Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экономикалық өсу





Өзiмiздiң осы бағыттағы ұзақ мерзiмдi басымдықтарымызды iске асыру мақсатында келесi үш жылдың iшiнде:
- қатаң монетарлық саясат бұлжытпай жүргiзiледi;
- жекешелендiру аяқталатын болады;
- заң шығару жетiлдiрiлiп, жақсартыла түседi, мұның өзi елiмiздегi инвестициялық ахуалды барлық жерде бiрдей жақсарта түседi;
- шетел инвестицияларын тарту бұрынғыдан да белсендi жүргiзiлетiн болады, олардың көлемi мен нәтижелерi жайында халыққа егжей-тегжейлi ақпарат берiлiп тұруға тиiс.
Энергетикалық ресурстарға келетiн болсақ:
- Қазақстан КҚК құбыр арнасы құрылысын аяқтау және 2000 жылы оны iске қосу, ал 2004 жылы басқа құбыр арнасын - Қытай Халық Республикасына жеткiзу үшiн қолынан келгеннiң бәрiн iстейдi;
- Жерорта теңiзiне, Парсы шығанағына, Араб теңiзiне балама құбыр арналарын тартуды қаржыландыру мен салу мәселесiн пысықтайтын боламыз. Қазақстан өнеркәсiбi мен тұрғын үйлерге, сондай-ақ халықаралық рыноктарға отын жеткiзу үшiн газ құбыры арналары тартылады;
- Каспий шельфiндегi мұнай және газды барлау мен өндiру, Қарашығанақ газ конденсаты кен орнында газ конденсатын өндiру, тасымалдау және өңдеу жөнiндегi келiсiмдерге қол қоямыз.
Инфрақұрылымды дамыту жоспарында мыналар қарастырылған:
- 2000 жылдың соңында "Достық" және "Ақтоғай" стансалары арасындағы темiр жол инфрақұрылымын жақсарту, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында темiр жол көлiгiнiң қуаттарын ұлғайту;
- 1999 жылдың соңына қарай Ақтау қаласындағы теңiз айлағын қайта жаңартудың бiрiншi кезегiн жүзеге асыру;
- 2000 жылдың соңына қарай Алматы - Ақмола - Бурабай жолын жаңғырту;
- 2002 жылдың соңына қарай Семей қаласында Ертiстегi көпiр мен оның кiрме жолдарының құрылысын аяқтау;
- 2000 жылы Ақмола қаласындағы әуежайды қайта жаңарту.

Экономикалық және әлеуметтiк реформалар
2000 жылға қарай:

- Жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды - бұл өткен уақыт құбылысына айналады;
- Қоғамымыздың барынша мұқтаж топтары, соның iшiнде 150 мың адам кiшi кредиттердiң көмегiмен және 3,5 миллионнан аса адам (зейнеткерлердi қоса) әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесi арқылы мемлекеттен көмек алады;
- Барлық өнiмдiлiгi төмен және шығынмен iстейтiн зауыттар банкроттық жосығынан өткiзiледi;
- Ұзақ мерзiмдi басымдықтарымызды қолдауға бағытталған бюджет реформаларды батыл жүргiземiз, қолымыздағы қаражатымызға қарай өмiр сүру принципiн ұстанатын боламыз;
- Қазақстандықтар үшiн салық төлеу үйреншiктi iске, отаншылдық парызға айналады;
- Зейнетақы реформасын нысаналы түрде жүргiзе беретiн боламыз;
- Өз қаржы секторымыздың реформасын тәмамдап, құнды қағаздар нарығын iске "қосамыз";.

Кәсiпқой Үкiмет
2000 жылға қарай:

- Үкiмет пен мемлекеттiк қызмет реформасы аяқталатын болады:
- Бiлiктiлiгi саяз шенеунiктерден арылуға және мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық пен билiктi асыра пайдалануға қарсы күреске бiрiншi кезектi мән берiледi.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 366. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия