Студопедия — Гиппократ анты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Гиппократ анты






Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атына атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттерімен хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.

Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқыма қалтықсыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығым үшін ант етемін.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант беремін.

Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

Осы антты өз еркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

Шама-шарқымның келгенінше – по мере возможности

Қиянат - зло, пакость, вред

Бұлжытпай – не искажать, не изменять

Бұлжытпай орындау – выполнять беспрекословно


Б)Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Куәға тарту, үйреткен кісі, барын бөліп беру, ант берісу, өлімге ұшырататын дәрі, аурудың қамын ойлау, әдейі қиянат, қастандық жасаужариялауға болмайтын, салтанатты түрде, мейірбандылықпен дамыта отырып, жетістіктермен үнемі танысу, дәрігерлік шеберлік,мәңгілік даңқ;.

Грамматикалық тақырып бойынша:

Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

 

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

 

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

В) Үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз.

ұшқыш, көше, бүгін, бөлшек, дәріхана, елорда, өнерпаз, елші, пайдакүнем, сәнқой, баланікі, рольдер, депутат, қазметші.

Г) Жоғарыдағы үндестік зағына бағынбайтын сөздердің бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз. Үлгі: депутат – үндестік заңына бағынбайды, кірме сөз.

 

Коммуникативті компетенциябойынша

Ғ)Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Д) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Ж) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын.
Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.
Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, ең алдымен аурудың қамын ойлаймын.
Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын, адамгершілік атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.
Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.  

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

И) Төменде Мұқағали Мақатаевтың «Болашақ дәрігерге» өлеңі көзқарасыңызды білдіріңіз.

Тоқта-тоқта, ей, жігіт, аялдағын,

Қане, қалай жағдайын, баяндағын.

... Тәжирибе мектебін өтіп жүрсең,

Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.

 

Енді алдыңда тұрады тірі жандар

Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар...

Қимылдамай кірпігі жатса-дағы,

Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар.

 

Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,

(Ақыл айтып кеттім-ау, желіктім бе)

Өлгендерді тірілтем деп ойлағай

Денесінен жан ізде өліктің де.

 

Жолың болсын, бара ғой, айналайын,

Айналайын, қорғаушым, қарағадайым!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

Басымды ием, несіне арланайын...

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 5-7 беттер.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000 ж. 15-17 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№2 Тақырыбы:Адам ағзасы

Көптік категориясы

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Адам ағзасы

Көптік категориясы

2. Мақсаты:

- адам ағзасы туралы мағлұмат беру;

- адам ағзасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- адам ағзасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- көптік категориясы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Адам ағзасындағы мүшелер туралы.

2. Адам ағзасындағы жүйелер туралы.

3. Адам ағзасындағы мүшелер туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

4. Адам ағзасындағы мүшелердің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Көптік категориясы туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс ( 60 -65 минут ). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25-30минут ).

- Жаңа сабақты қорыту ( 10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау ( 2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам ағзасының суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтінді оқыңыз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп, табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды және кім деген сұрақ тек адамға ғана қойылады.

Адамның ағзасындағы әрбір мүше белгілі бір қызмет атқарады. Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

Қан айналу жүйесі денедегі барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады. Ағзаның оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп отыруы осы тыныс алу жүйесінде өтеді.

Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.

Зәр шығаружүйесі мүшелеріне қос бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйректе қан тазартылады, несеп түзіледі.

Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады. Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек. Сүйектерге бұлшық ет бекиді. Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің; де қызметі ерекше. Сезім мүшелеріне көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу, тепе - теңдікті сезу жатады. Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады. Бұл мәліметтер қан, лимфа және гормон арқылы жүреді.

Адамның тіршілік әрекеттері жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады. Өйткені дамудың әрбір сатысында өзіндік физиологиялық көрсеткіштер қалыптасады. Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

I. Құрсақтағы 2 айға жуық ұрықтық даму (эмбриогенез) және 2 айдан 9 айға дейін нәрестелік даму (фетогенез) кезеңдерінен тұрады.

II. Балалық шақ; (құрсақтан тыс даму) бірнеше кезеңнен өтеді:

· Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады. Бұл кезеңде ағза сыртқы ортаның жаңа жағдайларына икемделеді.

· Бөбектік шақ; – бөбек өмірінің 1-жылы;

· Сәбилік шақ – 1-3 жас аралығы;

· Бүлдіршін шақ;: 4-7 жас аралығы;

· Естияр шақ;: ұлдарда – 8-12 жас аралығы, қыздарда – 8-11-ге дейінгі жас аралығы;

· Жеткіншектік – балиғаттық шақ;: ұлдарда 13-16 жас аралығы, қыздарда 12-15 жас аралығы;

· Жас өспірімдік шақ;: (бозбала) жігіттерде 17-21 жас аралығы, (бойжеткен) қыздарда – 16-20 жасқа дейін.

III. Ересек жас бірнеше кезеңнен құралады:

· Кәмелеттік кезең;: ерлерде 22-35 жас аралығы, әйелдерде 21-35 жасқа дейін. Бұл кезеңде адамның өсуі тоқтайды, ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

· Кемел шақ;: ерлерде 36-60 жас аралығы, әйелдерде 36-55 жасқа дейін. Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.

· Егделік кезең;: ерлерде 61-74 жасқа дейін, ал әйелдерде 55-74 жасқа дейін. Бұл кезеңде ағза тез қартаяды. Сондықтан олар осы кезеңдерінде кездесетін ауруларға жиі шалдығады.

· Кәрілік кезең; ерлер мен әйелдер 75-тен асқаннан кейін басталады. Ағза тоза бастайды, негізгі тіршілік әрекеттері күрт төмендейді.

· Ұзақ өмір сүрушілер 91 жастан асқан адамдар.

 

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Ардақты ат, қастерлеу, табиғаттың ерекше сыйы, атқаратын қызметіне қарай, бірнеше мүшелерден бірігу, жүйе,оттегін сіңіру, әр түрлі сүйектерден құралған, ас қорыту бездерінің әсері, мүшелердің жұмысын реттеу, тепе - теңдікті сезу, ағзаның біртұтастығы, тіршілік әрекеттері, дамудың әрбір сатысы,қырқынан шыққанша, сыртқы орта, қалыптасу, тозу, қартаю, физиологиялық көрсеткіштер, ұзақ өмір сүрушілер, күрт төмендеу.

Б) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.


ағза – организм

құрсақ қуысы – брюшная полость

оттегі – кислород

бұлшық ет – мышцы

жұтқыншақ – глотка

өңеш – пищевод

кеңірдек – трахея

зәр, несеп – моча

несепағар – мочеточник

қуық – мочевой пузырь

без – желез

өзек – проток, серцевина

икемделу – приспособиться

кәмелеттік – cовершеннолетний; зрелый

естияр – повзрослевший

күрт – внезапно; резко


В) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Г) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ғ) Көптік жалғау – көптік мағынаны беретін қосымша (-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер).

Мәтіннен көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жазыңыз.

Д)Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп толықтыратын үзінділерді табыңыз.

Ø Дене мүшелері атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

Ø Қаңқа – денедегі әр түрлі сүйектерден құралған мықты тірек.

Ø Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересек жас болып үш сатыға бөлінеді.

Ø Балалық шақ бірнеше кезеңнен өтеді.

Ø Ересек жасбірнеше кезеңнен құралады.

Ø Адам ағзасындағы сезім мүшелерінің қызметі ерекше.



Е)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Қалану, қастерлеу, ренжу, енгізу, түзілу, тыңдау, сезу, ауырмау, есту, төмендеу, алмасу, айғақтау, ренжу, самғау, қалыптасу, қартаю, жабдықталу, қорытылу, кездесу, сақталу, өзгеру, күшею, қамтамасыз ету, хабарлау.

Ж) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қойыңыз.


Ежел... қастерлеу

Табиғат... сыйы

Ұрық... даму

Қырқы... шығару

Жаңа жағдай... икемделу

91 жас... асқан адам

Ас қорыту бездері... әсері

Өзін... көрсеткіштер

Оттегі... сіңіру

Сүйектер... құралған

Мүшелердің жұмысы... реттеу

Ағза... құрылым


З) Сөйлемдерді бастаңыз.

... жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

... жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп отырады.

... атқаратын қызметіне қарай бірнеше мүшелерден бірігіп, жүйе құрайды.

... туған күннен 4 аптаға дейін, бала қырқынан шыққанша созылады.

... ағзаның құрылымы мен қызметі толық қалыптасады, іс-әрекеті белсенді және тиянақты болады.

И) «Даму» етістігімен тіркесетін сөздерді көрсетіңіз және солармен сөйлем құрастырыңыз.

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

К) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Адам деген – ардақты ат, қазақ халқы оны ежелден қастерлеп, бала қырқынан шыққанша созылады.
Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және қайта қалыптасады, тіршілік әрекеттерінде айтарлықтай өзгерістер болады.
Жаңа туған (неонаталдық) кезең – туған күннен 4 аптаға дейін, ас қорыту бездерінің әсерінен ішек-қарын жолында қорытылады.
Бұл кезде олардың жүйке және эндокриндік жүйелері өзгеріп, өзектер арқылы үздіксіз кең көлемде мәлімет алмасу жүріп жатады.
Ас жұтқыншақ арқылы өңешке, одан асқазанға түсіп, табиғаттың ерекше сыйы деп бағалайды.
Ағзадағы барлық жүйелер арасында әр түрлі жолдар мен ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

 

Қ) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Қан айналу жүйесі мүшелерге оттегі мен көмірқышқыл газын жеткізіп тұрады.

Тыныс алу жүйесі мүшелеріне мұрын, көмей, кеңірдек, өкпе, бронхылар жатады.

Бүйректе ас қорытылады.

Тірек-қимыл жүйесі қаңқа мен бұлшық еттен тұрады.

Қаңқа – денедегі бұлшық еттен құралған мықты тірек.

Адам бұлшық еттің көмегімен жүреді, жүгіреді, әр түрлі қимылдар жасайды.

Ас қорыту жүйесі мұрын қуысынан басталады.

Асты қорыту бездерінің әсерінен ас ішек-қарын жолында қорытылады.

Адам өмірі құрсақта даму, балалық шақ және ересектік шақ болып үш сатыға бөлінеді.

Ағзадағы барлық жүйелер арасында үздіксіз мәлімет алмасу жүріп жатады.

Адам өмірі тек қуаныш пен бақыттан тұрады.

 

Коммуникативті компетенциябойынша

Л) Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз. Мәтіннен алған жаңа мәліметті пайдалана отырып, өз сөзіңізбен қысқаша айтып көріңіз.

М) Төменде Абай өлеңінен үзінді берілген, қарамен жазылған өлең жолдарын қалай түсінесіз? Көзқарасыңызды білдіріңіз.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Атымды адам қойған соң;,

Қайтіп надан болайын….

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Н) Төмендегіфразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңізжәне осы тіркестерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.

1 Тілге жүйрік а әлпештеп өсіру
2 Бас болу ә; шапшаң қимыл
3 Алақанына салу б алда, бірінші қатарда жүру
4 Санын соғу в сөзге шешен, тілі бай
5 Көз ілеспеу г өкіну

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13 беттер.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000 ж. 12-17 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№3 Тақырыбы:Дене мүшелері

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Дене мүшелері. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.

2. Мақсаты:

- дене мүшелері туралы мағлұмат беру;

- дене мүшелері туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- дене мүшелері туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Адам ағзасындағы мүшелер туралы.

2. Адам ағзасындағы мүшелер туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Адам ағзасындағы мүшелердің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс ( 60 -65 минут ). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25-30минут ).

- Жаңа сабақты қорыту ( 10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау ( 2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам мүшелерінің суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтінді оқыңыз.

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, жауырын, кеуде, иық, омыртқа, аяқ, жамбас, тізе тағы басқалар жатады. Адамның басында бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, ерін, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан. Бұл мүшелерді біз көзбен көреміз. Бұлардан басқа көзбен көрмейтін мүшелер бар, оларға асқазан, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, жүрек т.б. жатады. Дана халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан «Он екі мүшең аман-есен оралдың ба?», - деп амандасып, жөн сұрасқан. Кейде «он екі мүшесі аман, соқталдай азамат, ақша табудың неге оңай жолын іздейді?» деп, ренжіп жатады.

Халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», - дейді. Мұндағы 12 ұл адамның 12 мүшесі, 62 қыз – адамның 62 тамыры, ал ағаш – адамның өзі.

Халқымыз он екі мүше дегенді адамның дене бітіміне байланысты айтқан: он екі мүшеге мыналар жатады: бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асықты жілік (екеу), кәрі жілік (екеу).

Бір жылда 12 ай болса, адамның 12 мүшесі бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буыны соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.

Көне заманғы халық емшілері адамның әр мүшесі бір тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі деңгейіне алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі ғылыми медицина да мойындайды. Осынау ғылыми тұжырымдама бойынша адамның тәуліктегі күш-қуаты мынандай:

Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпесінің қуаты артады.

Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.

Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.

Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің қуаты еселеп артады.

Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.

Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін аш ішектің қуаты барынша артады.

Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.

Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.

Түнгі сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.

Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш-қуаты молаяды.

Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.

Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады. Яғни, мүшелердің қабынуы немесе қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байланысты.

 

Ә) Мәтін бойынша кездескен сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

асықты жілік– большеберцовая кость

тоқпан жілік – плечевая кость

кәрі жілік– локтевая кость

жауырын – лопатка

жамбас – тазовая кость

омыртқа – позвоночник

ортан жілік – бедренная кость

қуық – мочевой пузырь

өт – желчь

ұйқы безі – поджелудочная железа

дене бітімі – телосложение

Б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Адамның көзбен көретін дене мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

Адамның басында қандай мүшелер орналасқан?

Көзбен көрмейтін мүшелер қандай мүшелер жатады?

Халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан не деп амандасып, жөн сұрасқан?

Он екі мүшеге нелер жатады?

Көне заманғы халық емшілері нені дәлелдеп берген?

В) Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Қалану, ренжу, енгізу, тыңдау, ауырмау, есту, айғақтау, самғау, жұбату, ұғыну, қалыптастыру, жабдықталу, кездесу, сақталу, өзгеру, күшею, хабарлау.

 

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Г) Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыз.

Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. Қисық ағаш, қисық мінез. Суық күн, суық сөз, суық хабар. Жылы су, жылы сөз. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

Ғ)Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіз.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың; (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық; (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

 

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

Д) Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып, мазмұны







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2388. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.057 сек.) русская версия | украинская версия