Студопедия — Адiрлi халайық!
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Адiрлi халайық!






Азақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы

Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы

 

 

Жаңа ғасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуiр туып келедi Вергилий

Р дәуiрдiң өз мiндеттерi бар Гейне

Кiрiспе

Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ
Қазақтың халық мақалы

адiрлi халайық!

Мен сiздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетiмiздiң мұраты хақындағы өзiмнiң пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сiздерге осынау болашаққа қол жеткiзiп, өз мұратымызды iске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенiм ұялататын стратегияны ұсынғым келедi.
Мен сiздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзiмнiң ой-толғаныстарыммен бөлiскiм келедi. Бiз өзiмiздiң болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргiмiз келедi, осыны айқындап алатын уақыт жеттi.
Бұл бiзге не үшiн қажет? Менiң ойымша, бiздiң әрқайсымызда ендiгi жерде тек бүгiнгi күнмен ғана, ағымдағы мiндеттердi толассыз шешумен ғана өмiр сүруге болмайтындығын терең түсiну сезiмi пiсiп-жетiлдi.
Бiз ненiң iргесiн тұрғызғымыз келетiнiн, таңдап алған мақсатымызға алып келетiн өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиiс екендiгiн анық бiлуге және ұғынуға тиiспiз.
Өзiмiздiң басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиiстi стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстiнде ерiк-жiгер мен төзiмдiлiк таныта отырып, бiз өзiмiздi бұралаң-бұрылысты сенделiстерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсiз зая кетiруден сақтандырамыз.
Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз.
Бүгiнгi таңда басымыздан кешiп отырған қиын жағдайлар бiздi күш-қуатымыз бен үмiттен айырмауға тиiс. Перспективаларымызды айқын ұғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауiп-қатердi бүкпесiз түсiндiру бiздiң қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ мiндеттi шешу үшiн жұмылдыруға жәрдемдеседi.
Бiз бүгiнгi кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.
Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi?
Олар әл-ауқатты өмiр сүре ме, тоғайған, дендерi сау әрi бiлiмдi-бiлiктi бола ма?
Олар жақсы әрi азат қоғамда өмiр сүре ме?
Олар бейбiт-татулықта өмiр сүре ме?
Олар өз қауiпсiздiгi мен балаларының қауiпсiздiгi үшiн алаңсыз бола алар ма, көшелермен емiн-еркiн жүрiп, өз дүние-мүлкi үшiн қауiптенбес болар ма?
Бiз оларға қуатты мемлекет пен өзiмiздiң жақын және алыс көршiлерiмiзбен достық қарым-қатынасымызды мұра етiп қалдыра аламыз бар?
Бiз осынау қарапайым, бiрақ маңызды сұрақтарға бүгiннiң өзiнде жауап беруге тиiспiз.
Бiр данагөй: егер сiз қайда бет алып бара жатқаныңызды бiлмейтiн болсаңыз, онда сiздi ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкiн деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделiн жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзiмдi мақсаттар түрiнде ұдайы көз алдымызда бағдар етiп ұстауға тиiспiз. Мұның өзi қандай да бiр iс-әрекетке кiрiсе отырып - бiз дұрыс бағытпен жүрiп келемiз бе әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан iлгерiге оздық па әлде шабандап қалып келемiз бе - ұдайы таразылап отыру үшiн қажет.
Бүгiнгi күндi ертеңгi күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процестi сан рет қайталай отырып, проблемалардың ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзiмiздi әлеммен бүкiл планетаның бiр бөлiгi ретiнде түйсiне отырып, бiз жаңа дәуiр мен жаңа уақыттың тынысын және олардың жуықтай түскенiн сезiнемiз.
Қазақстан жаңа мемлекет ретiнде көптеген империялардың: Оттоман, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда - Кеңес Одағының жан тәсiлiм еткенiн көрген дәуiрде дүниеге келдi.
Бiз жаңа мемлекеттi, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсiз мемлекеттер осы тәрiздi жолды басынан кешiп те үлгерген уақытта құру үстiндемiз.
Бiз қуатты сыртқы күштер келешегiмiздi айқындауда сөзсiз елеулi рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелдiлiк дәуiрiнде өмiр сүрiп отырмыз.
Егер бiз өз ниетiмiздi байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың iшкi және сыртқы факторларын бүкпесiз талдап-таразылауға қабiлеттi болсақ, онда бiздiң жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негiзiнде дұрыс жолды таңдап алу мүмкiндiгiмiз де бар.
Бiз басқа елдердiң тәжiрибесiн зерделей алсақ та әрi солай етуге тиiстi болсақ та және халықаралық қоғамдастықтағы қолайлы үрдiстердi пайдалана алсақ та, бiздiң жасымызға жеткенде балаларымыз бен немерелерiмiз мақтан ете алар Қазақстанды құру жөнiндегi үмiтiмiз бен арманымызды iске асыру үшiн қажеттi осынау орасан зор жұмысты өзге ешкiм де емес, тек бiздiң өзiмiз ғана игере аламыз.
Нелiктен нақ бүгiнгi таңда бiздiң алдымызда осы мiнде тұр?
Өйткенi кеше бiз бұған даяр емес едiк, тәжiрибемiз бен бiлiгiмiз жетiспедi, жағдай, ересен тұрақсыздық пен тұрлаусыздық мүмкiндiк бермедi. Мiндеттiң өзi де басқа болатын. Алдыңғы кезеңнiң күллi мәнi мынаған: басталып кеткен аласапыран өтпелi кезеңнiң буырқанған жағдайында дербес мемлекет ретiнде табан тiреп қалуға келiп сайды. Көптеген көрiпкелдер бiз сәтсiздiкке ұшыраймыз және де мемлекет құрылысының, қоғамдық және экономикалық қайта құрудың бұрын-соңды болмаған мiндеттерiн игере алмаймыз деп сәуегейлiк еткен-дi.
Бiрақ алғашқы сынға бiздiң лайықты төтеп бере алғанымыз - еңсемiздi тiк ұстап, иiлмегенiмiз бүгiн-ақ айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан бiз бейберекетсiздiк пен жөнсiздiк шыңырауынан шыға бiлдiк.
Қазiр бiз тұрақтану кезеңiне өтудемiз. Ең өзектi және маңызды мiндеттерiмiздi шешуде қол жеткiзген табысымыз бiзге жан-жағымызға үңiле зер тастауға, өткен жолымызды таразылауға әрi болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы ойлауға, өз жоспарларымызды түзеуге мүмкiндiк бередi.
Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттiлiк құру, саяси және экономикалық реформалар жүргiзу тәжiрибесi, әлем және оның дамуы туралы бiлiм-бiлiгiмiз, қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi бiзге қосымша күш-қуат пен сенiмдiлiк үстейдi.
Бұл мiндеттердi шешудi ертеңге қалдыруға да болмайды, өйткенi бiз өз реформаларымызды толық аяқтағанша күтiп те отыра алмаймыз.
Басқаша айтқанда, кеше әлi ерте болатынды, ал ертең кеш болып қалуы мүмкiн.
Мемлекетiмiз бен қоғамымызды құрудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өмiршең мәнi бар. Екшеле талданып жасалған стратегиялық жоспар назарды жинақтайды, тәртiпке жұмылдырады және жәрдемдеседi.
Ол мемлекет назарын басымдықтардың аса қысқа тұжырымды тiзбесiне жинақтайды, ол тәртiпке жұмылдырады әрi Үкiметтi осы мiндеттер мен стратегияларды күнделiктi шешiп отыруға талпындырады. Ақыр аяғында, ол бiздiң мақсаттарымыздың iске асуына алып келетiн күн сайынғы және жыл сайынғы шешiмдердi қабылдауымызға жәрдемдеседi.
Бiрақ мұның өзi жеткiлiксiз. Осы нұсқауларды өмiрге енгiзудiң, жобаланған жоспарларды iске асырудың маңызы мүлде кем емес. Сондықтан әрбiр министрлiк пен ведомство өз жұмысын әрбiр күн, ай мен жыл бiз қадам басқан сайын қойылған мақсаттарымызға қарай iлгерiлейтiндей етiп ұйымдастыратын жүйенi құру аса қажет.
Мемлекеттiк қызметшiлер күн сайын алдарындағы стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды көрiп отыруы, екiншi кезектегi және күнделiктi мiндеттердi шешуге алаңдамастан оларды iске асыруы қажет.
Қабылданатын заңдар мен шешiмдер бiздiң стратегиямыздың арнасында, жұмыс жинақы - жұмылған әрi үйлесiмдi болуға тиiс.
Келесi жылдан бастап бiздiң жыл сайынғы жоспарларымыз ұзақ мерзiмдi басымдықтарымызға сәйкес болуға тиiс. Оның үстiне, мониторинг жүйесi қойылған мақсаттарымызға қол жеткiзуде бiз қаншалықты iлгерiледiк деген сұраққа жауап беруге тиiс. Сондықтан бiзге стратегиялық жоспарлау мен стратегиялық бақылау, есептiлiк пен жауапкершiлiк жүйесi қажет.
Бiздiң алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты - бiздiң қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзудегi бiртұтастығы, халықтың барлық жiктерi мен топтарының ортақ мiндеттердi шешуге бағытталған стратегия айналасында топтасуы. Егер бiз қоғам мен халықтың түрлi топтарының қажеттiктерiн дұрыс ескеруге, басымдықтарды дәл айқындап, олардың iске асырылуын қамтамасыз етуге қабiлеттi болсақ, онда бұл ақиқатқа айналады. Мұны мемлекеттiң халықтың жекелеген топтарымен және жекеше сектормен ынтымақтастығы негiзiнде iске асыру қажет.
Осы Жолдау менiң Қазақстан халқына iшкi және сыртқы саясатымыздың негiзгi бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөнiндегi Конституциялық мiндеттерiмнiң шеңберiнде әзiрленген болатын. Бiрақ мен жоғарыда атап өткендей, бiздiң мемлекетiмiз, тұтас алғанда қоғамымыз үшiн де координаттар жүйесi болып табылатын, соның шеңберiнде жыл сайынғы iс-қимыл жоспарларымызды жасай алатын неғұрлым ауқымды болжам мен стратегияны қажет етедi. Сол себептi осы мәселелерге ерекше орын берiлiп отыр.
Президенттiң Қазақстан халқына iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы бұдан кейiнгi жыл сайынғы Жолдаудағы ұзақ мерзiмдi стратегияның iске асырылуына берiлетiн бағаны қамтиды, сондай-ақ алдағы жылға арналған нақты мiндеттердi айқындайтын болады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 389. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия