Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі. 5 страница
Бұрынғы мемлекеттік кұрылыс едәуір кайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батыр-лардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды. Бірақ шешуші дауыс Кенесарының өзінде болды. Хан кеңесіне, негізінен алғанда, азаттық күресінің мүдделеріне адал,сол кездің өзінде-ақ халықтың ақылды да шебер саясатшылар деп тануына лайық болған жеке ерлігін, дипломатиялык қабілетін көрсеткен, адамдар кірді. Хан кеңесі шешімдерінің, үндеулерінің ауылдарда таралуын, түсіндірілуін және орындалуын арнаулы басқару қызметі қадағалап отырды. Мемлекет басында болғанында Кенесары шыққан тегіне қарамастан, теңдесі жоқ жеке касиетін көрсеткен адамдардың басқару ісіне тартылуын көтермелеп отырғандығы тарихтан белгілі. Хан Ресейдің, Орта Азияның лауазымды адамдарына үнемі хат жолдап отырды. Диплом-атиялык қызметті ұйымдастыруға ол ерекше зор мән берді. Оныңхаттары, жолданымдары мазмұнының айкын накты,талаптарының дәлелді болуымен ерекшеленеді. Орыс дипломаттары Гернді, Долговты, барон Усларды, белгілі көпестерді кабылдаған кезінде хан өзін дипломатиялык әдептілікпен ұстаған. «Дінсіз кәпірлерге қарсы одақ» жасасу үшін «даңқты батырдың даңқты Хиуа мемлекетінің» елшілерін қабылдауы жағдайларының бірін Я.Палферов сипаттаған. Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа кабілетті қалың қол ұйымдастыра білді. Кенесарының жүздіктерге және мындықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі кадағалап отырған катаң тәртіп, оның айтарлықтай кысқа уакытта жауынгерлердің толық жиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді. Кенесары өз әскерлеріне айырым белгілерін енгізді. Көтеріліс жетекшісінің өзі кейде орыс армиясының алтынды офицерлік эполеттерін тағынып жүргенін көптеген деректемелер растайды: «.„ақбоз атқа салт мініп, алтын оқамен көмкерілген шолақ шекпен киген және орыс полковнигінің эполеттерін тағынған әскербасының өзін де дүрбімен көру мүмкін болды.Оның басында офицерлер киетін арнайы фуражка, ал бір иығында артқа тастаған күміс салпыншақ шарф», - 1844 жылдың тамызында Екатерина станицасын қоршау кезінде Кенесары осылай сипатталған. Кенесары өзіне қажетті мәліметтер жеткізіп отырған жансыздарының кызметін шебер пайдаланды.Осындай акпараттың арқасында, хан жазалау күштерінің әскери жүріс-тұрысының жоспарларын алдын ала біліп отыр-ды, бұл оның өз адамдарын орынсыз қырғынға үшыратуды болғызбауына мүмкіндік берді. Кенесарының соғыс кимылдарын жүргізу тактикасы полковник Дуниковскийдің, әскери старшын Лебедевтің рапорттарында, есептерінде, хабарламаларында, XIX ғасырдағы, тарихшылар Н.Середаның, В.Пттонның, Л.Мейердің және басқалардың еңбектерінде егжей-тегжеилі суреттелген. Кенесары жеке басының ерлігімен, өр мінезіімен ерекше көзге түскен, өзінің калың нөкерлерінің алдында «әрқашанда сәңді барқыт бешпент киіп, салт атпен салтанат кұрып жүрген», іс-қимылында ол «жолындағының бәрін жайпап өтетін дауыл сияқты болған». Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғысына қарағанда неғұрлым батыл жалғастырды. Қоқанның Созақ бекінісін алған соң Кенесары соғыс кимылдарын кеңейтіп қана қоймаи, сонымен бірге өз жақындарының қаза тапқаны үшін кек қайтаруға да ниеттенді. 1843 жылға дейін үкімет көтерілісшілерге қарсы тұрақты армияның ірі контингентін пайдаланудан тартынып, отаршылдыққа қарсы қозғалыстың негізгі ошақтарын қазақ бөлімдерімен тұншықтыруды жөн көрді. Оның үстіне XIX ғасырдың 40-жылдарына дейін жоғары дәрежелі әскери-әкімшілік шенділер жалпы халықтық қозғалысты «қару қолданбай, Ұлы мәртебелінің мейірбандық сезімдеріне сәйкеес келетін адамгершілік сенімдермен» басу үмітін жоғалтпады. Атап айтқанда, генерал-майор Жемчужников осындай көзқарасты жақтаушы болды, ол әскери министр Чернышевті өз жоспарын қабылдауға сендірді.. Бұл орайда Жемчужниковты Сібір және әсіресе Орынбор генерал-губегрнаторлықтарының проблеманы беибіт жолмен шешу көзқарасын ұстаған жекелеген патшалық әскери қайраткерлерінің қатарына жатқызу, әрине қате болар еді. Жемчужников мұндай қорытындыға кең ауқымды күрес басталған кезден 4-5 жыл бойы бытыраңқы отрядтармен кимыл жа саған қазақ құрамалары командирлерінің үлесіне тиген талай сәтсіздіктеррдің себебінен келген еді. Алайда көтерілісің әлдеқашаннан бері имперрия бодандығында болып келген шалғайдағы аудандар мен аймақтарды одан әрі қамтуы патша өкіметін қатты мазасыздандырды. Азаттық күүресінің белсенді кезеңі Солтүстік Кавказ таулықтары қозғалысының өрлеуіне тұстас келді, ал Петербург сарайы таулықтар козғалысын басуға едәуір әскери күштер бөлуге мәжбүр болған еді. Араларында ортақ белгілер де, сонымен бірге ерекшелік те көп болған отаршылдыққа карсы осы мейлінше куатты қозғалыстар ыкпалының көршілес аймақтарға таралу болашағы патша өкіметін Оралдан арғы шет аймақта орналастырылған тұрақты әскери күштерді колдана отырып, Кенесары ханға қарсы нағыз соғыс бастауға мәжбүр етті. «Бір мемлекетте екінші мемлекет болмауы керек» деген қарарға қол қоя отырып, I Николай 1843 жылғьі 27 маусымда Кенесарыға карсы кең көлемде соғыс жорығына рұқсат етті. Әскери старшина Лебедевтің 300 адамнан тұратын отряды алдыңғы соққы беретін күш болуға тиіс еді, кейіннен оның отрядындағылар саны 1900 адамға жетті; 1843 жылдың тамызында А. Жанторин және Б. Айшуақов сұлтандар бастаған екінші топ жарақталды. Тайталасушы тараптардың 1843 жылғы 7 тамыздағы шайқасы үкіметке тілегендей нәтиже бермеді. Полковник Бизанов бастаған қарулы топ көтерілісшілердің негізгі күштерін кездестірмей, Орск бекінісіне кайтып оралды. Өлкені жақсы білген Кенесары шабуылға шығып, 1844 жылғы 20 шілдеден 21 шілдеге қараған түні Жантөрин сұлтан отрядының быт-шытын шығарды. Әскери старшина Лебедев сылбырлығы және дереу көмек көрсетпегені үшін әсқери отрядқа басшылық етуден шеттетілді. Жеңіспен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 жылғы 14 тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады, маңындағы елді мекенді, форштадты өртеп, 40 адамды тұтқынға алды." Көтерілісті басу үшін Орынбор жағынан полковник Дуниковскийдің отряды щықты, ал әскерлердің сібір тобын генерал Жемчужников басқарды. Кенесары патша отрядтарының қудалауынан құтылып кетті. Үкі-меттік топтарды абыржушылық жайлады. Оның үстіне Шәмілмен ұзаққа созылған соғыс үкіметтің күш-кұралдарын одан әрі аландата берді. Кенесарымен соғыс та тез жеңіске жеткізбейтін сыңайда болды. Мұнымен қоса Орынбор губернаторы В. А. Перовский мен Сібір губернаторы В. Д. Горчаков арасында Кенесарыға қарсы күрес жолы жөнінде кереғар көзқа-рас пайда болды. Перовский бұрынғысынша жанжалды бейбіт жолмен шешуді, ал Горчаков көтерілісті қарулы күшпен басып-жаныштауды жақтады. Орынбор бастықтары Долгов пен Гернді елшілікке жіберу қажет деп тапты, елшілік алынған нұсқауларға сәйкес Кенесарының алдына кабылдауға болмайтын шарт койды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде көшіп жүруге рұқсат етілді. Патша елшілері алға қойылған мақсатқа жетпей, кері қайтуға мәжбүр болды. Бұл орайда Долгов Орынбор әкімшілігіне Кенесарының барлық орыс бекіністері жойылып, басып алынған жерлер қазақтарға қайтарылған, дала өңіріндегі талап-тонау мен зорлық-зомбылық тоқтатылған жағдайда ғана өзінің Ресей протекторатын кабылдауға келісетіні туралы жауабын жеткізді. Енді үкімет Арал-Сырдария алабы өңірінде бірнеше бекініс салып, Кенесары ханды Орынбор өлкесінен ығыстырып шығаруға тырысты. Екі жақтан Қыспаққа алынған Кенесары Сарыарқадан кетіп, көтеріліс орта-лығын Ұлы жүзге көшіруге мәжбүр болды. Ал Сібір өкімет орындары Кенесары жасақтарының аймаққа келуінің алдын алу мақсатымен, халық және мал санағын жүргізуді сылтауратып, Жетісуға Сібір Шекаралық басқармасының торағасы генерал Вишневский басқаратын зеңбірегі бар едәуір әскери күштер жіберді. Кенесары ханның Жетісуға келуі халық арасында терең жік туғызды. Сірә, жалпы халықтық қозғалыстың ыкпалына үшырамаған бірде-бір ірі ру бөлімшесі болмаған шығар. Бұл да генерал-губернатор В.Д.Горчаковтыы 1846 жылдың жазында Лепсі-Каратал ауданында старшындар, сұлтандар, атақты билер, ықпалды болыс басқарушылары съезін шакыруға өкім беруге итермеледі, мұндағы мақсат отаршылдыққа қарсы қозғалысты айыптайтын, үкімет үшін тиімді келісімді оларға зеңбіректерден атылған гүрсілдер тұсында және қатаң жауапқа тарту жөнінде қорқыту арқылы қазақ ақсүйектерін ресми өкімет орындарының ханды саяси жағынан окшаулауға және оның көтерілісшілерін Ұлы жүз шегінен ығыстырып шығаруға бағытталған ұстанымына ынтымақтастық білдіруге мәжбүр ету болатын. Кұжаттың түпнұсқасында «қаскүнемдерді жою жөнінде» және олар табылған жағдайда ең жақын приказ арқылы Ресей Үкіметіне «дереу жеткізу» үшін 17 сұлтанға, 27 биге, бірқатар болыстық старшындарға жүктелген негізгі міндеттемелердің мәні ашылып көрсетілген. «Бұлікшіл ауылдардың» қонысына ең жақын өңір Аягөз және Алатау округтері болып шықты; көтеріліс қамтыған өңірге бір жағынан жасаул Нюхаловтың отряды; оңтүстіктен - жүзбасы Абакумов-тың қазақ командасы жіберілді. Ол кезде ақылымен және шешендігімен әйгілі болған болыс басқарушысы, Абайдың әкесі - Кұнанбай Өскенбаев үкіметті жақтау-шылар қатарында болған. 1846жылдың жазында Кенесары Балқаш көлінің жағалауындағы Камал түбегін басып алды; сол жерден ол жазалау отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді. Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген. Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады. Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтан ның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады». Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул отрядтарына жансала қарсыласу мақсатымен жаңа ауылдарды тарту есебінен өз негізін кеңейтуге ниет етті. Бірнеше зеңбірегі бар ханның он мыңдық жасағы едәуір күш болатын. Жазалаушы кұрамаларға қарсы осыныңалдындағы қақтығыстар бойынша жауынгерлік тәжірибе жинақтаған көтерілісшілердің каруы да жаман емес еді. Оларға Қоқан хандығына қарсы белсенді күрес кезеңінде қосылған хиуалык жеті шебер оқ ататын зеңбірек дайындап берген. Жетісуда жүрген және азық-түлікпен қамтамасыз етілу аудандарынан шеттеп қалған хан өз ауылдарын астықпен жабдықтау проблемасын өзінше шешті: нақ сол Нюхаловтың хабарлағанындай, Кенесары өзіне бағынғысы келмеген, «егіс егіп, оларға астық дайындап беруге тиісті» «500 шаңырақ үйсіндерді» тұтқында ұстады. Талантты қолбасшы ретінде Кенесары өз жасағына да, оның үстіне бүкіл көтеріліске де тұрақты бөлімдер кенеттен қоршауы мүмкін болған жағдайда, өзінің Балқаш өңіріне орналасуының сәтсіз екенін айқын түсінді. Сонымен бірге оның жасағы Орта жүз бен Жетісу аралығында қимыл жасап жүрген басқа да бытыраңкы жасақтардан бөлініп қалды. Кенесары жағдайды дұрыс бағалап және күресті жалғастыру үшін жағдайдың әлсіздігін біліп, өз ауылдарымен бірге Іле өзенінің оң жағалауына өтті және сұлтан Рүстем Әбілфейізовтің жасақтарымен бірікті, мұның өзі кешірілмес жаңсақтық болатын. Бұдан кейінгі окиғалар Рүстем сұлтан ның дәйексіздігін көрсетті. Бұл көтерілістің жеңіліс табуын тездетті. Жетісуда болған кезінде Кенесары қырғыз манаптарына жергілікті ха-лыктан зекет жинау үшін екі мың адамдык жасақ жіберді. Алғашкы кақтығыстардың өзі-ақ қырғыз руларының қазақ ханы өктемдігіне бағынбауға бел байлағанын көрсетті. Оның үстіне аймаққа ниеті белгісіз ірі карулы күштер келгені туралы ескертілген ең басты кырғыз манаптары қарсылық көрсету үшін қол жинап үлгерген болатын. Екі мың адамдық жасақтан «мың шақты адам ашжалаңаш қайтып келіп, жеңіліске ұшырағандарын және өздерінің кашып кұтылғандарын хабарлады». Кенесары өз жағдайының киын екенін, Абылай ұрпақтарының арасындағы терендей түскен алауыздыктарды ықпалды манаптармен жасырын байланысы бар қазақ отрядтарының командирлері шебер және дер кезінде пайдаланатынын жақсы түсінді. Ол былай тұрсын, Кенесары өз жорықтарына қатысуға күштеп мәжбүр еткен ыкпалды қазақ батырларының бірі Сыпатай Ормон ханмен құпия байланыс жасап, казақ жетекшісін - таудың сыртында қырғыздардың қалың қолы тұр, сен олардың осы уақытқа дейін тек «шабақтарымен айналыстың, сазандарымен енді ғана кездесесің» деп иландырды.Бастапқы мақсатқа жету - Тянь-Шань қырғыздарын, Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне бағындыру, Шу өзенінде қыстап шығу, одан соң Үш-Алматыны жайлау мүмкін еместігі барған сайын айқындала түсті. Оның Цин Кытайының шығыс шектерінде кешіп жүруге оның келісімін алуға тырысуы Кенесарының қырғыздармен қантөгісті қақтығыстар жасамау ниетіне байланысты болатын. Іле өзенін бойлай жоғары өрлеген ол көптеген ауылдармен бірге қытай шекарасына терендей кіріп, Үйгентаска токтады да, одан Шыңжаң билеушісіне Кұдайменді Саржанов сұлтан, Шоқтар Бактыбаев би және Сұйдақ қожаны елшілікке жіберіп, «оның жерінде көшіп жүруге рұқсат ету туралы» өтініш жасады, бұған рұксат ала алмады. «Ол қытай қамқорлығына алынбайды және қайдан келсе, сонда кетсін, қытайдың өкімет орындары сізбен де, іспен де кінәлі болғысы келмейтін Ақ патшадан мейірім сұрасын...» Кенесары өз елшілерін жібергеннен кейін бір ай өткен соң, оның ауылына арнаулы тілмаштар жеткізген жауаптың мәтіні осындай болды, мұның өзі оны Ұлы жүз бен Қырғызстан шегінде көше жүріп, Жантай, Ормон манаптарға мынадай мазмұндағы хат жолдауға мәжбүр етті: «Менің мұнда келу мақсатым жауласу және қан төгу емес, кайта қырғыздар мен қазақтарды біріктіру... және жалпы алғанда, қоқандықтардың қысым көрсетуінен кұтқару...». Алайда ол озінің бейбіт ниеттерін жүзеге асыра алмады: мұның үстіне қырғыз ауылдарына дұшпандары таратқан оның «кырғыз руларын жоюды», ойлайтыны, сондай-ак қырғыз елшілеріне менсінбей қарауы туралы сыбыстар қырғыздардың қарсы қимылын қатайта түсті. Бас манаптар Жантай Қарабеков, Ормон Ниязбеков өз қимылдарын жасаул Нюхаловпен келісе отырып, «жанталаса қимылдауға -өлім, яки оның көзін жоюға шешім жасады». Сол екі арада Кенесарының жасақтары жат жерде ұсақ-түйек қақтығыстарға барғанмен, түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізе алмады. 1847 жылғы сәуірдің ортасына карай қырғыздар негізгі күштерін біріктіріп, бейне бір жүз мыңдык әскер жинаған сияқты, дегенмен бұл деректердің көп асыра көрсетілгені көрініп тұр. Адам саны жөнінен артықшылық қазақ ханының жаулары жағында болғаны анық. Шешуші шайқас 1847 жылғы 17 және 25 сәуір аралығында қазіргі Тоқмаққа жақын, қазақ сарбаздарын қырғыздар кақпанға түсірген терең шатқалда болды. Таулы жер ханға өз артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермеді, оның өз қолында бар жеңіл зеңбіректермен атуды барынша пәрменді түрде пайдалануға мүмкіндігі болмады. Кең далада ойдағыдай қолданылып, сынақтан өткен атты әскерлер де кең қанат жаюы мүмкіндігінен айырылды. Үш тәулікке созылған тең емес шайқас қазақтардың күшін титықтатты; жағдайды ұрыс алаңынан Рүстем сұлтан мен Сыпатай би жасақтарының кенеттен шегініп кетуі қиындата түсті. Кенесары және 30-дан астам сұлтан тұтқынға түсті, қалғандары «бытшыт болып, жан-жаққа қашып кетті». Кырғыздардың тұтқынына мыңнан астам сарбаз түсіп, құлақестіп көрмеген қатыгездікпен өлтірілді. «Кұлдықтың қасіретті шынжырын лақтырып тастағысы келген көшпелілердің үміті», қазақтың соңғы ханы осылай қаза тапты. «Осы бұлікшіні құртқаны үшін» кырғыздардың басты манаптары Ормон Ниязбеков, Жантай Карабеков, оның інісі Калығұл Әлібеков, сұлтан Рүстем Әбілфейізов, Сыпатай би Мырзагелдин патша үкіметінен мол марапаталды. Кенесары қайтыс болғаннан кейін алты жылдан соң Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне үміткерлерді таңдау кезінде Рүстем Әбілфейізовтің Ұлы жүздің аға сұлтаны қызметіне кандидатурасы «оның бұрынғы сенімсіз әрекеттері себепті» қабылданбай тасталды, яғни оның бастапқыда Кенесары Қасымовпен уақытша байланыс жасағаны ескерілді. Ханның жеңіліс табуы мен қайтыс болуы орыс отрядтарының Іленің арғы жағындағы өлкеге және Солтүстік Қырғызстанға одан әрі тереңдей енуіне қолайлы жағдай жасап, аймақты Ресей империясына қосып алуды жеңілдетті. Кенесары Қасымовтың көтерілісінің біршама қайшылықтары, анықталмаған мән-жайлары бар: бір жағынан, Қоқан хандығымен (қазақтарды азат ету мақсатын көздеген) соғыс, ал екінші жағынан, бауырлар қырғыздармен қантөгісу соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі.
|