Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖАҢА ЗАМАН ТАРИХЫ





Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі (1731ж. 19 ақпан)

XVIII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы Әбілқайыр хан болды (1693-1748). Әбілқайыр Ресей құрамына кіруге алғаш рет 1726ж. әрекет жасады. 1726 ж. Петербургке қазақ елшісі Көбекұлы келгенде Кіші жүздің Ресей құрамына кіру туралы мәселе қаралмады. Өйткені, Ресей қазақ елшілігінің өкілеттілігіне күмәнданды.

Әбілқайыр Ресей құрамына кіруді қуаттайтын 2-ші елшілігін 1730 ж. аттандырды. Бұл елшілікті Сейітқұл Құндағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы басқарып барды. 1730 ж. 19 ақпанда патша сарайында Ресей патшайымы Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсатты Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға қарсы жұмылдыру болатын.

Қазақтардан ант қабылдау үшін Ресей елшілігін Тевкелев басқарып келді. 1731 ж. 10 қазанда хан сарайында кіші жүздің 29 старшыны Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қоластына кіруге ант берді. 1738 ж. Орынборда Татищев қазақ сұлтандарынан 2-ші рет ант қабылдады.

Патша үкіметі 1735-1737 ж.ж. башқұрттардың көтерілісін басу үшін кіші жүздің жасақтарын пайдаланды. 1795 ж. башқұрттардың қарсылығын жаныштау кезінде Қазақстанға 50 мың башқұрт бас сауғалап қашып келді.

1740 ж. Кіші жүздің шекпарасында Иран (Парсы) мемлекеті қауіп төндірді. 1747 ж. Иранда Нәдір шах өлген соң Хиуа тағына Қайып сұлтан хан болып отырды.

1741-1742 ж.ж. Қалдан-Серен Орта және Кіші жүздерге екінші «ақтабан шұбырынды» жорығын жасады.

1742 ж. 20 мамырда Ресей сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы жарлық шығарды.1742 ж. 2 қыркүйекте Орынбор басшысы Неплюев Қалдан Серенге хатжолдап Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. 1747 ж. Қалдан Сереннің таулы Алтайға жорығы аяқсыз қалды, себебі, Елизавета Петровна Алтайдағы Демидовтар әулетінің иелігінде болып келген тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары әулетінің (Романовтар) меншігі деп жариялады.

1748 ж. Қаракеңгір өзенінің бойында Әбілқайыр хан Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты. Әбілқайырдың өлімінен соң Кіші жүзде 2 хандық орнады:

1. Кіші жүздің оңтүстік шығысында Батыр сұлтан (шекті руын басқарған) билік құрса;

2. Кіші жүздің солтүстік-батысын Нұралы хан биледі. Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы алауыздықты пайдаланып, патша үкіметі Каспий мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алды.

Ең құнарлы жерлер орыс помещиктері Юсупов пен граф Безбородконың олында болды.

1745-1759ж.ж. қазақ даласы арқылы Орынборға құны 1 млн. сомның мал басы жеткізілді.

 

Ертістің оң жағына мал жаюға және қайтадан қоныстануға император I Павел 1799ж. 21 қарашада рұқсат берді. Осыдан кейін Орта жүзден 45 мың отбасы Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстанып, мал жаюға рұқсат алды.

Әскери бекіністер мен шептердің салынуы.

Қазақстанда Ресей империясы салған ең алғашқы бекініс Гурьев (Атырау,1640ж)

Патша үкіметі 1714-1720ж.ж. қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу үшін Ертіс бойына әскери бекіністер сала бастады. 1716ж. Омбы, Жәміш,1717ж. Железинск; 1718ж.Семей; 1720ж.Өскемен бекіністері салынды. 1734ж. И.Кириллов бастаған арнайы экспедицияның мақсаты Ор бекінісін тұрғызу болды, осылайша, 1735ж. Қазақстанның солтүстгінде Кириллов экспедициясы Ор бекінісінің негізін қалады. 1859ж. Жетісуда Кәстек бекінісі салынды.

Қазақ-орыс саудасының дамуы

XVIIIғ. 60 ж. қазақ-орыс саудасы дамыды. XVIIIғ II жартысындағы қазақ-орыс саудасының белгілі орталықтары Семей, Өскемен, Бұқтырма. Көшпелілерді күнделікті қажеттіліктермен қамтамасыз ететін орыстардың тауарлары шойын қазан, қант, шұға болды. Ал көшпелілердің орыс халқымен сауда байланысындағы негізгі тауары мал болған.

1766ж. Әбілмәмбет хан II Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін сауда керуендерін Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат сұрады.

1767ж. 15 қарашада II Екатерина Бұқар саудагерлеріне Қазақстан тереториясында еркін саудаға рұқсат берді.

 

Е. Пугачев көтерілісіне қазақ шаруаларының қатысуы (1773-1775 ж.ж.)

Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуына жер мәселесі түрткі болды. Пугачев көтерілісіне Кіші және Орта жүздер қатысты. Көтеріліс әсіресе Орта жүзді кеңірек шарпыды. Пугачевтің үндеу-манифесі Көкшетау өңірінде жүрген Абылай ханға жетпеді. Орта Жүзден Пугачевті Дәуітбай би қолдаса, Кіші жүз сұлтаны Досалы Пугачевті ашық қолдап, оған көмекке баласы Сейдалы басқарған қарулы топты жіберді. Пугачев көтерілісін Кіші жүздегі Сейдалы мен Ералы сұлтандар қолдады. Пугачев көтерілісіне қатысқан Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі Сырым Датұлы.

Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қазақтардың өзіне бағынбай кетуімен түсіндірді. 1773 ж. 17-18 қарашада Усиха өзеніні бойында Нұралы ханның арнайы өкілі Зәбір молда Пугачевпен құпия түрде кездесіп, ханның сыйлығын тапсырды.

Пугачев көтерілісі кезінде қазақтар Жайықты қоршауға, Кулагин бекінісін басып алу сияқты шайқастарға қатысты. Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып Кулагин бекінісі басып алынды. Пугачев әскерімен бірге Орынборды қоршауға 200 қазақ жігіті қатысты. Орынборды қоршаудағы сәтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп болды.

Орта жүз қазақтары Пугачев көтерілісі кезінде 1773 ж. қазақнда Преснегорьковск бекінісіне шабуыл жасау үшін. Бір жерге жиналды.

1774-1775 ж.ж. Сібір шебіне 3500 тұрақты әскер орналасты. 1775 ж. Пугачев көтерілісі әлсіреді. Пугачев көтерілісіні басты орталықтарын әйгілі генералисимус А. Суворов талқандады. 1776 ж. сәуірде генерал Н. Рейнсдорп үкіметке «тыныштық» орнағаны туралы хабарлады.

Патша үкіметі Е.Пугачевтің атын тарихта қалдырмау мақсатымен Жайық өзенін Орал деп өзгертті. Кейін Орал қаласында Е. Пугачевке арналған мұражай ашылды.

 

С.Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1783-1797ж.ж.)

С.Датұлы 1775жылы Пугачев көтерілісі кезінже қазақ жасағын басқарған кіші жүз батыры С.Датұлы әскері туралы А.Суворов граф Панинге жазған хатында былай деген: "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады, оның ратынан қуғаны мен ешкім жете алмайды".

С.Датұлы Кіші жүздегі байбақты руының старшыны болған. 1778ж. Урал қазақтарымен болған шайқаста С.Датұлының балалары қайтыс болды. Сондықтан Сырымның алғашқы әскери шабуылы қазақтарға қарсы бағытталды. С.Датұлы көтерілісінің негізгі қорғаушы күші шаруалар болған. 1783ж. С.Датұлының Орал қазақтарымен алғашқы ашық қақтығысы болды, алайда, Сырым жеңіліске ұшырап тұтқынға түсті. 1784ж. оны Орал қазақтарының тұтқынынан қарындасына үйленген Нұралы хан босатып алды. 1785ж.наурзда Сахарная бекініске шабуыл кезінде Сырым жағынан Айшуақ сұлтан тұтқынға түсті.

1785ж.жазда Кіші жүз старшындарының съезі өтіп, онда Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы шешім қабылданды, бұл шешімді Кіші жүздің 20ға жуық рулары қолдады. Нұралы хан 1786ж. Уфаға жер аударылып, 1790жылы сонда қайтыс болды. (1791ж.Кіші ханы болып Ералы сайланды)

С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде 1796-1797ж.ж халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды. 1797ж 17 наурызда С.Датұлы тұткиылдан хан сарайына шабуыл жасап, Кіші жүз ханы Есімді өлтірді.

Отаршылдықты күшейтуге бағыттылған реформаның жобасын барон Игельстром жасады. Игельстром Кіші жүздегі билікті шекаралық сотқа беруді жақтады.

С.Датұлы хандық билікті жойып билер сотын енгізуді жақтаған қайраткер. Орынбор әкімшілігі Сырымды өзіне тарту үшін Кіші жүзде хандық билікті жоюға әрекет жасады және Айшуақ бастаған "хан кеңесін" құрды. 1797ж. барон Игельстормның ұсынысы бойынша патша үіметі Кіші жүзге хан етіп Айшуақты бекітті.

С.Датұлының Кіші жүзде Айшуақтың баласы Жантөре табанды түрде қолдады. 1797ж. Сырымды Кіші жүздің билеушісі, Нұрланның ұлы Қаратай сұлтан қудалай бастады. Сырым Хиуа хандығына қашып,1802ж. сонда қастандықпен көз жұмды(у беріп өлтірген).

С.Датұлы көтерілісінің нәтижесінде қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуге рұқсат берілді (1801ж).

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстандағы хандық билеу жуйесінің әлсірей бастағаның көрсетті.

 

тұрды. 1829ж. Махамбет шаруалар толқуына қатысқаны үшін күдікті ретінде тұтқындалып,Калмыков түрмесінде отырды.

Көтерілістің мақсаттары Махамбеттің өлеңдерінде айқын көрінген Махамбеттің:»Хан емессің ылаңсың,қара шұбар жылансың»деген өлеңі Жәңгір ханға айтылды.Қозғалыстың қозғаушы күші шаруалар болған.Махамбет қазақ халқын орыс халқымен достықта болуға шақырды.Поручик Аитов пен орыс әскерлерін Есет батырдың тұтқынынан босатуға Махамбет көмектескен болатын.

1836ж.17наурызда Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.

Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан ақындардың бірі Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867ж.ж).

1836-1838ж.ж.Бөкей Ордасындағы көтеріліс кезіндегі Исатайдың серіктері Тінәлі Тайсойғанұлы мен Ұса Төлегенұлы болды.

Исатай мен Махамбет беріш руына старшын болды.1836ж. қазанда Исатайға қосымша 20 ауыл көшіп келді.1837 ж. Исатай мен Махамбеттің жағына байбақты руының старшыны Жүніс Жантөлин келіп қосылды.Кіші жүзіндің батысында Хиуа ханымен байланыста болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтеріліске шығып,Жоламан Тіленшіұлы тобы Исатайды қолдады.

1837 ж.көтерілісшілер Теректіқұмдағы Балқы бидің; ауылын ойрандады.Патша өкіметі Исатайды тірідей ұстап берушіге 1000 сом,басын алғанға 500 со сыйақы тағайындады. Патша өкіметінің Исатай көтерілісін тездетіп басуына Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы себеп болған еді. 1837 жылы қазанда хан сарайын қоршауға алған кездекөтерілісшілер саны 2 мыңға жетті.

Исатай мен Махамбет көтерілісін басуға генерал-губернатор В.Перовский жетекшілік етті. 1836-1838 ж.ж көтерілісті жазалау үшін Ресейден полковник Гекке келді. 1837 ж.15 қарашада Тастөбе түбінде Исатайдың Гекке Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болып,көтерілісшілер жеңіліс тапты.1838 ж. 12 шілдеде шешуші Ақбұлақ шайқасында көтерісшілер жағынан 80 адам және И.Тайманұлы қаза тауып көтерісшілер толықтай жеңілді.Бас сауғалап қашқан көтерісшілер Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмен сұлтан Қайыпқалидың тобына қосылудан бас тартты. Геккенің нұсқауымен көтерісшілерден тартып алынған мал-мүліктер Жәңгірдің жақын туыстарымен феодалдарына таратылды. Исатайды өлтіруге қатысқаны үшін сұлтан Баймағамбет Айшуақұлына подполковник атағы берілді.

Қазақстандағы қөтерісшілер басшыларының ішінен халыққа,демократияға ең жақыны Исатай Тайманұлы болды.1836-1838ж.ж шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен орыс жазушысы әрі этнографы В.Даль жанашырлық білдірді.

1846ж. патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруыменМахамбет те өлтірілді.

 

 

Кіші жүздегі ауыр жағдайларға байланысты 1842-1847 ж.ж. Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлының көтерілісі болып,бол қозғалыс сипаты жағынан антифеодалдық көтеріліс болды.Алайда екеуі де кейін Жәңгір ханның бұйрығымен тұтқындалып,сотқа тартылды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1616. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия