Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

XIX ғасырдағы Қазақстандағы сауданың дамуы.





Ресей үкіметі 1803 ж. қазақ даласы арқылы өтетін орыс керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді. XIXғ. басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қарулы казактар бөлу туралы шешім қабылдады.

1805-1806 ж.ж. Ресей Головкин елшілігіне Қытаймен сауда байланыстарын реттеу міндетін жүктеді. Алайда, Головкин елшілігі Урга қаласынан қайтып оралды.

XIXғ. 30 ж. Қазақстан арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілді.

Найман руының сұлтаны Құдайменді жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау үшін баласы Ғабдолланы Петербургке жіберді.

XIX ғасырдың соңында қазақ көпестері Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Жақыпұлы Шығыс Түркістандағы сауда әлеміне белгілі болды.

XIX ғ. 50-60 ж.ж. Шыңжаңмен саудадағы кеңінен тараған Жетісудағы қоныстар Қапал, Верный.

XIXғ. I ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда Петропавл, Семей қалалары басты рөл атқарды. Ресейдің Шыңжаң базарларында сататын тауарлары өнеркәсіптік дайын бұйымдар болған. Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауары мал болған. XIX ғасырда малмен сауда жасауда әйгілі болған ірі көпестер Ботов, Колосов, Жиряков, Скажутин, т.б. болды. XIX ғасырдың аяғында бір орыс саудагері қазақтарды алдап, пайда табу мақсатында сіріңкені “қасиетті от” деп сатқан.

XIXғ. I жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға генерал-лейтенант Глазенап бастама көтеріп, зор мән берді. Оның тапсырмасымен грузин көпесі С.Мадатов бірде-бір адам аяғы баспаған “Үлкен Тибетке” жетті. Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін алғаш рет Қазақстанға әкелді.

Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі 1832 жылы Ішкі Ордада ашылды. 1848ж. Қарқаралы уезінде көпес В.Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке Талды Қояндыда ашылды. 1855 жылы Семейде екі қалалық жәрмеңке ашылды. XIX ғасырдың 80 жылдары Шығыс Қазақстанда 70-тен астам жәрмеңке ашылды. XIXғ. басында Қытай көпестерінің Қазақстанда сауда жасайтын орталығы Бұқтырма қаласы болған. Қытаймен сауда жасайтын ірі орталық Құлжа қаласы болса, Моңғолиямен сауда жасайтын орталық Семей қаласы болды. XIX ғ. жәрмеңкелердің басты көпшілігі Ақмолада орналасты. Ресейдегі Ірбіт, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты, XIXғ. аяғында Жетісуда Қарқара жәрмеңкесі ашылды. Қазақстан мен Қытай қатынастарында Шыңжаңға Қарқара жәрмеңкесі мейлінше жақын орналасты, бұл жәрмеңкеде Ә.Қашубаев ән шырқап, өнер көрсеткен.

Қазақ даласында капиталистік қатынастар XIXғ. ортасында дами бастады.

1851ж. дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары Кяхта қаласы арқылы жүргізіліп келді (XIX ғасырдың I жартысында Қытаймен негізгі экономикалық байланыстар Кяхта қаласы арқылы жүргізілді).

Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына мемлекетаралық келісімнің жоқтығы кедергі болды. 1851ж. Ресей мен Қытай арасында Құлжа келісімі жасалды. 1855ж. Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті халық талан-таражға салуы Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы сауда байланыстарының уақытша тоқтауына себеп болды. 1855ж. Шәуешекте орыс көпестерінің сауда орындары өртеніп, тоналған соң Ресей көпестерінің саудасы Құлжа қаласымен ғана шектелді. XIX ғ. 60 жылдардың екінші жартысында орыс-қытай сауда байланыстары құлдырай түсті.

Цин әулетіне қарсы ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресі 1862-1877ж.ж. болды. 1864ж. Шыңжаңда көтеріліс болып, нәтижесінде Қашқар өлкесінде Жетішар мұсылман мемлекеті, Іле өлкесінде Іле сұлтандығы атты мемлекеттер құрылды.(Іле сұлтандығы 1871ж. Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылғын). Цин өкіметінен қысым көргендіктен ұйғырлар мен дүнгендер Қазақстанға (Жетісу мен Солтүстік қырғыз өңіріне) қоныс аударды. 1881-1884 ж.ж. Жетісуға 45000 ұйғыр, 5000 дүнген көшіп келді. Ұйғыр халқының музыка өнері, биі жөнінде жазған ғалым-саяхатшылар Ш.Уәлиханов, Н.Прежевальский. Жетісудағы ұйғыр ақыны Мусса бен Сайреми ұйғыр халқының дүниежүзілік мәдениет қорына жататын «Он екі мұқам» туындысын дүниеге әкелді (Қазан қаласында басылып шыққан). Алматы облысында 6 ұйғыр болысы ұйымдастырылып, Жетісуға қоныс аударған әрбір дүнген мен ұйғырға 3 десятина жер берілді. Дүнгендердің өсіретін дәнді-дақылы күріш болған.

1860 жылы Пекин шарты, ал 1864 жылы Шәуешек хаттамасы жасалды. XIX ғасырдың 80 жылдарының басында Жетісу арқылы өтетін орыс-қытай саудасының көлемі 5 млн сом болса, соның ішінде экспорт 3 млн сомнан асты.

1881 жылы Ресей мен Қытай арасында Петербург келісімі жасалды. 1881ж. Петербург келісім-шарты бойынша Іле өлкесі аумағында Қытаймен сауда мәселесі шешілді.

1881ж. Петербург шарты бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына қатысты Қытай немесе Ресей азаматтығын қабылдау айтылды. Бұл келісім бойынша орыс-қытай шекарасында 60-65 шақырымға дейін шаймен сауда жасайтын саудагерлерге салық салынбады.

XIX ғ. II жартысындағы орыс-қытай қатынасындағы белді оқиға Іле су жолының ашылуы болды (1883 ж.). Іле су жолының ашылуы Шыңжаңдағы соңғы нүктесі Сүйдін бекінісі болған. Верныйдағы ұйғыр көпесі Вали Ахун Юлдашев Колпаковскийдің қолдауымен Англядан су кемесін сатып алып, Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатты.

1890 ж. Шыңжаңмен сауданы дамыту үшін Семей сауда округі ашылды. Кеден қызметкерлеріне 70 мың сом жұмсалды.

Жетісудағы Қарқара жәрмеңкесі Шыңжаңға мал сатуда үлкен рөл атқарды. 1892 жылы желтоқсанда Қытайдан Алтай (Николаевск) жәрмеңкесіне қытайлық қазақтар 1 мыңға жуық түйе мен жылқыға тиелген тауар жеткізді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 6947. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия