Студопедия — бөлім. Коммерциялық табу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бөлім. Коммерциялық табу

1. Өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының иесі тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесі шегінде барлау жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы.

Қорлардың өсімі және оларды жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына) отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.

2. Табуды растау мен оны бағалау мерзімін айқындауды құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша уәкілетті органның қорытындысы бойынша белгіленеді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.

3. Бағалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты талаптарға және жұмыс көлеміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда жобалау құжаттарына өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізіледі.

4. Қорлардың өсімін жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растағаннан және жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін келісімшартқа тараптардың жазбаша келісімімен тиісті өзгерістер енгізіледі. 10-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу

1. Өлшеу өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге құқылы болған жағдайларда қолданылады.

2. Келісімшарттық аумақта өндірілген ______________________________,

(пайдалы қазба түрін көрсету)

(мұнайды қоспағанда) өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдiстер мен практикаға сәйкес жүргiзедi.

3. _____________________________________ өлшеу және таразылау үшін (пайдалы қазба түрін көрсету) қолданылатын жабдық пен аспаптарды сынаудан өткізу мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 4. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.5. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы құрлықта орналасқан өлшеу пункттарында және Үкімет бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

6. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.

7. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган және метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

 

 

11-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына және бекітілген бюджетке сәйкес өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.

2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы мердігерлерді тартуы өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың Үкімет бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.

3. Мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы) алдында жауапты болады.

4. Өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттің заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.

5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді мемлекет аумағында жүзеге асыруға міндетті.

 

 

12-бөлім. Қаржыландыру

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес келiсiмшарт бойынша өз қызметiн қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.

2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүргізілуі мүмкін.

3. Келiсiмшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi мемлекет заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердiгерлері валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

13-бөлім. Салық салу

 

1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет аумағында келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемесін орындаудан босатпайды.

2. Келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын 20___ жылғы «___» _________ №_____ төлем тапсырмасы бойынша төлейді.

3. Қол қойылатын бонустың ______________________ мөлшердегі қалған

(сомасын көрсету)

елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт күшіне енгеннен кейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төлейді.

4. Қол қойылатын бонус мөлшері конкурстық ұсыныста (тікелей келіссөздер өтінімінде) көзделген мөлшерден төмен болуы мүмкін емес.

5. Қол қойылатын бонус бойынша төлемнің кезеңділігі мен тәртібі мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді _________ мөлшерде мемлекеттің салық заңнамасында бекітілген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен құпиялылық туралы ____________№ _________ келісімге сәйкес төлейді.

7. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуін бақылау мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

14-бөлім. Бухгалтерлік есеп

 

1. Мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, халықаралық және ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, бухалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қызметтің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, есеп саясатын қабылдауға міндетті.

2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жымқыру мен қателесу оқиғаларын анықтау мен алдын алу бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтауды, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

 

 

15-бөлім. Сақтандыру

1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу барысында мемлекет заңнамасына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы меншік иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

3. Қызметшілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін жағдайлардан, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде олар еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым жағдайлардан қызметкерді сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және қоршаған ортаға оның апаттық ластануы нәтижесінде келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Үкімет анықтайтын тізбеге сәйкес, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасында көзделген сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.

6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша міндетінен босатпайды.

7. Мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарт қолданысы мерзімінде жер қойнауын пайдаланушы келесі сақтандыруларды жүзеге асырады:

1) Келісімшарттық аумақта _______________________________________

(жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету) немесе келісімшарттық аумаққа(тан) тасымалдау кезінде қолданылатын немесе қолдануға жоспарланып отырған барлық жабдықты, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және тауардың барлық түрлерін қамтитын мүлікті зардаптан сақтандыру.

2) _____________________________________________________________

(жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету)

байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін:

құрлықтағы өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша кемінде 3 000 000 айлық есептік көрсеткіш;

теңіздегі өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша кемінде 9 000 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру.

3) Мынадай шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зиян келтіргені үшін жауапкершілік қаржылық шығындарынан және тәуекелдерінен сақтандыру:

а) атқылайтын ұңғыманы бақылауға алу бойынша шығындар;

б) атқылау нәтижесінде ұңғыманы жоғалтқан жағдайда қайталама бұрғылауды жүзеге асыру бойынша шығындар;

в) ұңғымада атқылау нәтижесінде орын алған ластануды тазалау мен оқшаулау бойынша шығындар;

а) – в) тармақтар бойынша мұндай сақтандырудың жалпы сомасы:

құрлықтағы өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;

теңіздегі өндіру жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.

4) Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.

8. Осы бөлімінің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты сақтандыруды қорғаудың төмендетілмеуі шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.

9. Осы бөлімге сәйкес егер жер қойнауын пайдаланушы жасасатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы ұйым қабылдайтын тәуекел Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта сақтандыруға жататын болса, сақтандырушы ұйым мұндай қайта сақтандыруды:

халықаралық шәкіл бойынша қаржылық қамтамасыз етудің халықаралық рейтингі келесі рейтинг агенттіктері растаған:

Standard & Poors - А- төмен емес

немесе FITCH - А- төмен емес

немесе Moody’s Investors Service - А3 төмен емес

немесе, тек қана акцияларына (қатысу үлестеріне) ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты,

акцияларының (қатысу үлестерінің) 100% ұлттық компания тікелей немес жанама иелік ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылатын ұйымдар қамтамасыз етуі тиіс.

10. Келісімшарт күшіне енгеннен кейін ___ күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөлімге сәйкес сақтандыру көзделген өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын жасайды және құзыретті органға келісуге жібереді.

 

 

16-бөлім. Консервациялау немесе тарату және тарату қоры

 

1. Өндіру жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарына және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, өндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.

2. Өндіру жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді тарату немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.

3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен тарату немесе консервациялау жобасын басшылыққа алуы тиіс. Тарату немесе консервациялау жобасын жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыруды жер қойнауын пайдаланушы Үкімет бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау қағидасына сәйкес жүзеге асырады.

4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін тарату мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін тарату немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.

6. Объектіні таратуымен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады.

7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын құрады.

8. Өндіру кезеңінде тарату қорына аударымдарды жыл сайын жер қойнауын пайдаланушы жылдық шығындарының 1 %-ынан кем емес мөлшерде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік есеп-шотқа аударады.

9. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.

10. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.

11. Тарату немесе консервациялау жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі барысында пайдаланылған объектілерді таратуды немесе консервациялауды көздейді. 12. Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.13. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіпте тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес анықталатын сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.

17-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

 

1. Өз қызметін жүзеге асыруда жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:

1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану;

2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;

3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;

4) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында қауіпті техногендік үрдістердің алдын алу шараларын қолдану;

5) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орнын игеру мен пайдалануды қиындататын өзге де күтпеген факторлардан қорғауды жүзеге асыру;

6) жер қойнауының ластануының алдын алу;

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың белгіленген тәртібін сақтау;

8) қалдықтарды жиып қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

9) ұтымды сызба бойынша жұмыстар басталғанға дейін автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ басқа әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жердің аумақтарын азайту;

10) топырақтың жел эрозиясын, арналған жыныстар мен өндіріс қалдықтарының үйінділерін, олардың қышқылдануы мен өздігінен жануын болдырмау;

11) ластануды болдырмау үшiн сіңіретін және тұщы сулы жерлердi оқшаулауды жүргізу;

12) жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу, оның ішінде шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде уытты емес реагенттерді қолдану;

13) бұрғылау ерітінділерін тазарту мен қайта пайдалануды жүргізу;

14) бұрғылау және жанар-жағар материалдар қалдықтарын таратуды экологиялық қауіпсіз жолмен жүзеге асыру;

15) шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде уытты емес реагенттерді қолдану;

16) мұнай шоғырларының қатішілік қысымын қолдау жүйесінде мұнай өнеркәсіптік ағындарды тазалауды және қайта пайдалануды жүзеге асыру.

2. Жер қойнауына нормативтік көрсеткіштерге дейін тазартылмаған ағын суларды төгуге тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбамен ілеспе өндірілген суларды кері ағызу, сондай-ақ мемлекет заңнамасында көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама мен өзге сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар және технологиялық регламенттерде көзделген, пайдалы қазбаларды өндіруге технологиялық ерітінділерді жер қойнауына ағызу ағын суларды төгу деп есептелмейді.

3. Жер қойнауын пайдаланушы:

1) халықаралық тәжірибелерде қабылданған стандарттарға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;

2) жер қойнауын тиімді пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық схемалар мен жұмыстар жүргізу жобаларын сақтауға міндетті.

4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын тиімді әрі кешенді пайдалану саласында:

1) жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;

2) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;

3) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорларын және іліспе компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;

4) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді болдырмау;

5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;

6) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;

7) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;

8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;

9) қалдықтарды жиып қою мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

5. Пайдалы қазбаларды өндіру шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

1) ұңғымалардың және тау-кен қазбаларының құрылымы сенімділік, технологиялылық және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс;

2) дизель-генераторлық және дизельдік құрылғыларды қолданумен бұрғылау және басқа жұмыстар барысында мұндай құрылғылардан тазартылмаған газдардың атмосфераға шығуы, олардың техникалық сипаттамаларға және экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс;

3) құрылғыны монтаждауға даярлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде өндіру жөніндегі құрылыстарды салу барысында топырақ қабаты алынып аймақты кейінгі рекультивациялау үшін жеке сақталады;

4) уытты заттардың табиғи объектілерге өтуін болдырмау мақсатында технологиялық алаңдарды гидрооқшаулаумен қалдықтарды жинау мен сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі тиіс;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғыма салынған жағдайда амбарсыз технологияны ғана қолдану қажет;

6) белгіленген талаптарға сәйкес бұрғылау барысында қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару мақсатында бұрғылау, карьерлік, шахталық ағын суларды, бұрғылау ерітіндісін бейтараптандыру және шөгінділерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс;

7) көмірсутектік негіздегі (әк-битумды, инвертті-эмульсионды және басқа) бұрғылау ерітінділерін қолданған жағдайда ауа қабаты газдануының алдын алу бойынша шаралар қабылдануы тиіс;

8) өртену немесе адамдарды улау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында пирофорлы түзілістерді, шөгінділерді және кернді көму жобаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша жүргізіледі;

9) өндіру жөніндегі құрылыстарды іске қосу жобалау құжаттарында көзделген барлық экологиялық талаптарды толық көлемде орындау шартымен жүргізіледі;

10) өндіру жөніндегі операциялар мен құрылғыларды бөлшектеу аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіледі;

11) бұрғылау ұңғымаларын, оның ішінде өздігінен төгілетін, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымаларды жер қойнауын пайдаланушы реттеуші құралдармен жабдықтайды, мемлекет заңнамасына сәйкес консервациялайды немесе таратады;

12) қызметі жер асты сулары объектілеріне жағымсыз әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін жер қойнауын пайдаланушылар су объектілерінің ластануы мен сарқылуының алдын алу шараларын жүргізуге міндетті;

13) ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер асты су объектілерінің су жиналу алаңдарында қалдықтарды көму, молалар, мал өлекселерін көметін шұңқырлар және жер асты суларының жай-күйіне әсерін тигізетін өзге де объектілерді салуға жол берілмейді;

14) сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданындағы арнайы тексеруден кейін берілетін оң қорытындылары болған жағдайда жол беріледі;

15) өндірістік, емдік минералды суларды пайдаланғаннан кейін төгу мемлекеттің су заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс;

16) келісімшарт аумағындағы ұңғымаларды консервациялау мен тарату мемлекеттің жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі;

17) игерілген суларды сіңірме ұңғымаларға кері айдау жүргізілетін ауданда су пайдаланушының күшімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы, су қорын пайдалану және қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауатылығы саласындағы мемлекеттік органымен келісілген жоспар бойынша жақын жердегі ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасын жүйелі зертханалық тексеру ұйымдастырылуы тиіс.

6. Өндіруді жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:

1) қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органның келісімімен су қорын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жерасты су объектілеріне зиянды әсердің рұқсат етілген шекті нормативтерін сақтауға;

2) төгілетін судың химиялық құрамын мемлекеттің техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген өзінің немесе өзге де зертханаларда анықтауды қамтамасыз етуге;

3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың апаттық төгінділері туралы, сондай-ақ жер асты суларын жинау мен оларға суды ағызу (айдау) объектісінің белгіленген режимінің бұзылуы туралы шұғыл ақпаратты беруге міндетті.

7. Жер қойнауын пайдаланушыға:

1) құрылысқа берілген учаскеден тыс өсімдік және топырақ қабаттарын бүлдіруге;

2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын үстіңгі су объектілері мен жер қойнауына төгуге;

3) егер бұл жер асты су объектілерінің жай-күйіне әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса жерлерді ағын сулармен суғаруға;

4) шаруашылық-ауыз су сулары бар қаттарға ерітінділер мен материалдарға жол беруге;

5) бұл ұңғымалар шаруашылық-ауыз су сумен қамту немесе емдік мақсатта пайдаланылатын немесе пайдалануға жарамды су қабатын ластау көзі болуы мүмкін жағдайда өндірістік, емдік минералды және жылу-энергетикалық ағын суларды төгу үшін сіңірме ұңғымаларды бұрғылауға;

6) сумен қамту көздерінің санитарлық қорғау аймақтарында сіңірме ұңғымалар мен құдықтар құруға;

7) радиоактивті заттары бар игерілген суларды сіңірме ұңғымалар мен құдықтарға төгуге тыйым салынады.

8. Жер қойнауын пайдаланушы осы келісімшарт бойынша өз қызметі нәтижелерінің тигізетін әсерін зерттеу мен жағымсыз әсерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында жер қойнауы мен қоршаған ортаның мониторингін жүргізуі тиіс.

9. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы оларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі және зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асыруға тиіс. Бұл ретте, теңізді заңға сай пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңіздің қорғау аймақтарының немесе қауіпсіздік аймақтарының режимін сақтауы тиіс.

10. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғаудың ең озық тәжірибесін басшылыққа алуға міндетті.

11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлеуге және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітуге міндетті. Бұл бағдарламалар жүргізілетін мұнай операцияларына ішкі бақылау, персоналды оқыту, ұңғымаларды бақылауға алу, апаттық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ теңізде апаттарды болдырмау және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту жөніндегі іс-шараларды қамтуға тиіс.

12. Авариялар мен өзге де қауіпті жағдайларды болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларға сәйкес теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қолданған алдын алу шараларына қарамастан теңіз ластанған жағдайда, мұндай жер қойнауын пайдаланушы бұл үшін өзінің қолжетімді барл




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
бап. Билiктi терiс пайдалану | бөлім. Коммерциялық табу. 1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға отыз жұмыс күнінен кешіктірмей

Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 630. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия