Глоссарий
Тақырып:Перзентхананың құрылысы мен жұмысын ұйымдастыру.Акушерлік стационарлардың санитарлық- гигиеналық ерекшеліктері. Әйелдің жыныс мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Әйел жамбасының анатомиясы. Ұрық босану көзі ретінде.
Сабақ № 2. Тақырыбы: Әйелдер консультациясының құрылысы және оның жұмысын ұйымдастыру. Негізгі тапсырмалар. Регионализациялау принциптері. Акушерия және гинекологиядағы этика және деонтология. Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру. Гравидограмма. Перинатальды патология бойынша «жоғары қауіп» тобындағы әйелдер. 2. Тақырып мақсаты: Студенттердің теориялық біліміне сүйене отырып әйелдер консультациясының құрылымын, есебі, жүкті әйеледерді емханада қабылдауды, гинекологиялық науқастарды, кез келген жүктілік мерзімінде жүктілікті анықтау, негізгі әдістерді қолдануды үйрету. 3. Оқыту тапсырмалары: 1) Әйелдер кеңесінің құрылысымен және жұмысын ұйымдастырумен таныстыру. 2) Жүкті және гинекологиялық науқастардан анамнез жинауды, медициналық құжаттарды толтыруды үйрету (формы №111, №113, 084, 025, 030). 3) ҚР перинатальды көмекті регионализациялауды үйрету. 4) Акушерия және гинекологиядағы этика және деонтология сұрақтарын үйрету. 5) Физиологиялық ағымдағы жүктілікті диспансерлік бақылау принциптерін және зерттеу көлемін үйрету. 6) Жүкті әйелді босануға физиопрофилактикалық дайындау мақсаты мен есебін үйрету. 7) Жүкті әйелдерге гравидограмма жазуды үйрету. 8) Гравидограмманы дұрыс интерпретациялау 9) Пренатальды және аналық фактор қаупін бағалауды үйрету. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1) Әйелдер консультациясы дегеніміз не. 2) Әйелдер кеңесінің құрылысы және жұмысын ұйымдастыру. 3) Учаскелік қызмет көрсету мақсатының тиімділігі. 4) Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру. 5) Әйелдер консультациясының медициналық құжаттары. 6) Әйелдер консультациясы жұмысының негізгі сапалы көрсеткіштері. 7) Жүкті әйелді босануға физиопрофилактикалық дайындау мақсаты мен сабқ тақырыбы. 8) Аналық және перинатальды өлім факторын бағалау. 9) антенатальды нәрестені қорғаужа әйелдер консультациясының ролі. 11)Жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау және зерттеу көлемі. 12)Әйелдер консультациясында жүкті әйелдерге емдік-профилактикалық көмектің мақсаты, диспансерлік бақылау 13) Әйелдер консультациясында жүкті әйелдерді зерттеу әдістері. 5. Үйрету және сабақ беру әдістері: 1) Алғашқы білім деңгейін бақылау (Алғашқы білім деңгейін тестілеу) 2) Теориялық материалды талдау. 3) Қорытынды білім деңгейін бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуационды есептер).
6. Әдебиет: Негізгі: 1. Руководство по амбулаторно-поликлинической помощи в акушерстве и гинекологии. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. – с.14-25. 2. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.779-781, 785-790. 3. Радзинский В.Е. Женская консультация (2-ое издание, переработанное и дополненное). 2007. Қосымша:
2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278. 3.Мэтью Матай, Харшад Сангви, Ричард Дж.Гидоти. Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов: руководство для акушерок и врачей. Репродуктивное здоровье и научные исследования. ВОЗ, Женева, 2000. – А37-А46, А56-А80 с.
7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуационды есептер) Сұрақтар. 1. Әйелдер кеңесінің анықтамасы. 2. Әйелдер кеңесінің мақсаты. 3. Әйелдер кеңесінің құрылымы. 4. Әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мақсаты. Әйелдер кеңесінің жұмыс кестесі. 5. Әйелдер кеңесінде қолданатын медициналық құжат. 6.Жүкті әйелдерді диспансерлік бақылау әдісі. 7. Әйелдер кеңесі жұмысының негізгі сапалы көрсеткіші. 8. Аналық өлім, перинатальды өлім есебі. 9. ҚР аналық және перинатальды өлім. 10. Аналық және перинатальды өлім факторын бағалау. 11. Жүкті әйелдерді прихопрофилактикалык босануға дайындау мақсаты және сабақ мазмұны. 12. Нәрестені антенатальды қорғаудағы әйелдер кеңесінің ролі. 13.Нәрестеге жағымсыз әсер ететін әйелдің экстрагенитальды аурулары. 14. Гравидограмма.
|