Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі. 4 страница





Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған азаттық күресі өз дамуында үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең 1833-36 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең, көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып (1837 жылдың басы), олар жеңіліске ұшырауына - 1837 жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады.Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатаймен Махамбет бастаған тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқсанның орта шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілденің орта шені) кезеңімен аяқталады.

Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен басқаруына наразылығы тез өрістеді. Оның тұтануына Жәңгірдің 1833 жылы кайын атасы Карауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды. Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік жұрт өздерінің мүдделері мен ауыл қауымдарының еркін мүлдем елемегендік және өздеріне қыр көрсетушілік деп санады. Жұрт Қарауылқожаны карапайым көшпелілерді қатыгездік-пен қанаушы ретінде, ірі өсімқор-саудагер және күш қолданып басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және жан сала уағыздаушылардың әрі орындаушылардың бірі ретінде де белгілі болатын. Халықтың орныққан көзкарасы бойынша, шыққантегі қожа болғандықтан, оның қазақ руларын басқаруға құқықсыз жағдайының да мәні болды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да, одан кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар аудармады. Ашынған халық бұқарасы ханға ашық карсы қозғалыс бастады.

Оңтүстікте көшіп жүрген беріш руының ауылдары коғамдық ашуыза мен козғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тайманов баскаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның халық бұқарасын басқарудан зортәжірибесі бар еді, ерлігімен және батылдығымен ерекше көзге түсті, әскербасылық касиеттері болды. Оған әуел-бастан-ақ жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісов қосылды, ол сол уақытка қарай-ақ халық арасында шешендігімен, өр мінезімен және терең ойлылығымен ғана емес, сонымен қатар қатардағы көшпелілердің мүдделерін қорғауымен де мәлім болып үлгірген еді. Сөйтіп хандықтың оңтүстігіндегі азаттық козғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті екі қайраткер - Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов тізе қосты.

Хандықтың оңтүстігіндегі жағдай хан режиміне және оның сыртында тұрған отаршылдық өкімет орындары үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды. Оқиғалардың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір хан «тойдырып алып, таспа алу» саясатын колданды. Ол Исатай мен Махамбетке сый-сыяпат көрсетуге тырысады, оларды хан сарайы жаныңдағы маңызды жиналыстар мен съездерге шақырып, хан ордасына патша шенеуніктері келген кезде солармен таныстырады. Бір кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және Жәңгір оны өз нөкерлері құрамында Петербургке император сарайына ертіп бармақшы да болады. 1834 жылы Махамбет Өтемісов старшын болып тағайындалады.

Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысқан барлық әрекеттері калағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңіл күйі барған сайын айқындалып, тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-ашық кудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті. Ол Махамбет Өтемісовті тұтқынға алғызды. Ол «хан иеліктерінен кетуге» және Жайықтың сол жағасына өтуге «үгіт жүргізіп, әрекет жасағаны үшін» 1829 жылғы 15 шілдеден 1830 жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. Исатай Таймановты ұстауға да әзірлік жасалды. Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Карауылқожа Бабажановтың тағайындалуы, бірінші кезекте, Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей, «бетімен кетушілігіне» қарсы өш алу, оларды халық-

тан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалған еді. Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдына Исатайды беріш руын басқарушы кызметінен «тайдыру» туралы және оның өзі мен оған ниеттес ауылдарды кұнарсыз жайылымдық учаскелерге көшіру туралы мәселе қоюдан бастады. Соымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай Таймановты, Махамбет Өтемісовті және олардың басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы «бұлікшілдікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін».

1833 жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті. Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны жакындай түсті; жол бойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалы жаушылары мен хабаршылары жосып жүрді; жиындар мен кеңестер өткізіліп, ауылдардың төңірегінде хан қолшоқпарларының жасалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері құрылды. Азаттық козғалысының осы «жергілікті» кезеңіне мынадай белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп, олардың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан топтарының саясатына қарсы бағытталған козғалыска барған сайын жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Күштер топтастырылып, бір тұтас ұйымға біріктірілетін карулы жасақтар кұрылып жатты. Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттарының бірінде 1836 жылдың мамырында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті «өте зиянды» адамдар деп сипаттап, оларды ұстап алуды және «Ордадан біржола аластауды» сұрады." Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиіледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті. Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көрінеу көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Исатай мен Махамбет халық жиындарының бірінде ханның катысуынсыз және оған жалтақтамай, дербес басқаратынын жариялады. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа бөліктеріне таралды. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері кұрылды. Көрінеу күші басым, жақсы каруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және оларменкездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты. Алайда олар жазалаушылардың қуғынынан көп ұзап кете алмады.

15 қараша күні таң алдында 2 мың солдат пен хаң адамдарынан тұратын Геке отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабы ауданында қысқа уақытқа созылған бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. ¥сақ топтарға бөлініп, олар әр түрлі бағыттарға бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды кайта жинауға жасаған әрекеттері табысқа жетпеді. Бұдан кейін жазалау отрядтарының іс-қимылы көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын тобын жоюға бағытталды, бірақ аумағы жағынан жердің шектеулілігін шебер пайдаланған олар жауға шеткі топтарымен ұсақ кақтығыстар жасай отырып, өздерінің ізіне түскен отрядтармен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.

Ханға және бай-сұлтан шонжарларға қарсы тегеурінді күрес жүргізуден үмітүзген Исатай мен Махамбет бостандық жолындағы күрестегі еңтабанды сарбаздарының шағын тобымен бірге Жайықтың арғы бетіне өту мүмкіндігінің жолдарын іздестіруді ұйғарды. Жайықтың екі жағына қойылған әскери тосындардың тығыз желісіне қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанынан 14 желтоқсанына қараған аязды да боранды түнінде Жаманқала форпосты тубінен өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далаға сіңіп үлгірді.

Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы осылай аякталды. Бірақ ол Жайықтың сол жағасына ауысты. Исатай мен Махамбет бастаған аттөбеліндей кетерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Исатай мен Махамбет мұндада патша өкіметінің және жергілікті феодалдардың жазалау отрядтарымен шешуші шайқас үшін күштерді шоғырландыру жөніндегі қызметін өрістетті. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші-сұлтан Айшуақов пен оның жақтастарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш туғызған көтерілісші ірі отряд құрып алды. Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз аумағындағы Исатай Таймановтың козғалысын басып-жаныштау үшін дала өңіріне жаңа отрядтарды жіберген үстіне жіберіп жатты.

1838 жылғы 12 шілдеде көтерілісшілердің шамамен алғанда саны 500 жігіт болатын негізгі тобы Ақбұлақ және Киыл өзендері арасындағы ауданда под-полковник Геке баскарған біріккен ірі жазалау отрядымен түйісті. Болған ұрыста көтерілісшілер нағыз ерлік пен жанкиярлық көрсетті, бірақ күш мүлде тең емес еді, көтерілісшілер талқандалып, олардың басшысы Исатай Тайманов қаза тапты.

Халық бұқарасының 1833-38 жылдардағы шырқау шегінде шаруалар көтерілісіне айналған азаттық күресі өзінің өрлеуі кезеңінде ханға қарсы және отаршылдыққа қарсы бағытта болды. Ол жер үшін күрес шеңберінен шығып кетті, дегенмен бұл оның әлеуметтік-экономикалык себептерінде айқындаушы жәйіт болып қала берді.

Көтерілістің салдары. Көтеріліс талқандалғаннан кейін отаршылдык өкімет орындары мен хан жағындағы үстем топтың оған қатысушылар мен ұсақ топтарға бөлініп, дала өңірінде бой тасалауға тырысқан, бір бөлігі Арал өңіріндегі қоныстарға кеткен, оған тілектес бейбіт ауылдарды қатыгездікпен қудалауы басталды. Қазақ жүздіктері мен арнаулы жазалау отрядтары көтеріліске белсене қатысу-шыларды колға түсіріп, көптеген ауылдарды талап-тонауға ұшыратты.

Көтеріліске қатысушылар дүре соғылып, өлімші етіп жазаланды, каторгалық жұмысқа кесіліп, тұтқындар роталарына жіберілді, Сібірге айдалды, мүліктері тәркіленіп, мәңгілікке жер аударылып жіберілді. Махамбет Өтемісовтің бауырлары Ысмайыл мен Сүлеймен: біріншісі 500 адамдық саптан үш қайтара өткізіліп, сым шыбыкпен дүреленуге және алты жылға Ригаға крепостниктік жұмысқа айдалуға, бұл мерзімнен өткен соң Сібірге мәңгі қоныстандыруға, ал екіншісі «қаны шыққанша» қамшымен дүре соғуға, кейіннен солдатқа жіберілетін болып, Киевке крепостниктік жұмысқа айдалуға жазаланды. Исатайдың адал серіктері Нұрғыс, Ергіс, Көшім Сартовтар мен олардың әкесі Сарт Ералин одан да ауыр жазаға кесілді. 1838 жылдың маусым айында Орынбордың әскери орындары көтеріліске белсене катысушылардың 16 адам құрамындағы алғашқы тобын кейіннен крепостниктік және каторгалық жұмыстарға айдайтын болып, қамшымен және сым шыбықпен дүре соғуға кесті. Нақсол кезде Оралда, ресми деректер бойынша, көтеріліске белсене катысқан 39 адам сотсыз жне тергеусіз қамауда ұсталған. Біраз көтерілісші түрмелерде сотқа дейін-ақ өліп кеткен.

Халықтың ханға, билеуші сұлтандар мен олардың төңірегіндегілерге, сон-дай-ақ отаршылдық өкімет орындарына деген өшпенділігі көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін өзі қарсы бағытталғандарға әлі де көп уақыт бойы үнемі үрей туғызған қаһарлы күш болып кала берді. Көтеріліс басып-жанышталғаннан кейін бес жылға жуық уақыт өткен соң Жәңгір хан Орынбор комиссиясына: «...Исатай карақшыларының арам ниетті қалдыктары да мені үнемі аландатып келеді», - деп жазды. Хан оларды «өзіне кастық ойлайтын арам ниетті адамдар» деп сипаттаған.

Көтеріліс жетекшісі Исатай Тайманов қаза тауып, көтерілісшілердің соққы беретін күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісов дала өңірінде бой тасалап жүрді, бірақ бірсыпыра уақыт өткен соң халық бұқарасы арасында ханға және патшаны жақтайтын пиғылдағы барлық шонжарларға қарсы кайтадан үгіт жүргізуге кірісті.

Махамбеттің халық арасында қандай құрметке ие екенін және оның қанат бітіретін шешендікпен ұштасқан теңдесі жоқ ақындық дарынын білетін Жәңгір хан мен билеуші-сұлтан Айшуақов оның өздеріне қарасты рулар мен ауылдарға келуіне жол бермеуге тырысты. Олар жауынгерақын шақырудан шаршамаған халық ашу ызасының жаңа дүмпуінен қауіптенді. 1843 жылдың басында Махамбеттің Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін ести салысымен, хан шекаралық басқармаға дереу былай деп жеткізген: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тыйым салғанына қарамастан, оған жакын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда».

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басшылық еткен шаруалар көтерілісі жеңіліс тапты. Сол бір нақты тарихи жағдайларда оның басқаша бітуі мүмкін емес болатын, өйткені хан билігі мен билеуші-сұлтандар жағында патша үкіметінің күшқуаты таразы басып қана қойған жоқ, сонымен қатар шаруалар козғалысы аясы тар және шектеулі болды, Қазақ-станның басқа бөліктеріндегі азаттық қозғалысымен байланысы болмады, оның үстіне Ресейдегі басқа да азаттық қозғалыстарымен байланыссыз жүргізілді. Алайда көтерілісшілердің батылдығы сүйсінуге лайық. Олар өлкеде езушілерге қарсы күрес туын жоғары сатыға көтеріп, әлеуметтік бостандық жолындағы күрес эстафетасын жаңа ұрпақтарға ұстатты.

5.Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1847 жж.) Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдыңғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатан енгізілуі жағдайында отаршылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, казақ жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық, әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінің бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.

Кенесары Касымов тарихи аренаға Казақстанның 1822, 1824 жылдардағы сібір және орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан катер төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын калпына келтіру, «дуандарды» (XIX ғасырдың 20-30-жылдарында Казақстанда құрылған округтер оның хаттарында осылай көрсетілген) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды. «Бұлікшіл сұлтан» күресінің негізі талаптары оның император I Николайға, орынбор губернатор-лары В. А.Перовскийге, В.А.Обручевке, сібір губернаторы, кінәз В.Д. Горчаковқа, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы А.Ф.Генске және басқаларға жолдаған көптеген хаттарында айқын анықталған. Ғүбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Касымовпен бір қатарға тұра алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан кем түскенімен, одан да, әкесінен де (Қасым төре.-Рет.) мінезінің өрлігімен асып кетіп, бүкіл далаға әйгілі болды».

«Айлакер, ерекше сипатты саясатшы» ретінде Кенесары Касымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялықта күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың, старшындардың, билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын колдағандарды қатаңжазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылда-ды, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткендер, әскери тәртіпті бұзғандар оның каһарына үшырап отыруы жиі болып тұрды.Атап айтқанда мұны «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді, онын авторы ақын әрі жауынгер Нысанбай атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене катысқан. Айтпақшы Кенесарыға еріксіз тұтқын болған барон Услар (Услар) суреттеген ханның сөзбен сипатталған портретін келтіре кету артық болмас: «Кенесарының бойы биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде қалмақ сипатты бітім бар және оның шыққан тегін еске салады. Айта кетелік, оның кысыңқы көздері мысқыл араласқан ақыл нұрын шашып тұрады, ал оның кескінінен әсте де қаталдық байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдык керсеткен».

Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялык касиеттерін керсетті.

Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовскийдің атына жазған алғашқы хатында-ақ ол Казақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.

Казақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында қазақ жерлерін басып алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа округтер кұрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханының бейбіт жолмен шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты кұжаттар сақталған. Омбы қала бастығына Үшбұлак округтік приказының 1838 жылғы 26 желтоқсандағы хабарламасында ханның жеке өкілдері - Көкшетау, Ақмола және Баянауыл округтерінің бес қазағы (Тобылды Тоқтин, Жүсіп Жанкүшіков, Мәмберді Қонысбаев, Тайтоқа Дөненов және Қосымбай Қазанғапов) ұсталғаны туралы хабарланған, оларға хан Ресей императоры мен Батыс Сібір генерал-губернаторына арналған екі хатты жеткізуді тапсырған. Е. Бекмахановтың кітабында Кенесары сенім білдірген бес адамның екеуі аталады.

Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық белімшелерін бірік-тіруге барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-1845 жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінің өзінде де қол жетпеді.

Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шонжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдануына сүйеніп, омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Коңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші-сұлтандары Ахмет және Мұхаммед Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай хан материалдық және өзге де құралдарды керек етті, әлбетте, бұл салық ауыртпалығының ұлғайтылуына әкеп соқты.

Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынан сауда жолдарын бақылау катайтылған жағдайларда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен камтамасыз етудің кажеттігі талап етті. Көтеріліс аудандарына астық жеткізуші керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленді, ал кепестер, саудагерлер қатаң жауапка тартылды, мұның өзі көшпелі халық үнемі көшіп-қонып отырған жағдайда да ханды егіншілікті көтермелеуге мәжбүр етті. Үкіметтің катаң шараларына қарамастан астық артылған керуендер жер-жерден, тіпті алыстағы Кіші жүзден де келіп жатты. Ол егіншілікті бірден-бір және «күнкөрістің молшылық көзі» деп білді. 1846 жылдың күзінде Іле өзенінің оң жағасына жақын Қарақамау алқабы ауданынан «...ол жалайыр руының егіншілерін тапты. Егіншіліктің артықшылықтарын көрген хан өзіне еріп жүргендерге де диқаншылықпен айналысуды ұсынды».

Кенесарының саудасаясатының да өзіндік ерекше-ліктері болды. Кәпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты, кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды. Оның хандығының шегінен шыққаннан кейін приказчиктердің өздерін «жауап алу үшін» тоқтатқан қазақ отрядтарының командирлеріне жағынуға тырысып, ол туралы тек қана «қарақшы» деп айтуы сирек кездеспесе де, Кенесары ауылдарында тоқтатылған көпестерге меймандостық пен қамқорлық көрсетілгені туралы кұжаттар жетіп жатыр.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1361. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия