Пәннің сипаттамасы.6. 1Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер,тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы,қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Осы орайда білім беруді жаңартудың табысты болуы педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне, білім беру үрдісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты.Педагогикалық мамандыққа деген аса қажеттіліктің өсуі, оған деген қолжетімдіктің кең болуы, жоғары оқу орындарында қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ғылыми әлеуетінің сақталуы, бәсекелес шығармашылық ортаның болуы мұғалім алдына үлкен жауапкершілікті жүктейді.Сондықтан да бұл курс алдына болашақ мамандарды кәсіби әрекетінде өздігінен шығармашылықпен еңбектене алатындай етіп даярлау,студентті әрекеттің объектісінен субъектісіне айналдыру, яғни оның бойында белсенді түрде өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттігін қалыптастыру мақсатын алға қояды. Теориялық бөлімде педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен дамуы, педагогикалық мамандықтың мәні мен ерекшелігі қарастырылады. СӨЖ тапсырмалары болашақ маманның жеке және кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге бағытталады. Аталған курс студенттерге педагогикалық мамандық әлеміне жол ашады. 6.2 Пәнді оқытудың мақсаты: мамандықтың пайда болу және қалыптасу тарихына студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзі тиімді ұйымдастыра алатындай етіп педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
|