Мен өзiмiздiң ұзақ мерзiмдi басымдықтарымыз iшiндегi келесi үш жылдағы мiндеттерiмiздi айқындап бердiм, алайда сонымен қатар келесi жылдың өзiнде шешуiмiз қажет бiрсыпыра мiндеттер бар. Сондықтан да мен Үкiметке 1998 жылға мынадай 8 нақты тапсырма беремiн:
1. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды және бюджеттiк ұйымдарда жалақыны толық және уақытылы төлеудi қамтамасыз ету.
2. Бiр жыл iшiнде кемiнде аз қамсыздандырылған 30 мың азаматқа, бiрiншi кезекте ауылды жерлерде жұмыс орындарын құруға 3 жыл мерзiмге 400 АҚШ долларына пара-пар сомада кiшi кредиттер беру.
3. Үстiмiздегi жылдан бастап шағын және орта бизнестi, фермер қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға кемiнде 100 млн. АҚШ доллары сомасында кредиттердiң берiлуiн қамтамасыз ету.
4. Мектептердi, ең алдымен ауылдық жерлердегi мектептердi компьютерлендiрудiң кең ауқымды бағдарламасын iске асыруға кiрiсу, бұл мақсатқа 1998 жылдың өзiнде кемiнде 22 млн. АҚШ долларын бөлу.
5. Шаруа және фермер қожалықтарына арналған кредиттердiң кемiнде 2,5 млрд. теңгеге арзандатылуын қамтамасыз ету.
6. Салауатты өмiр салты жолындағы қоғамдық науқанды бастау.
7. Осы мақсатқа кемiнде 40 млн. АҚШ долларын бөле отырып, тұрғын үй құрылысы бағдарламасын iске асыруға кiрiсу. 1998 жылғы сәуiрде осы бағдарламаны жүзеге асырудың принциптерi мен одан күтiлетiн нәтижелер жайында жұртшылыққа баян ету.
8. Балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету.