Омоним, синоним, антонимдер 6 страница
Жамбас белдеуінде:___________________________________________________________ 10. Бақылау жұмыстары: Коммуникативті компетенция бойынша 15. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Бас сүйегі қандай сүйектерден тұрады? Ми сауытына қандай сүйектер жатады? Бет сүйектері қандай сүйектерден тұрады? Тұлға қаңқасы нелерден тұрады? Омыртқа жотасы қалай бөлінеді? Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады? Иық белдеуі нелерден тұрады? Жамбас белдеуі неден тұрады? 11. Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз. Қаңқа мен бұлшық ет денені қимыл-қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Адамның қаңқасында 120-дай сүйек бар. Адамның қаңқасының өзіне тән ерекшілігі бар. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер бар. Аяқ сүйектері жіңішке және жалпақ болады. Қозғалмайтын сүйектерге қол, аяқ, иық және қабырғалар жатады. Жартылай қозғалмалы омыртқа жотасы жатады. Қозғалмалы сүйектерге бас сүйегі және жамбас жатады. Қолдың құрылысы адамның жүріп-тұруға бейімделген. Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты қозғалатын сүйектерден құралады. Омыртқа жотасы – тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34. Бұғана мен жауырын бірігіп жамбас белдеуін құрайды. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша К) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.
Когнитивті – білім компетенциясы бойынша 18. Төмендегі суреттер туралы әңгімелеңіз (ненің суреті, қайда орналасады, пішіні қандай т.б.).
20. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз. Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша
23. Бас сөзінің омонимдік қатарын есіңізге сақтаңыз және мысалдар келтіріңіз. Аяғыңды бас ________________________________________________________________ Кітап бас (баспадан шығару) ____________________________________________________ Мөр бас _____________________________________________________________________ Бас (дауысы) __________________________________________________________________ 29. Тірек-қимыл жүйесінің мүшелеріне қатысты фразалық тіркестердің беретін мағыналарын сәйкестендіріп, олармен сөйлем құрыңыз.
6. Негізгі әдебиеттер: 1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 42-45 беттер. 2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер. 3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 34-38 беттер. Қосымша әдебиеттер: 1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж. 2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №13 тақырыбы: Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек Етістіктің райлары
2013 ж. Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2013ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.
1.Сабақтың тақырыбы: Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Етістіктің райлары
2.Сабақтың мақсаты:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Сөздік қорларын дамыту және ойларын дұрыс жеткізу үшін етістік райларын дұрыс қолдана алуға машықтандыру. Етістіктің райлары туралы мағлұмат беру. «Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек» мәтіні арқылы медициналық терминдерді үйрету, түсінгенін қазақ тілінде дұрыс айта білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Сабақтың міндеті. 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша студенттердің сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Етістіктің райларын дұрыс қолдануды практикалық жолмен меңгерту. «Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек» мәтіні бойынша жаңа сөздерді игерту. 2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. Мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру. 3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. Болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру. Студенттер арасында ашық, еркін шығармашылық қатынас орнату
4. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту 4.Негізгі ұғымдар: грамматика бойынша: 1. Рай категориясы туралы түсінік. 2. Рай категориясының түрлері. 3. Олардың ерекшелігі. 4. Олардың жасалуы. Лексика бойынша: Оқыс қимылдау, буын ойысынан шығу, буын пішіні өзгеру, қолды қозғалту, аяқты қозғалту, қозғалту қиындау, таңу, орамалмен таңу, мұз салған құты, зардап шеккен адам, ашық сынық, жабық сынық, жарақаттанған жер, етпетінен жату, шалқасынан жату, басын көтеру, басын аздап көтеру, жедел дәрігер шақыру, емханаға жеткізу.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минуты) Ұйымдастыру барысы– 5мин Үй тапсырмасын сұрау – 30мин Өткен сабақты қорыту – 15мин Жаңа грамматикалық тақырып – 15мин Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 15мин Жаңа сөздермен жұмыс – 10мин Мәтінмен жұмыс – 20мин Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15мин Бақылау жұмыстары – 15мин Үй тапсырмасын беру – 5мин Студенттің білімін бағалау – 5мин 6.Оқытудың әдіс-тәсілдері: Коммуникативтік қарым-қатынас, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, пікірталас, бақылау т.б. 7.Көрнекі құралдар: Кесте, үлестірмелі карточкалар.
|