Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы
Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аударту ХІХғ.60ж.ортасында басталды.1868 жылы Г.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру»туралы ереже қабылданып,бұл ереже 1881 жылға дейін қкүшін сақтады.Осы ережеге сәйкес бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 30 десятина жер беріліп,15 жылға салық төлеуден және әскери міндеткерліктерден босатылды. 1883 жылы «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлармен мен дүнгендерді орналасрыру туралы»ереже қабылданды.Осы ережеге сәйкес ұйғыр және дүнгендер жан басына 10 десятина жер берілді (1885 жылдан бастап 4-5 десятина жер берілді,дүнгендерге 3 десятина). 1883ж.бастап Жетісуға жаңадан қоныс аударған орыс шаруалары салықтардан 3 жылға босатылды. 1889 жылы 13 шілдеде «Селло тұрғындары мен мещандарының қазыналыұ жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы ереже бекітілді.Бұл ереже бойынша жан басына 15 Десятитна жер беру қарастырылды. 1891ж. «Ереже» бойынша жан басына шаққанда бұрын қоныстанған шаруаларға 15 десятина жер берілді. ХІХғ. ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты болігі Жетісуға қоныстанды.Ал Сырдария облысын қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыды.Мәселен,1884-1898 ж.ж.Шымкент,Ташкент,Әулиеата уездерінде 37 орыс-казак қоныстары құрылды.ХІХғ.орыс,украин шаруаларының қоныстануы қазақтар арасында отырықшылықтың кең тарауына себепші болды.
|