Сабақ. Бедеу неке.Бедеулікті емдеудегі жоғарғы репродуктивті технологиялар.
Қорытынды тесттер:
1. Қалыпты жыныстық қатынаста өмір сүріп контрацептерсіз анамнезінде мүлдем жүкті бола алмауы: А) біріншілік Б) екіншілік В) абсолютті Г) уақытша (физиологиялық) Д) туа біткен
2. Репродуктивті жастағы қалыпты жыныстық қатынаста өмір сүріп контрацептерсіз мына уақыт аралығында жүкті бола алмауы бедеулік деп аталады: А) 3 ай Б) 6 ай В) 9 ай Г) 12 ай Д) 24 ай
3. Жатыры жоқ немесе жүктілік қарсы көрсетілген экстрагениталды ақаулары бар әйелден генетикалық өз балаңды ҚРТ-ның қай әдісімен алуға болады А) жасанды инсеминация Б) экстракорпоралды ұрықтандыру В)интрациоплазматикалық сперматозоидтар инъекциясы -ИКСИ (ICSI) Г) овоцит және эмбриондар криоконсервациясы Д)«суррогатты» ана
4. Жасанды ұрықтандырудың асқынуларына жатады: А) аналық без поликистозы синдромы Б) жұқарған анлық без синдромы В)аналық бездің гиперстимуляция синдромы Г) резистент ті аналық без синдромы Д)Ашерман синдромы
5. Еркек бедеулігінің ауыр түрінде ҚРТ-ның қай әдісін қолданады? (олиго, астено, тератозооспермияауыр түрлерінде) А) жасанды инсеминация Б) экстракорпоралды ұрықтандыру В)интрациоплазматикалық сперматозоидтар инъекциясы -ИКСИ (ICSI) Г) овоцит және эмбриондар криоконсервациясы Д)«суррогатты» ана
6. Бедеуліктің қай түрін анықтауда посткоиталды тест қолданады: А) эндокринді Б) түтіктік В) перитонеалды Г) иммунологиялық Д) психогенді 7. Еркек бедеулігінің проценті: А) 2% Б) 10% В) 40% Г) 65% Д) 80%
8. Эндокринді бедеу гиперандрогенді клиникасы бар әйелдер қан сарысуынан анықтайды: А) эстроген Б) пролактин В) ФСГ, ЛГ Г) Т3, Т4, ТТГ Д) тестостерон
9.Эндокринді бедеу голоктореялық клиникасы бар әйелдер қан сарысуынан анықтайды: А) эстроген Б) пролактин В) ФСГ, ЛГ Г) Т3, Т4, ТТГ Д) тестостерон
10. ДДҰ бойынша қалыпты спермограммадағы сперматозоидтар саны: А) 1х106/мл Б) 5х106/мл В) 10х106/мл Г) 15 х106/мл Д) 20х106/мл
№8. Гинекологиялық аурулар
|