсетіңіз. а) аурулар ә) дәрілік б) емдеу в) дайын г) науқаспен 9. Сөйлемнен табыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз. Дәрігер жазып берген дәріні уақытында ішіңіз. а) берген ә) дәріні б) уақытында в) ішіңіз г) дәрігер 10. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз. а) пайдаланады ә) ішуді б) науқастың в) ерітінді г) қолдану 11. Мына мақалдан тәуелдік жалғау жалғанған сөздерді көрсетіңіз. Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. а) ағасы, інісі ә) жаға бар б) аға бар в) мен студентпін г) бардың, жағасы 12. «Кәрі» сөзінің синонимдік қатарын көрсетіңіз. а) жас ә) қария б) зиялы в) жеткіншек г) жасөспірім 13. «Дене қызуың бар ма?» деген қандай сөйлем? а) сұраулы ә) лепті б) хабарлы в) бұйрықты г) құрмалас 14. «Ауру адам» тіркесінің синонимін көрсетіңіз. а) сау адам ә) сырқат адам б) сауықшыл адам в) жақсы адам г) нашар адам 15. Ілік септікті сөз тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз. а) Ода көзі үлкен. ә) Университеттің жанында кітапхана бар. б) Отбасым онша үлкен емес. в) Мен Алматыда тудым. г) Маған орындықты беріңізші.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №17 тақырып: Зәр шығару жүйесі, аурулары, сұхбат Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2013ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.
1. Сабақтың тақырыбы: Зәр шығару жүйесі, аурулары, сұхбат Қимыл есімі. Қажеттілік мәні 2. Мақсаты: - зәр шығару жүйесі туралы мағлұмат беру; - зәр шығару жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; - зәр шығару жүйесі және аурулары туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; - түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; - қимыл есімі, қажеттілік мәні туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту; - өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру. 3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; 2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу; 3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту; 4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру. 4. Негізгі ұғымдар: а) лексикалық материал бойынша 1. Зәр шығару жүйесі туралы. 2. Зәр шығару жүйесі ауруларының алғашқы белгілеріне қатысты тілдік оралымдар 3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар. 4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы. 5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері. ә) грамматикалық материал бойынша 1. Қимыл есімі туралы түсінік. 2. Қажеттілік мәні туралы түсінік. Қимыл есімі, қимыл есімінің жасалуы, септелуі, «қажет», «керек», «тиіс», «жөн» сөздерінің қимыл етістіктеріне тіркесуі, қажеттілікті білдіру жолдары. 5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты): Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин. Өткен сабақты қорыту – 15 мин. Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин. Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин. Мәтінмен жұмыс – 15 мин Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин. Бақылау жұмыстары – 15 мин. Үйге тапсырма беру – 3 мин Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Өткізу түрі:тәжірибелік 7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма. 8. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
|