Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Озғалыстар





1812,1816,1820ж.ж. Хиуа ханы Мұхаммед Рахым Жетісуға жойқын шапқыншылықтар ұйымдастырды.Әсіресе,ол 1820ж. 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын қаңыратып кетті. 1831ж. хиуаның келесі бір ханы Аллақұм да қазақ ауылдарын шауып кетті.

1821 ж.Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы жүзде Тентектөре бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі болды. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті.

1821 жылы Тентектөре бастаған көтерілістің сипаты азаттық; болды.

ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің Оңтүстіқ аймақтарында Қоқан хандығы өз билігін ұстады.Сондықтан да ХІХ ғ. Ортасында болған Оңтүстіқ Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер Қоқан хандығына қарсы бағытталды. ХІХ ғ.50 ж .Қоқан хандығы Оңтүстік Қазақстанда ата-аналардың қарызы үшін қазақ балаларын тартып алып,Орта Азияның базарларында құлдыққа сатты.Оңтүстік Қазақстанда Ташкент билеушісі Мырза Ахмед тұрмыс құрмаған әйелдер мен қыздардан 3 сом 50 тиындық қосымша салық жинады.Сыр бойында бекіністер салу үшін Қоқан хандығы үшін жергілікті қазақ халқын күштеп жұмысқа тартты.ХІХғ. ортасында Жаңадария,Қуандария аудандарында Хиуа хандығы да қамалдар тұрғыза бастады.

Сыр бойы қазақтардың ХІХ ғ.50 жылы азаттық күресін шекті руынан шықан Жанқожа басқарды. Жанқожа бастаған көтерілістін тууына Хиуа хандығының Жаңадария, Қуандария аудандарында қамалар тұрғызуы себеп болды. 1843ж. 90 жастағы халық батыры Жанкожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуандария бойандағы бекінісін талқандады. 1845ж. Қуандариядағы бекіністі қайта тұрғызу үшін көмекке келе жатқан Хиуаның 2000 әскерін Жанқожа жойып жіберді.Жанқожаның жасақтары Кенесары көтерілісшілерімен бірге Хиуалықтардың Сөзақ бекшншсшн талқандады.ХІХ ғ. 40 жылы Жанқожа батырға көмекші болған сұлтан Досалы.

1856ж. желтоқсанда Жанқожаның сарбаздары Қазалы бекінісін қоршады.

1856-1857ж.ж Ж.Нұрмұханбетұлы бастаған көтерілісшілердің тірегі,ошағы Жаңақала қаласы болды.1857ж. 9 қантарда Жанқожа Ресейден келген жазалаушы Фитингов әскерімен Арықбалық түьінде шешуші ұрыста жеңілді. Жанқожа бастаған көтеріліс 1860 ж.толық жаншылды.

ХІХ ғ. 50 ж. Арал теңізінің солтүстігінде көтерілісті Есет Көтібарұлы ұйымдастырды.Есет батыр 1846ж Орынбордан жіберілген жазалаушы отрядтарға шабуыл жасап жеңіліп қалды. 1855ж. шілдеде Есет батырдың тобы Сұлтан Жантөриннің тобын талқандады.Орынбор губерниясының әкімшілігі Есет батырды ұстауды Арыстан Жантөринге жүктеді. Есет бастаған көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин қатысқан. ХІХ ғ ортасындағы Есет батыр көтерілісінің нәтижесі Есет 1858 ж. Орынборға барып лажсыздан патша билігін мойындады.

 

1873 жылы Есет батыр Хиуаға қарсы жасалған жорыққа Ресей әскерлерінің құрамында белсене қатысқан болатын.

ХІХ ғасырдың ортасында тегеурінділігі мен ұйымшылдығы жағынан ерекшеленген көтеріліс аймағы Шымкенттен Мерке және Пішпекке дейінгі аймақ болды.

1858ж. наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі Әулиеата маңында болды.Қоқан билеушілері(Қоқан ханы Худьяр) 1857ж. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда болған көтерілісті қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы басты.Қазақ феодалдары мен Қоқан билеушілері арасында жасалған ымыра Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады.

1858ж. қазақ- қырғыз көтерілісшілері бірігіп Пішкек түбінде Қоқан әскеріне ойсырата соққы берді. 1858ж. Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі көтеріліс қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады.

ХІХ ғ.ІІ жартысында (1867-1868) «Уақытша Ережеге» сәйкес міндетті салық ретінде шаңырақ салығы енгізіліп, оның мөлшері 1 сомнан 3 сомға дейін көбейген еді. 1868-1869 ж.ж осы оқиғаға байланысты Орал мен Торғай облыстарында қазақ шаруаларының көтерілісі болды. 1868-1869 жылдары Орал мен Торғайдағы халық қозғалысын рубасылары (Сейіл Түкібайұлы мен Беркін Оспанұлы) басқарды.

«Уақытша Ереженің» талаптарына қарсы 1869 ж. көтеріліске 3000 адам қатысты.1869 ж. наурыз- маусым айларында көтерілісшілер феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл жасады.

1869 жылдың 6 мамырында Жамансай жеріндегі фон Штемпельдің құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасын 20 мың көтерілісшілер 7 күн бойы қоршап алды, жазалаушылар шайқаспай жем- шөбі ммен азық-түлігінің таусылуына байланысты кейін шегініп қайтып кетті.

«Уақытша Ереже» енгізілгеннен кейін кейін Маңғыстау түбіндегі адайларда салық мәселесі қатты шиеленісті. 1870 ж. Маңғыстаудағы 40 мың шаңырақ адай руы 2 жылда 160 мың сом салық төлеуі тиіс болды алйда, адайлар бұл салықты төлеуден бас тартып, көтеріліс жасады.1870. Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі алғаш рет қазақ жалдамалы жұмысшылары қатысқан болатын.1870 Ьаңғыстаудағы көтерілістің басшылары Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы.1870ж. 1868-1869 жылдардағы Орал мен торғай облыстарындағы көтерілістің жеке құрамаларына сұлтан Ханғалй Арсланұлы басшылық етті. 1870ж. Бозащы түбінде көтерілісшілер полковник Рукиннің отрядын қоршап алып талқандады,Рукин атылып өлді. Полковник Рукин отрядынын талқандалуы Маңғыстаудағы қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға болды. Көтеріліс бүкіл Маңғыстауға тарап, Николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар да қосылып, көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті, 1870ж. Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін Кавказдан қосымша жазалаушы күш келді. Соғыс министрі Милютиннің: «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал- губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Маңғыстау көтерілісі туралы

айтқан болатын. Маңғыстау көтерілісін басуда жазалаушылардың қатігез болғаны сондай, жазалаушы офицерлердің бірі Ресей сотының шешімімен Тобыл губерниясына жер аударылды. 1870ж. Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болуы себебі адайлар арасында рулық- патриархалдық құблыстардың сақталып қалды.

1870ж. Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты 3000 адай шаңырағы Хиуаға көшіп кетті. Ал қалғандары соғыс шығыны ретінде 90 мың қой төледі.

ХІХ ғ. ортасында Маңғыстаудағы байұлы ғана өз тәуелсіздігін сақтап қалды







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2945. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия