Студопедия — Сақтықта қорлық жоқ Халық даналығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сақтықта қорлық жоқ Халық даналығы






Адамзат дамуының бүкiл тарихи тәжiрибесi мемлекеттiң алға басуы және тұрақты өсуi жүзеге асырылатын қажеттi шарттардың бастауында оңың ұлтының қауiпсiздiгi мен мемлекеттiлiгiнiң сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсiздiктi жеңiп алу жеткiлiксiз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Бiздiң ұрпақ еңсере алмай, өздерiне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшiн болашақ ұрпақ кешiрер. Егер бiз өз мемлекеттiлiгiмiзден айрылып, егемендiгiмiздiң стратегиялық негiздерiн, өз жерлерiмiз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бiзге кешiрiм жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез-келген iшкi және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшiн уақыты жағынан үздiксiз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi дамуының бiрiншi стратегиялық басымдығы болуға тиiс.
Қауiпсiздiктiң басымдығы анық: егер елiмiз қауiпсiздiгiн сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзi қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетiнiң iргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттiлiгiн сақтап қалу үшiн тарихи ауыр және қатал күрес жүргiзгенiн айқын көрсетедi. Осы стратегиялық мiндеттiң шешiмiн үнемi iздестiру қажеттiгi бiзден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпiнiмен теңдестiре байсалды әрi барабар бағалауды талап етедi.
Қазақстанның қазiргi кездегi және жақын болашақтағы ұлттық қауiпсiздiгiне төнуi ықтимал қауiптiң тiкелей әскери басып кiру және мемлекеттiң аумақтық тұтастығына қатер төндiру сипатында болмайтынын бiз түсiнемiз. Ресейдiң де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерiнiң де бiзге шабуыл жасауға итермелейтiн сылтауы жоқ екенi айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап бiлуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетiн тиiмдi нығайту үшiн пайдаланылуға тиiс, соның негiзiнде бiз ұлттық қауiпсiздiктiң сенiмдi жүйесiн құра аламыз.
Өз қауiпсiздiгiмiз мен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшiн бiз күштi мемлекет болуға және көршiлерiмiзбен берiк және достық қарым-қатынаста болуға тиiспiз. Сондықтан ең жақын және тарихи достас көршiмiз Ресеймен арадағы сенiм мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамытып, нығайта беремiз. ҚХР-мен өзара тиiмдi негiздегi осындай сенiм мен тату көршiлiк қатынастарымызды жалғастырамыз. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршiлес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.
Бiз Орталық Азия мемлекеттерiмен байланыстарымыз бен интеграциялық процестердi күшейте беремiз.
Таяу және Орта Шығыс елдерiмен де қарым-қатынастарымыз тиiстi деңгейде нығая бередi.
Бiздiң стратегиямыздың екiншi құраласы - Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер тәуелсiз және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерiнiң ұлттық мүдделерiне сай келетiнiн ұғына бастады.
Үшiншiден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзiлiк, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктерi сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегi мен қолдауын барынша пайдаланамыз, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетiлуiн қамтамасыз етедi.
Бiздiң стратегиямыздың төртiншi элементi - елiмiздiң ұлттық егемендiгi мен аумақтық тұтастығын қорғау үшiн сенiмдi негiз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру.
Бесiншiден - бiз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезiмi мен өз елiне деген сүйiспеншiлiгiн дамытуға тиiспiз. Халық пен мемлекет арасындағы бұрынғы тығыз байланыс едәуiр босаңсып кеттi, ал жеке мен мемлекеттiк мүдде арасындағы жаңа байланыс әлi қалыптаса қойған жоқ. Бақытымызға орай, бұқаралық санада адамдар мен мемлекет мүдделерiнiң ортақтығын түсiну пiсiп-жетiлiп келедi. Адамдардың тұрмысының жақсаруына орай ол сезiмнiң нығая беретiнiне күмәнiм жоқ. Бұл әр азаматтың жақсы тұрмысының өзi ол тұрып жатқан мемлекеттiң егемендiгi мен қауiпсiздiгiне байланысты екенi сияқты, бiр қарағанға, қарапайым ақиқатты пайымдауды жеделдетедi.
Бiздiң ұжымдық қауiпсiздiгiмiз қамтамасыз етiлгенде әрбiр адам өзiнiң жеке мүдделерi ғана қамтамасыз етiлiп, ал қоғам қауiпсiздiгi қыл ұшында тұрғандағыға қарағанда әлдеқайда көп нәрсе ұтады. Егер елiне қауiп төнiп тұрса, жеке адам қаншалықты сәттi өмiр сүргенiмен, ол бәрi-бiр қорғансыздың күнiн кешедi. Қоғамдық мүдденiң жекеменшiк мүддеден басым екенiн көрсете отырып, мұны әсiресе бiздiң ұлттық капиталымыздың өкiлдерi терең пайымдауға тиiс.
Бiзге деген ниетi терiс күш иесi өзiнiң, оны қолданбақ әрекетiне немесе қатер төндiруiне қарсылық көрсетiлетiнiн алдын ала бiлуi үшiн бiз әлемге бiрлiгiмiз бен тәуелсiздiкке деген ерiк-жiгерiмiздi, азаматтығымыз бен отансүйгiштiгiмiздi паш етуге тиiспiз. Айқын азаматтық тұғырымыз болмайынша, стратегияның тәуелсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған басқа элементтерiн ойдағыдай iске асыру өте қиынға түседi.
Қорғаныс саясатымызға келетiн болсақ, бiздiң бейбiтшiлiк сүйгiш халық екенiмiз және ешкiмнiң жерiне, ресурстарына, байлығына көз тiкпейтiнiмiз баршаға аян болуға тиiс. Жерiмiз де, мол қазынамыз да өзiмiзде жеткiлiктi, ал дәулеттi өз еңбегiмiзбен еселей беремiз.
Бiрақ бiз басқа елдермен өзiмiз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етемiз және кез келген тосын жағдайларға әзiр тұрамыз.
Бiздiң дәуiрiмiзде, әлемнiң әскери егестен алыстауына орай бәсекелестiк әскери саладан саяси және экономикалық салаға ойыса бастады. Бiз бұл үрдiстiң бел алатынына сенемiз және бейбiтшiлiк орнап, тату көршiлiктiң қалыптасуына бар күш-жiгерiмiздi жұмсаймыз. Сонымен қатар, бiз Қазақстанның өзiнiң экономикалық дамуына орай, дүниежүзiлiк экономикаға дәйектi енуi елдi әскери-саяси, экономикалық және конфессионалдық сипаттағы әр түрлi аймақтық қақтығыстардың тосын иiрiмдерiне тартып әкетуi мүмкiн екенiн де түсiнуге тиiспiз.
Мiне, сондықтан да қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жұмысында сөзсiз басымдық бiздiң сыртқы саяси қызметiмiзге және Қазақстанның өз көршiлерiмен, дүние жүзiнiң алдыңғы қатарлы елдерiмен өзара тиiмдi қарым-қатынасының берiк тұғырын қалыптастыруға берiледi.
Бүгiн, жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенiнiң өзiнде, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс пен қырғи-қабақ соғыстан алынған сабақтан кейiн де, әлемнiң блоктар мен одақтарға бөлiну қауiп жойылған жоқ. Бiрақ бұл жол Қазақстан үшiн қолайлы емес, бiздiң бес элементтен тұратын стратегиямыз осыған келiп саяды. Елiмiздiң этникалық құрамы соншама алуан түрлi болып келедi, бiздiң мүдделерiмiз де өте маңызды, ал келешегiмiз де өте зор, сондықтан да бiз қандай да бiр елмен арадағы қарым-қатынасқа тәуелдi болып қалуға немесе соған ғана иек артуға жол бере алмаймыз.
Қазақстан халқы мен Қазақстан Үкiметi бар күш-жiгердi iрi ұлтаралық капитал үшiн төзiмдi және оңтайлы экономикалық өрiс құруға жұмсауға, елiмiзге ұзақ мерзiмдi инвестициялар тарту үшiн "ықыласты рай" туғызуды көтермелеуге тиiс. Бiз қандай да бiр тайталасты әскери жолмен шешуге барынша қарсы тұрып, "жақсы араздықтан жаман татулық жақсы" дейтiн қағиданы уағыздауға тиiспiз. Жақын және алыс болашақтағы ұлттық мүдделердi қорғау мен күштердiң теңдестiгiн қамтамасыз етудегi бiздiң мықты құралымыз, ынтымақтасу саясатын алдымен Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы Орталық Азия Одағын нығайтып дамыту, басқа мемлекеттердiң iсiне араласпау, қарсы тұрудан гөрi татулық ахуалын басым ұстау саясаты болуға тиiс.
Әскери қақтығыстардың жосықсыз екенiн әлемнiң ұғынғанына зор сенiм артсақ та, парасатты мемлекет басқа үкiметтердiң уәдесiне сенiп қана қоймай, өз елiнiң қуатына да сүйенетiнiн ұмытпағанымыз жөн.
Сондықтан Қарулы Күштерiмiздiң құрылысы мен жаңартылуына, олардың кәсiби даярлығы жауынгерлiк әзiрлiгiнiң деңгейiне және оларды қарудың осы заманғы құралдарымен жарақтандыруға зор басымдық берiлетiнi сөзсiз.
Қазақстан Республикасының қазiргi кезге сай әрi тиiмдi армиясын, әскери әуе және әскери теңiз күштерiн құру үшiн бiзге материалдық бөлiмдi, жеке құрамды және оны оқыту жөнiндегi жұмысты нығайту керек. Мұның өзi Қарулы Күштерге бөлiнген және бұдан былай да бөлiнетiн бюджет қаражатын үнемдi және тиiмдi жұмсауды тұрақты түрде талап етедi. Бұған қоса аймақтық қорғаныс жүгiн бөлiсу үшiн елiмiз өз көршiлерiмен ынтымақтасатын болады.
Қауiпсiздiк пен тұтастық мәселелерiнде бiз үнемi қырағы болуға тиiспiз. Бiздiң көрсетiп отырған және болашақта да көрсете беретiн iзеттiлiгiмiз бен меймандостығымыз тiптi де аңқаулық пен кiрiптарлықтың көрiнiсi емес.
Ұлттық қауiпсiздiк басымдықтарының деңгейiне мықты демографиялық және көшi-қон саясаты шығарылуға тиiс. Егер бiздiң мемлекеттiк органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайдылықпен қарайтын болса, онда бiз ХХI ғасырдың қарсаңында Ресейдiң артынан адам саны сыртқы көшi-қон процестерiнен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретiн "демографиялық оппа" жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция дереу тоқтатылуға тиiс.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 581. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия