Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?
Адамдардың өмiрiнде шарықтау сәтi бар, ол, егер дұрыс пайдалана бiлсе, табысқа жеткiзедi. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейiнгi жол қайраңға малтығып, тайғақ кешумен ұласады Шекспир Ұланғайыр мүмкiндiктер баршаға берiледi, бiрақ көп Соңғы алты жыл iшiнде бiз екi басты стратегиялық мақсатты көздедiк. Бiрiншiсi. Бiз өзiмiздiң тәуелсiз, егемен мемлекетiмiздiң негiзiн қаладық. Барлық қажеттi мемлекеттiк институттар қазiрдiң өзiнде бар әрi ай сайын тәжiрибесi мен бiлiктiлiгiн ширата түсуде. Бiрақ мемлекетiмiздiң құрылысы аяқталатын күн әлi алыс. Екiншiсi. Бiз жетпiс жыл бойы өзiмiз өмiр сүрген ескi саяси және экономикалық жүйеден iргемiздi түбегейлi аулақ салдық. Бүгiн мүлде жаңа мемлекет өмiр сүрiп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс iстеуде. Үшiншiсi. Қоғамымыздағы өзгерiстер ықпалымен, өзiмiз көбiне оны түйсiне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесi мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түрiне дағдылана отырып, өзiмiз де түгел өзгердiк. Қысқасы, бiз азаттық алдық. Мемлекеттiк-ұжымдық дүниетанымның жекешiл дербес дүниетаныммен алмасуы бiздiң өмiрiмiздiң әрбiр қырын өзгерттi. Әрине, ескi жүйе шақтап болса да неғұрлым сенiмдi әлеуметтiк игiлiктер берiп келдi, әрi бiрсыпыра салаларда жетiстiксiз де болған жоқ. Алайда, экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабiлетсiз болғандықтан, ол жүйенiң күйреп тынғанын да ұмытпауға тиiспiз. Ол әлеуметтiк жағынан да осал болып шықты, өйткенi адамдардың көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi шетелдегi тұрмыс деңгейiнен төмен едi. Ол, сондай-ақ жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткенi еркiндiк бермедi. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерiн уақыт өте келе бiздiң өз тәжiрибемiз көрсетуге тиiс. Өтпелi кезең уақытында бiздiң азаматтарымыздың көпшiлiгi қилы iстi бастан кешiрдi әрi көп нәрсенi құрбан еттi. Бiрақ бiз мұны тек сiздер мен бiздiң игiлiгiмiз үшiн ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелерiмiз үшiн жасап отырмыз. Төртiншiсi. Бiздiң басты он игiлiктерiмiздiң iшiнде - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Бiздiң ғылыми және шығармашылық әлеуетiнiң деңгейi жоғары бiлiм өресi биiк халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрi олар осындай сапаға жетудi өздерiнiң стратегиялық мақсаттарының бiрi санайды. Мұның өзi - бiздiң халқымыз бен бұрынғы жүйенiң аса iрi жетiстiгi. Бiз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшiн барған сайын жаңа әрi неғұрлым өркениеттi жағдай туғызуға тиiспiз. Бесiншiсi. Бiздiң табиғи ресурстарымыз - орасан зор байлық. Алайда, мұның өзi қаншалықты кереғар көрiнгенiмен, әлемдiк тәжiрибе табиғи байлығы бар көптеген елдердiң оны дұрыс игере бiлмегендiктен, ақыры кедейлер қатарынан шыға алмағанын көрсетедi. Алайда, Шығыс Азияның неғұрлым серпiндi дамыған елдерi - табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрi жетекшi фактор - бұл адамдардың өзi, олардың ерiк-жiгерi, күш-қуаты, табандылығы, бiлiм-бiлiгi екенiн тағы да дәлелдей түседi. Бұл - бiзге гүлдену мен тәуелсiздiк есiгiн айқара ашуға мүмкiндiк беретiн нақ сол "алтын кiлттiң өзi". Алтыншысы. Бiздiң ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлерiмiз - орасан зор әлеуетiмiз. Көптеген өлшемдер бойынша бiз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бiзге тек бiр нәрсе - олардың өнiмдiлiгi мен экспорттық әлеуетi жетiспейдi. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы - нақты және тиiмдi стратегия, адамдар мен капитал. Бiздiң жетiншi бекем тұсымыз қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр. Бiз қоғам iшiнде тiкелей тайталасқа жiбермей, ахуалды тұрақтандыра бiлдiк, мұны мақтан етемiз, өкiнiшке қарай, көптеген дамушы және кешегi коммунистiк кейiнгi елдердiң бұған қолы жеткен жоқ. Алайда, толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бiрлiктiң ауылы әлi алыс жатыр, сондықтан бiздiң баршамыз өзiмiздiң бiртұтас отбасымыз деп сезiну, өз мақсаттарымызды айқын бiлiп, оларға қарай келiсе iлгерiлеу үшiн алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келедi. Сегiзiншiсi. Мен қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзiмдiлiгiн, олардың кеңпейiлдiлiгi мен ақжарқындығын атап айтқым келедi. Мұны шетелдiктердiң баршасы дерлiк айтып жүр. Мен өз отандастарымызға өтпелi кезеңнiң ауыртпалықтарын түсiнiп, оған төзiп отырғаны үшiн ризамын және осы қасиеттер - бiздiң табысқа жетуiмiздiң, қоғамымыздың топтасуының, шетелдiк инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықты бiздiң проблемаларымызды шешуге кiрiстiрудiң елеулi кепiлi деп санаймын. Бiрiншi мүмкiндiк бiздiң Еуразия аймағындағы жолдардың түйiскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдiк экономикалық және саяси процестердiң ауқымдану процесi осы факторды түйiндiлерiнiң қатарына қосады. Бiздiң бабаларымыз түркi халықтарының бiртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздерi үшiн тиiмдi пайдалана бiлдi: атақты Жiбек жолы бойымен Еуропа және Азия елдерi арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгiн бiз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдiк қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтiре бастадық. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесi мен адамдардың көшi-қоны ұлғая түседi. Екiншiсi. Мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргiзудiң ауыр процестерiн шетелдiк мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бiзге қосымша мүмкiндiктер бередi. Yшiншiсi. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесi, әсiресе, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы бiздiң аумақты әрi аз қоныстанған елiмiз үшiн бiрегей мүмкiндiктер ұсынады. Алайда, бiздiң осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкiм кепiлдiк бере алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың бiздiң қоғамымызға толық кiруiне қол жеткiзу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды. Бiрiншi. Бұл коммунистiк принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың бiрнеше ұрпақтары қалыптастырған бiздiң дiлiмiз. Кейбiреулер жақында болған өзгерiстердi ынта-жiгерiмен пайдаланды, бiрақ басым бөлiгi олай iстеген жоқ. Адамдарға субъективтiк және объективтiк факторлар ықпал етедi, олар болып жатқан өзгерiстерге баяу бейiмделiп, өз проблемаларын шешуде бұрынғысынша мемлекеттiң көмегiне иек артып отыр. Мұндай пәлсапа мен тұрмысқа деген көзқарас олардың жаңа қиындықтарға төтеп беруiне бөгет болады, күш-қуаты мен өзiнше iс-әрекет жасау талабынан айырады. Екiншi. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне кiруi өндiрiс көлемдерiнiң елеулi төмендеуiне әрi осының салдары ретiнде - әлеуметтiк ахуалдың объективтi түрде төмендеуiне әсер етпей қоймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететiн өндiрiстердiң ауқымды бөлiгi, даярланбаған және шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабiлетсiздiкке және көптеген кәсiпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлi өткiзу рыноктарын жоғалтуға, төлемсiздiктер мен өндiрiстiң құлдырауына алып келген негiзгi факторлар, мiне осылар. Осының салдарынан бiздiң елiмiзде соңғы сегiз жылда өндiрiс деңгейi екi еседен артық қысқарды, ал бюджеттiк түсiмдер одан да көбiрек қысқарды. Мұның өзi көптеген дамушы елдердегi экономикалық өсудiң жоғары қарқынымен бiр мезгiлде болғандықтан, бiздiң экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сiздi бұрынғыдан да бiздi, жiгерлi қимылдауға мәжбүр етiп отыр. Үшiншi. Бiздiң экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшiлiгiнiң табысы мен өмiр сүру деңгейi нашарлап кеттi. Теңгермешiлiктi жою және жұмыс iстейтiн еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулi айырмашылықтың туындауына әкелiп соқты. Бұл ретте - мемлекеттiң жетекшi тiрегi және қоғамның негiзгi тұрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз. Төртiншi. Экономиканың қозғаушы күшi болуға тиiс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Iшкi капитал мен жинақталымдардың жеткiлiксiздiгiнен Қазақстан шетелдiк капиталға, жекеше капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрi тәуелдi бола түстi. Экономиканы әрi қарай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келiп құйылуына байланысты, мұның өзi инвестициялық ахуал едәуiр жақсартылса ғана мүмкiн болады. Бесiншi. Әмiршiлдiк экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бұған дейiн осындай ауқымда бiзге беймәлiм болған кедейлiк пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есiрткiқұмарлыққа құнарлы негiз қалап, қоғамдық түңiлушiлiктi туындатады және қоғамдық тұрақсыздық мүмкiндiгiн арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуiмен астасқан жоғары жұмыссыздық деңгей негiзiнде экономикалық проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегi әлсiз стратегиялардан туындады. Аграрлық және әлеуметтiк секторларды (денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым және т.б.) реформалаудың тиiмдi бағдарламаларының жоқтығы және өтпелi кезеңнiң қысылшаң жағдайларында бюджет қаражатын бөлудi қысқарту осы бiр өмiрлiк маңызы бар салалардың нашарлауы мен тұралап қалуына алып келдi.
|