Студопедия — Омоним, синоним, антонимдер 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Омоним, синоним, антонимдер 2 страница






Г) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.


бұлшық ет – мышцы

талшық – волокно

құлақша – предсердие

қарынша – желудочек

жиырылу – сокращение; сжиматься

босаңсу – расслабление

күретамыр – артерия

көктамыр – вена

қылтамыр – капилляры

қаныққан – насыщенный

алқызыл – алый; румяный

ұлпа – ткань

жасуша – клетка

серпімді – упругий

тарамдалу – разветвление

қолқа – аорта

күкірт – сера

қалқу – всплытие, всплывание


9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

Ø Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан күретамырлармен ағады.

Ø Қанның түсі өзгеріп, көктамыр қанына айналады.

Ø Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар.

Ø Қанның атқаратын маңызы орасан зор.

Ø Қанның құрамы сұйық плазмадан және оның ішінде қалқып жүретін жасушалардан тұрады.

Д) Мәтіннен көмекші есімдерді тауып, қандай мағынада қолданғанын түсіндіріңіз.

 

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Е) Төмендегі суреттерді пайдалана отырып, жүректің құрылысы туралы әңгімелеңіз.

 

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қан қылтамырдан көк тамырға өтеді де, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды, айналадағы жағдайларға және тағы басқа әсерлерге байланысты.
Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауында) оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.
Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.
Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, оның әрекетінде де маңызы зор.
Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, көктамырда қан қысымы төмен болады.
Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгеше болады.

Коммуникативті компетенциябойынша

З) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Жүрек кеуде қуысының оң жағына жақын орналасады.

Қан мен қан айналымының адам өмірін сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

Эндокардтың астында қолқа орналасады.

Адам қансыз өмір сүре алады.

Жүректің жұмысы өте күрделі.

Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды.

Ересек адамдарда 10 литрдей қан болады.

Қан 23 секунд ішінде денені бір рет айналып шығады.

Кіші қан айналым шеңбері сол қарыншадан басталады.

И) Қалып қойған сөздерді жазып, өзіңізді тексеріңіз.

Ø Қақпақшалар тек _____ жаққа ғана ашылады, қанның құлақшадан _____ еркін өтуіне

жасайды, соңдықтан ол ______ қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады.

Ø Босаңсу және үзіліс______ жүрекке қан келіп, оның _______ қанға толады және жүрек тынығады.

Ø Күретамырлар бұлшық етке батыңқырап ______ да, тарамдалып _______ бөлінеді, қылтамырлар арқылы зат алмасу _________ қатысады.

Ø Қан оттегін өкпеден ______ тасып, оның _________ көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді.

Ø Қан мен қан айналымының адам ______ сақтауда, оның әрекетінде де маңызы зор.

 

К) Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем жасаңыз.

Ø Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Онсыз адам өмір сүре алмайды.

Ø Күретамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.

Ø Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қанға толады және жүрек тынығады.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Қ) Жүрек, қан сөздеріне қатыстыжасалған фразалық сөздердің мағынасын сәйкестіріңіз.

Қаны басына шабу қатты қуану
Жүрегі ұшу өз-өзіне келу
Жүрегі орнына түсу тамақтану
Жүрегі жарыла қуану қатты қорқу
Жүрек жалғау қатты қайғыру
Қан жұту қатты ашулану

Л) Сөйлемдердегі фразалық тіркестерді қажетті формаға қойыңыз.

Ø Біз таңертеңнен бері тамақ ішпей енді ғана жүрек жалға....

Ø Ілулі тұрған тізімнің ішінен інімнің аты-жөнін оқығанда жүрегі... жарыла қуанды....

Ø Бәсе, мен де адамның баласы едім ғой деп, жүрегі орнына түс... боп, Айша баласын кеудесіне басты.

Ø Шешесі соғыстағы баласынан хат ала алмай, қан жұт... отырғанда күтпеген жерден хабар келіп, жүрегі орнына түс....

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 45-47 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 61-67 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№7 Тақырыбы:Гипертония мен гипертониялық криздер

Сөз құрамы. Зат есім

 

 

2013 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Гипертония мен гипертониялық криздер.

Сөз құрамы. Зат есім.

2. Мақсаты:

-гипертония мен гипертониялық криздер туралы мағлұмат беру;

- гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- гипертония мен гипертониялық криздер туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- сөз құрамы және зат есім туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адам ағзасындағы белгілер туралы.

2. Аурудың алғашқы кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы.

5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері.

ә) грамматикалық материал бойынша

1. Зат есім туралы түсінік.

2. Сөз құрамы туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс ( 60 -65 минут ). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25-30минут ).

- Жаңа сабақты қорыту ( 10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау ( 2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, гипертония мен гипертониялық криздер кезіндегі адамның суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.


тұқым – потомство

зәру – нужда

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение

ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение

демікпе – одышка, астма

құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность

күйзеліс – депрессия


 

Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Дені сау адамның, ауыр ой еңбегінен кейін, бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан, тарылу, осының салдарынан, жүрек көлемі ұлғаю, бұлшық еті қалыңдау, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу, қан қысымы өршіген кезде, күшпен тарту, башпай, көзі қарауыту,елес пайда болу, ұйқысы нашарлау, тез шаршау, сал болу, көңіл-күй күйзелістері, есеңгіреу, тері жамылғылары қызару, қалтырау.

 

Б) Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтарға дайындалыңыз, асты сызылған сөздердің құрамын талдаңыз.

Гипертония — қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.

Ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:

— көңіл-күй күйзелістері;

— ауа- райы өзгерістері;

— тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Құрысу түрінде науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.

Кардиалды түрінде жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

Емдеу. Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.

 

В) Берілген сол жақтағы етістіктермен (сұрақ арқылы) керекті сөздерден сөз тіркесін құраңыз.


қолдану (қалай?)

өзгеруі (ненің?)

қарауыту (не?)

болу (қандай?)

дірілдеу (қай жері?)

бұзылуы (ненің?)

қою (қайда?)

сақтау (не?

 

ауа – райдың

мазасыз

аяқ-қолы

есту қабілетінің

мөлшерден көп

көз

тыныштық

тілдің астына


Г) Төмендегі сөздерді, сөз тіркестерін мағынасы жақын сөздермен алмастырыңыз.

қауіпті емес –

қажу –

тұрмыстың жағдайсыздығы –

майлы тағам пайдалану –

сезілмейді –

қалпына келтіру –

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Ғ) Төмендегі зат есімдердің құрамын талдаңыз.

Көңіл-күйіне, ауруының, науқастың, басын, төсекке, тыныштық, дәрі-дәрмектің, қоспасын, тілінің астына.

 

Д) Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы:

Е)Төменде ұлы Абайдың он төртінші қарасөзінен үзінді берілген, қалай түсінетініңізді әңгімелеңіз. Қарамен белгіленген сөздер мен фразаларды түсіндіріңіз.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?...Рақымдылық, мейірбандылық;, я әрбір адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұларжүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды.»

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіру.

Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және құлақта шудың естілуі, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.
Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін, өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады.
Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, гипертонияның пайда болуына әсер етеді.
Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.
Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, бірақ ол қауіпті емес.
Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Гипертония неден болады?

Гипертония ауруының себептері қалай өтеді?

Аурудың алғашқы кезеңі қалай өтеді?

Аурудың өршу кезеңі қалай өтеді?

Ауру біліне бастағанда қандай өзгерістер болады?

Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері қандай?

Аурудың соңғы кезеңі қалай өтеді?

Гипертониялық криз ненің салдарынан пайда болады?

Гипертониялық криздерді өршітуші себептер қандай?

Церебралды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Құрысу түрінде қандай белгілер пайда болады?

Кардиалды түрінде қандай белгілер пайда болады?

Бұл ауруларды қалай емдейді?

 

Коммуникативті компетенциябойынша

8. Мәтін бойынша науқастың жауаптарына дәрігердің сұрақтарын әзірлеңіз.

–...?

– Басым қатты ауырады.

–...?

– Иә, басым айналады.

–...?

– Көзім қарауытады.

–...?

– Аяқ-қолдарым дірілдейді.

–...?

– Иә, жүрегім шаншиды.

–...?

– Ентігемін.

–...?

– Мойнымның да, қолдарымның да терісі қызарып кетті.

–...?

– Құлағым шуылдайды.

 

Ж) Емдеуші дәрігердің атынанан бас дәрігерге палатаға түскен науқас адам жайында хабарлама жасаңыз (сырқатнама емес). Науқастың аты-жөні, жасы, өзіңіз қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері т.б. жайында.

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

12. Төменде осы тақырыпқа қатысты Абайдың өлең жолдары берілген, оқып шығыңыз.

«... Жүрегім менің қырық жамау

Қиянатшыл дүниеден ...»

Өлең жолдарындағы «қырық жамау», «қиянатшыл» деген сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.

 

13. Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.

Жүрегі айну толқу
Жүрегі алып ұшу жайлану, жай табу
Жүрегі тас төбесіне шығу құсқысы келу
Жүрегі орнығу қатты қорқу

14. Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).

15. Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз.

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3175. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия