Алматы 2013 ж.
СИЛЛАБУС Қазақ тілі пәні бойынша, коды KRYa 1104
Мамандығы – 5В110100 Мейірбике ісі Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен Курсы: 1 Семестр:1, 2
Тәжірибелік сабақ - 90 Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) - 90 Студенттің аудиториядан тыс өздік жұмысы (СӨЖ) - 90 Барлығы - 270 Бақылау түрі: емтихан
Алматы 2013 ж.
Силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды. Силлабусты құрастырушылар: аға оқытушы Ж.С.Қожаханова, оқытушылар: А.С.Бураханова, П.Т.Макижанова
Кафедра мәжілісінде қарастырылды.
№_______хаттама
«___»___________2013ж.
Кафедра меңгерушісі,
1. Жалпы мәлімет: 1.1 ЖОО-ның аталуы Қазақстан-Ресей медицина университеті 1.2 Қазақ тілі кафедрасы 1.3 Пәні, пән коды: «Қазақ тілі», KRYa 1104 1.4 Мамандығы: – 5В110400 Медико-профилактика іcі 1.5 Оқу сағатының көлемі - 270 Курсы, семестрі: 1 - курс, 1, 2 семестр 1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:
1.7 Кафедраның мекен-жайы: Төреқұлов көшесі №74 4 қабат, №5 оқу бөлмесі 1.8 Пәннің саясаты: - Профессорлық-оқытушылар құрамымен мәдениетті қарым – қатынаста болу. - Міндетті түрде сабаққа қатысу. - Сабаққа белсенділік таныту - Сабаққа үнемі дайындықпен келу. - Берілген тапсырмаларды уақытында орындау, өткізу. - Аралық бақылау жұмысын өткізу. - ОСӨЖ тапсырмаларын орындау. - СӨЖ тапсырмаларын орындау. - Жіберлген сабақтарды тапсыру, оқу үрдісі бойынша деканаттын рұқсатымен қабылданады. - Кейбір түсініспеушіліктер, кемшіліктер болса кафедра меңгерушісі және оқу ісі меңгерушісінің қатысуымен талқыланады. Тыйым салынады: - сабаққа кешігуге, сабақтан рұқсатсыз кетуге; - сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануға; - сабақ үстінде басқа сабақтардың тапсырмаларын жасап отыруға;
2. Бағдарлама: 2.1 Кіріспе Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысанан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту. Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.
2.2Пәннің мақсаты: Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту, болашақ мамандығына сәйкес сөйлеу түрін үйрету. Күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаятарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау); Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде: Мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; байқампаздық таныту; көңілі толуы-толмауын, қызығушылығын немқұрайдылығын білдіру.
2.3 Оқыту міндеттері: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру. 2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру. 3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру. 4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы», «Білім туралы заңы» 5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту. 2.4 Оқытудың нәтижелері Студент берілген деңгей негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат мен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылым зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз қөзқарас тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет.Таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жеткізе білуі, сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білген жөн. Сонымен қатар, мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс. Берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат, диалог құра білуі тиіс. 2.5 Реквизитке дейінгі: Қазақстан тарихы, орыс тілі, шет тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, биология, тәнтану.
2.6 Реквизиттен кейінгі: Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, патологиялық физиология т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады. Пәннің қысқаша мазмұны: Қазақ тілі пәнін оқу барысында студенттер әр түрлі қоғамдық мәселелерге байланысты өз көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттырады. Қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамын, жүйесін т.б. біледі. 2.7 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық оқу жоспары
2.8 Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптық жоспары
2.9 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі Негізгі: 1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж. 2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж. 3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993 4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж. 5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж. 6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж. 7. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлейміз.Алматы, 2010.-220б. 8. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002.-317б. 9. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000.- 211б. 10. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011ж. 11. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж. 12. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б 13. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж. 14. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б. 15. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б. 16. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б. 17. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б. 18. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б 19. ҚанапияноваӘ.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008 Қосымша: 1. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. Алматы, 1989 ж. 2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж. 3. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж. 4. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. Сөздіктер: 1. Ақыжанова А.Т. Қазақша –орысша сөздік. Алматы, 2000 ж. 2. Алдашева А. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1988 ж. 3. Әбілқасымов Б. Орысша-қазақша тілдескіш Алматы, Рауан, 1994 ж. 4. Қалиев Б. Өсімдік атауларының орысша-қазақша сөздігі. Ана тілі 1963 ж. 5. Момынов Ә.Т., Рақышев А. Медициналық сөздік. Алматы, 1989 ж. 6. Сарыбаев Ш. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. ҚСЭБР, 1989 ж. 7. Серғалиев М.Орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Қазақстан», 1993 ж. 8. Терминдер мен атаулар. Алматы, «Қазақстан», 1990 ж. 9. Бектаев Қ. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1999ж. 2.10 Оқыту әдістері: Коммуникативтік қарым-қатынас, дискуссия, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, полилог, диалог құрғызып үйрету, тұсаукесер, рольдік ойындар, пікірталас,бақылау т.б.
Тәжірибелік сабақты өткізу түрі: мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер беру, презентациялар жасау, пікірталас, сұхбаттасу, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б. Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау т.б.
ОСӨЖ-ді өткізу түрі: мәтінмен жұмыс түрлері, терминологиялық, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, жаттығу жұмыстарын орындау т.б. СӨЖ-ді ұйымдастыру түрі Өздік жұмыс – оқу танымдық әрекеттің ерекше түрі. Оны орындау барысында оқытушы тек кеңес беруші, бағыттаушы қызмет атқарады. Өзіндік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, оны өз білімінің траекториясын анықтауға және қолданатын білім әдістерін таңдауға баулиды. Сөйтіп оның еркін әрекет жасау дағдысын қалыптастырады. Оқу үрдісіндегі СӨЖ-дің мазмұны мынадай талаптарға сай болу қажет: - тапсырма мазмұны тіл үйренушінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек; - бұған дейін қамтылған білімге сай құрылу керек, - берілген тапсырма түсінікті, мазмұны қызығушылық танытатындай болу керек; - тапсырма мазмұны мен орындау тәртібі бірте-бірте күрделене берілуі керек;
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері: 1.Когнитивті - білім компетенциясы (тақырыптық материалды білу) – 100 балл 2. Операционалды – дағды компетенциясын білу – 100 балл 3. Коммуникативті компетенцияны қолдану – 100 балл 4. Құқықтық компетенция – 100 балл 5. Өзін – өзі дамыту – 100 балл
Ағымдық бақылау t- құзыреттілік қалыпты деңгейлік бағасы t=(Z+N+K+P+S)/n n-барлық құзыртеттілік бойынша саны Z: z1 + z2+... zn – білімді бағалау N: n1+ n2+... nn – дағдыны бағалау K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілікті бағалау P: p1+p2+...pn – құқықтық құзыреттілікті бағалау S: s1+s2+...sn – СӨЖ бағалау Әрбір құзыреттілік 100 балмен бағаланады. Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабуста (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериясы). Аралық бақылау r-коллоквиум Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады. Рейтингіге жіберу Рейтингіге жіберу студенттің қорытынды бағасы 60% кем болмау керек, 0.6 формуласымен анықталады. – ағымдық бақылау – бірінші рейтинг – екінші рейтинг Қорытынды бақылау Қорытынды бақылау: Емтихан 2 кезеңнен тұрады. 1) тестілеу 2) ауызша (билет бойынша).
- 1 кезеңдегі емтихан балы - 2 кезеңдегі емтихан балы Қорытынды баға Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталады. І R*0.6+E*0.4 I – қорытынды баға R – рейтингіге жіберу бағасы Е – пән бойынша емтиханның қорытынды бағасы Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40% тұрады. · Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақтың уақытында іске асырылады. · Аралық бақылау: әр семестр сайын оқу тақырыптарын игеру деңгейін анықтау мақсатында іске асырылады. Оқу жылында 4 аралық бақылау тапсырады. · Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).
Қорытынды бақылау, аралық бақылау және кеңес беру уақыты. 1. Кеңес беру уақыты, оқу бөлімінің кестесімен сәйкес өтіледі. 2. Аралық бақылау уақыты: 7-8 аптада. 3. Қорытынды бақылау уақыты – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша. Тәжірибелік сабақты бағалау критериі
Аралық бақылауды бағалау критериі
СӨЖ-ді бағалау критериі
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Қазақ тілі кафедрасы Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104 Мамандығы – 5В110100 Мейірбике ісі
Құрастырушылар: аға оқытушы Ж.С.Қожаханова, оқытушылар: А.С.Бураханова, П.Т.Макижанова
Ж. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР №1 Тақырыбы:Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты. Үндестік заңы
2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2013ж.
«Бекітемін» Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.
1. Тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігерінің анты. Үндестік заңы 2. Мақсаты: - Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мағлұмат беру; - Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету; - Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу; - түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру; - тәуелдік категориясы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту; - өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру; 3. Міндеті: 1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру; 2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу; 3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту; 4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар: а) лексикалық материал бойынша 1. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы. 2. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің антында кездесетін кейбір сөз тіркестерінің мәні туралы. 3. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар. ә) грамматикалық материал бойынша 1ю Тәуелдік категориясы туралы түсінік.
5. Сабақ өткізу жоспары: А)Ұйымдастыру (2-3 минут). Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут). Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мәтін бойынша жұмыс ( 60 -65 минут ). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату. - Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25-30минут ). - Жаңа сабақты қорыту ( 10-15 минут) В) Студенттердің білімін бағалау ( 2-3 минут ) 6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату. 7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам ағзасының суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.
8. Тапсырмалар: А) Мәтінді оқыңыз.
|