Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған.1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді. Азақстанның басқару жүйесінде жүргізілген 1867-1868 және 1886-1891 жылдарындағы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары. XIX ғ. 60-жылдарының орта шенінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1822-1824 жж. жарғылар Қазақстанда хандық билікті жойып, мемлекеттік және казактық отарлауға жол ашқанымен, ғасырлар бойы қалыптасқан дестх/рлі басшылық жуйесін жоя алмады. Осыған байланысты Ресей Қазақстанда басқарудың бурынғы жуйесін тубірінен езгертуді ойластырды.1865 ж. Қазақстанды басқарудың жаңа реформаларын дайындау үшін арнайы Далалық комиссия қүрады. Далалық комиссия екі жыл бойы Сібір, Орынбор қазақтарының және Түркістан облысындағы жағдаймен танысып, реформаның жобасын дайындайды. 1867 ж. шілденің 11-інде II Александр патша Тырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені" 1863 ж. қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей обылыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті. Реформаға сай бүкіл қазақ жері патша өкіметінің жеке меншігіне айналып, үш генерал-губернаторлыққа - Түркістан, Орынбор және Батыс Сібірге белінді. Облыстар уездерге, уездер - болыстарға белінді. Бөкей хандығы 1372 ж. Астрахан губерниясына, Манғышлақ пристаетығы еуелі Каеказ әскери округіне, кейін Закаспий обылысына қосылды. Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі тугелдей генерал-губернатордың қолына шоғырланды. Облыстардың басында генерал-губернаторлар, уезд басында генерал-губернаторлар бекіткен офицерлер отырды. Әрбір уезд бастығының екі аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші ақсуйек о/лтандардан шыққан адамдар болды. Әрбір уезд рулық негізінде емес, жер аумақтық негізінде құрылған болыстардан тұрды. Шыңғыстың туқымдары - султандар салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді. Сот қурылысы саласында әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қурылды. Осымен бірге ауылдарда билердің соттары және Сырдария обылысында қазылар соты сақталып қалды. Үй басынан жылына Түркістан генерал- губернаторлығында 2 сом 75 т., Орынбор және Батыс Сібір генерал- губернаторлығында 3 сом салық алынды. 1867-1863 жж. Ережелер екі жылға, тежірибе ретінде ендірілген болатын. Бүл тежірибе іс жузінде 20 жылдан астам уақытқа созылды. 1836 ж. 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже, ал 1891 ж. 21 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже қабылданды. Түркістан өлкесінің қурамына Ферғана, Самарқанд және Сырдария облыстары кірді. Ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал—губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы қаласы болған Далалық генерал-губернаторлығы қурылды. Ережеге сай генерал- губернатордың билігі бурынғыдан бетер кушейе түсті.
|