Лекция №28-30 ХХғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Негізгі ұғымдар: Мемлекеттік Дума, реквезиция, бұлік, ақпан буржуазиялық-демократиялық революция, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы, мұсылмандар партиясы. Мақсаты:Қазақстандағы ерекше саяси жағдайды атап көрсету. Жұмысшылар мен интелигенцияның ролін ашып саралау, мұсілмандар қозғалысының мақсаттарын Көрнекілігі:электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХ ғғ. Тоғысындағы Қазақстан. Жоспар: 1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай. 2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері. 4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда. Лекция 1. Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай. 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей халықтарына аса ауыр қасірет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі патша шенеуніктерінің озбырлығы мен зорлық-зомбылығы өлшеусіз өсті. Қазақтардан, бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800 мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді. Соғыс орасан көп мөлшерде шикізатты, азық-түлікті, малды және басқа да материалдық құңдылықтарды жалмап жұтты. Шаңырақтарға жаңа әскери салық енгізілді. Соғыс басталған соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есе өсірілді. Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісі сұмдық құлдырап кетті. 1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 миллион десятинаға теңелді. Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі, соғыс кесапаты – халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды. Соғыс жағдайларында “Қазақ” жалпы ұлттық газетінің төңірегіне біріккен қазақтың либерал-демократиялық зиялыларының жетекшілері - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және олардың жақтастары, сондай-ақ қазақ зиялыларынан шаруа-демократиялық бағытты жақтайтын М. Сералин, Б. Майлин, С. Дөнентаев және басқалар сынды “Айқап” журналының төңірегіне топтасқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды. Саяси көзқарастары мен әрекеттеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, қазақ зиялыларының жоғарыда аталған өкілдерінің көптеген туындыларының өзегі “Оян, қазақ!” ұраны болды. (осы атаумен 1909 жылы Міржақып Дулатовтың өлеңдер жинағы жарияланған еді.) Қазақ оқымыстылары өздерінің жан-жақты шығармашылығымен, жалпы демократиялық талаптар ұсынып және өз ойларын екінің бірінде мысқыл тілімен білдіре отырып, өлкеде отаршылдыққа қарсы саяси жағдайдың тамыр жаюына жәрдемдесті. Халық санасына ұлт-азаттық күресінің қажет екендігі идеясын сіңірді. 2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстанның, Орталық Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды. Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды. Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тартып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек. Верный уезі Пригородный учаскесінің қазақтары өздерінің 1916 жылғы 17 қазанда Түркістан генерал-губернаторына көтерілістің себептері туралы арызында дұрыс атап көрсеткендей: оны туғызған “халық дұрыс түсінбеген тыл жұмысына жұмысшыларды шақыру ғана емес. Себеп тереңіректе жатыр. Бір жағынан, жерден қысым көру және екінші жағынан қазақтарды басқару жүйесі” қазіргі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады. Жер жөнінен қазақтар соңғы он жылда өте қатты қысым көрді: облыста 1903 жылы құрылған қоныс аудару басқармасы 1908-1909 жылдарда қазақтардан жерді алып қоюды. күшті қарқынмен жүргізді. Соның салдарынан қазақтардың дайын суландыру арықтары, бау-бақшасы мен қора-қопсылары бар ең жақсы жерлері тартып алынды. Олар сусыз нашар жерлерге қуылды; орман алқаптары түгелдей қазынаның пайдаланылуына алынды. Мұндай көрініс Қазақстанда жер-жерде байқалды. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның және ішінара Сібірдің 19 жас пен 43 жасқа дейінгі “бұратана” ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу және т.б.) “Реквизициялау туралы” жарлығы тікелей себеп болды. Оның үстіне жарлықта “жұмылдыру”, “әскерге шақыру” деген сөз емес, қайта әңгіме бейнебір малды реквизициялау (өткізу, алу) туралы болып отырған сияқты, “реквизиция” (жеке адамның мүлкін зорлап алу) деген сөз қолданылды. Бас штабтың салғырт бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан, Орталық Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Егер өлкедегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, әрбір үшінші шаруашылық қызметкерінен айырылады екен, ал сонымен бірге мұндай мөлшерде жұмысшы қолын әкету ұлттық ауқымдағы сұмдық апатқа айналатын еді. Жарлық туралы хабар жергілікті баспасөзде жарияланды және болыс басқарушыларының жиналыстарында оқылып, қосымша түсіндірмелер мен түсініктемелер берілді. Жарлықтың бірқатар ережелерінің бұлыңғырлығын отаршылдық әкімшіліктің жергілікті шенеуніктері шебер пайдаланды. “Инженер М. Тынышбаевтың жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторы мырзаға 1916 жылғы оқиғаларға байланысты айғақтарында” Жетісу генерал-губернаторының үндеу хатында окөп жұмыстарына шақыру туралы айтылғаны атап өтіледі. Селолардағы бұрынғы орыс солдаттары қазақтарға “окөп” дегеннің не екенін түсіндірген кезде, халықты жұмылдыру (“алу”, “өткізу”) шын мәнінде қарусыз адамдарды қыруға әкеп соғады деп санады. Ал мұның өзі өз кезегінде қазақтардың патша жарлығына жаулық көзқарасын күшейтті. “... Мұның ең қауіпті жұмыс екені, - деп жазды одан әрі М. Тынышбаев, - оларға түсінікті болды... жұмысшыларды шақырудың мәнін халыққа ешкім де түсіндіріп бере алмады; оның орнына жергілікті өкімет орындары патша жарлығын асығыс түрде орындауға кірісе бастады. Кейбір жағдайларда дөрекі шаралар қолданды. Ара жігін бөліп жатпай 25 жасты (19-43) бір мезгілде асығыс алу халықты қайран қалдырды... осы ұрандармен қатар қиянат жасаушылық та қатар жүргізілді. Олар орыс әкімшілігіндегі кейбір адамдардың қатаң шаралары мен жай ғана қателіктері, болыс басқарушыларының құлқыны және тағы басқа сияқты болып келді. Бұл тәсілдер халық жанына тікелей батқандықтан, толқудың өріс алуы сөзсіз еді”. 3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Халық ашу-ызасының алғашқы соққыларына тылдағы жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі билік иелері ұшырады. Ол кезде қазақтарда метрикалық куәліктердің болмағанын пайдаланып, олар тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізді, ал байдың балаларын пара алып шақырудан босатты. Іс жүзінде тізімдер жасау жүйесі жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылық туғызды. Оның үстіне патшалық өкімет орындары лауазымды адамдарды, болыстарды, село және ауыл басқарушыларын; байырғы тұрғындардан шыққан төменгі шенді полицейлерді; имамдарды, молдалар мен мүдәристерді, ұсақ кредит мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлерді; жоғары және орта оқу орындарында оқушыларды; үкіметтік мекемелердің шенеуніктерін, дворян және құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын адамдарды әскерге алудан босатты. Патша жарлығының қатаңдығы және жергілікті жерлерде оны жүзеге асырудың әділетсіз әдістері түңілуге дейін жеткізген, қолына түскенімен қаруланған еңбекшілер патша өкіметінің өкілдеріне: болыс басқарушыларына, ауыл старшындарына, полицейлерге, казактарға, шенеуніктерге бас салып “адам бермейміз!” деп айқайлап, оларды ұрып-соқты. Көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшындарының кеңселері мен үйлерін өртеді. Жүргізілген істер мен жұмысқа алынушылардың тізімдерін жойып, аңғалдықпен олар тыл жұмыстарына адам алудан осындай жолмен құтыламыз деп санады. Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қозғалысымен ұштасты. 1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды. Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты. Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер қолына алды. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және басқа да кейбір халықтардың өкілдері қатысқан Оңтүстік облыстарды (Жетісу және Сырдария облысы) қоспағанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы құрамы жағынан бір ұлттың қозғалысы болды. 4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда. 1917 ақпанда буржуазиялық демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі — самодержавие жойылды. Бірақ революция негізгі мәселесі — өкімет туралы мәселе — өзінше шешім тапты. Еңбекшілердің инициативасымен пролетариат пен шаруа-лардың революциялық демократиялық диктатурасының органы — жұмысшы, солдат, кейінірек оған қоса шаруалар депутаттарының Советтері пайда болды. Советтердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісім-паздық саясаты буржуазия өзінің өкімет оганы — Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін қос өкімет дүниеге келді. Уақытша үкімет, сөз жүзінде өзгерістер енгізуге үмтыламыз дегенімен, іс жүзінде буржуазияның мүддесін көздеп, негізінен бүрынғы ішкі және сыртқы саясатты жалғастырды. 1917 жылғы 23-27 ақпанда (8-12 мамыр) болған Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының нәтижесіңде самодержавие құлатылып, қос өкімет: буржуазия диктатурасының органы — Уақытша үкімет пен жұмысшы-шаруалар диктатурасының революциялық-демократиялық органдары — жұмысшы, соддат және шаруалар депутаттарының Советтері қүрыдды. Бүкіл елдегідей Қазақстанда да буржуазиялық демократиялық революция барысында 1917 жыддың наурыз-сәуірде Уақытша окімет органдарымен бірге Семейде Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Советтері пайда бола бастады. Кейін 1917 жылдың сәуір-маусымда Әулиеатада, Перовскіде, Қазалыда шаруа депутаттарының Советтері және қырғыз (қазақ) депутаттарының Советтері қүрыдды. Буржуазиялық Уақытша үкімет самодержавияның отаршылық және үлттық саясатын жалғастыра берді. Қазақстанда жерді күшпен тартып алу, 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды қуғындау жүргізілді. Қазақстанның ауылдары, деревнялары мен станциялары самодержавиенің ішкі саясатының зардаптарын басынан кешіре отырып, шиелініскен әлеуметтік қайшылықтың торабына айнадды. Патшаның аграрлық-қоныс аударушылық бағытын жүзеге асырудың нәтижесінде қазақ ауылы 1917 жылы 45 млн десятинаға жуық қүнарлы жерінен айырылды. Қүнарлы жерлерді 4 казак әскерінің (Орал, Орынбор, Сібір, Жетісу) пайдасына, сондай-ақ қоныс аудару басқармалары мен Романовтардың жеке меншігіне (Алтайда) беру көшпелі және жартылай көшпелі еңбекшілерді пайдалануға жарамсыз сор және құмды далаға ығыстырды. Аса қатал аграрлық дағдарыс болатындай жағдай туды. Феодалдар мен байлар оның бүкіл ауыртаплығын орта шаруалар мен кедейлерге аударды. Ал орта шаруалар мен кедейлер бүкіл шаруашылық-тың 2/3 бөлігін қүрайтын. Соғыс аддында экономикалық жағынан нығайтып үлгер-меген қоныс аударған деревнялардың шаруашылықтары соғыс жылдарьшда қатал дағдарысты басынан кешірді. Ол, ең аддымен, кедейлер мен орташаларды немесе барлық шаруашылықтың 4/5 бөлігін қамтыды. Дағдарыс көптеген қазақ шаруашылықта-рына да соққы болып тиді. 1,6 млн адам түратын селолар мен станциялардан 250 мың адам армия қатарына алынды. Бұл — еңбекке жарамды ерлердің тең жартысы еді. Бірсыпыра жерлерде егістік жердің көлемі күрт азайды, сөйтіп астық тапшылығы туды (әсіресе қалаларда жөне өлкенің Оңтүстік-Батыс аймағында). Мұны село буржуазиясы астықтың бағасын көтеруге шебер пайдаланды. Соғыс жағдайыңда самодержавиенің бүрын-нан да оңып түрмаған салық саясаты кошпелі және жартылай кошпелі қазақ шаруаларына өте ауыр соқты. Малды, жемді, киізді жаппай ортаға салу, ақша салығының артуы әр түрлі алым-жиымның кобеюі кептеген шаруаларға жүтау қаупін туғызды. 1917 жылы күзде Қазақстандағы революциялық процестің дамуында елеулі өзгеріс болды. Петропавловскіде, Се-мейде, Ақтобеде, Перовскіде, Қазалыда алғашқы Қызыл гвардия меньшевиктер Советтердің көпшілігіндегі басшылық жұмыстан аластатылды, дербес большевиктік үйымдар қүру басталды. Қазақ халқының Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин, Т.Бокин, Т.Рысқұлов т.б. сияқты адал үлдары, партия қатарына отті. Жұмысшыларға, әсіресе теміржолшыларға, шахтерлерге, кеншілерге, майдан шебіндегі қара жұмыстан оралған қазақ жұмысшыларына, ауыл-село кедейлеріне, гарнизондардағы революциялық пиғылдағы соддаттарға арқа сүйеген қазақстандық большевиктер жергілікті елдің орталық аудандарыңдағы еңбекішлердің азаттық күресін басу үшін казак әскерлері мен өлкедегі әскери бөлімдер негізінде де контрреволюциялық күш құрауына кедергі келтірді. 1917 жыл қыркүйекте — бүкіл Россияда революциялық дағдарыстың шүғыл пісіп-жетілген кезеңі болды. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігін пролетариат қолына алар кезеңге таялды: бүкіл елде ереуіл тоқтамады, көптеген фабрикалар мен заводтарда жұмысшы бақылауы орнатылды, Қызыл гвардия айбынды күшке айнадды. Петроград пен Москва Советтеріне іле-шала Урал, Донбасс, Сібір, Орта Азия т.б. Советтері де большевиктер жағына шықты. 1917 жылдың күзінде майдан мен тылдағы солдаттар, матростардың негізгі болігі пролетариат жағына өтгі. Солтүстік-Батыс, Батыс майдандарының, Солтүстік Балтық флотының, Қазан, Сібір және Түркістан әскери округының әскерлері революцияның сенімді қарулы күшін құрады. Қазақстан территориясында Орал, Черняев, Әулиеата, Петропавл, Семей, Павлодар, Қазалы, Түркістан т.б. гарнизондардың соддаттары Совет өкіметі үшін күресті. Олар Керенскийдің Уақытша үкімет басшысы бұйрығын орындаудан бас тартқан еді. Елдегі жаңа саяси жағдай жаңа дағдарыстың таялғанын көрсетті. Бекіту сұрақтары: 1. І -ші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстандағы саяси жағдай қандай болды? 2. Қазақстан І-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма? 3. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына не себеп болды? 4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция Ресей мен Қазақстанда қалай жүрді? Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
|