Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарамсыздық парағын және анықтамасын беру





54. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын отбасы мүшелерінің біреуіне (қамқоршысына) береді.

55. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ол күтім жасауды қажет еткен кезеңнің ішінде, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады. Анасымен немесе отбасының басқа бір мүшесімен болған бала тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы басқа қалалық ретінде (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.

56. Медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға:

1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде;

2) ересек жастағы ауыр сырқаттанған балаларға;

3) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.

57. Егер бала стационардан шығарылғаннан кейін күтім жасауды қажет етсе, ал емдеуге жатқызғанға дейін күтім жасау үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйым күнтізбелік он күнге дейінгі кезеңге береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы берілген болса, ол қалған күндерге де (он күнге дейін) беріледі.

58. Күтім жасау бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру туындаған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

59. Егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келген кезде басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде ДКК еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын түпкілікті ресімдеуді жүргізеді.

60. Бір мезгілде екі және одан да көп бала ауырған жағдайда оларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының және анықтамасының біреуі беріледі.

61. Бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, жүктілігі және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғы ауруына байланысты емес басқа ауру туындаған жағдайда) қажет етпейтін кезеңде ауырған кезде күтім жасау бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың сырқаттануы басталған күні есепке алынбай, ата-анасының жұмысқа кірісуі тиіс күнінен бастап беріледі.

62. Анасы (әкесі) балаға күтім жасауды жүзеге асыра алмай ауырып қалған жағдайда, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын анасы (әкесі) ауырған кезде балаға күтім жасауды нақты жүзеге асыратын отбасы мүшесінің біреуіне олардың емделген жеріндегі медициналық ұйым береді.

63. Науқас балаға күтім жасау бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істейтін адам еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

64. Ремиссия кезеңінде созылмалы науқас балаларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы берілмейді.

 

2.3. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық;







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 657. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия