Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті





Сәулет өнері мен кесенелер

VІ-ІХ ғ.ғ. қазақ жерінде Мырзарабат садобасы салынды. («сардоба»(парсыша) құдық үстіне салынған күмбезді ескерткіштер).

Аталар зиратының басына тастан алған балбал мүсіндер қою қарлұқтарда кең тарады. Балбал тастар (тас мүсіндер) Орталық Қазақстан мен Жетісуда өте көп кездеседі.Көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндердің орхон жазуындағы атауы «Балбық».

VІІІ ғ. Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі дың ескерткіштер деп аталды. Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі дың ескерткіштер Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай маңында сақталған.

Оюланған кірпіштер – терракота ХІ – ХІІ ғ.ғ. кеңінен қолданылды. Сырдария бойында кірпіш күйдіру кәсібі ХІІІғ. ІІ жартысынан бастап өркендей бастаған. Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс шикізаты ғаныш деп аталады.

Ортағасырларда сәулет өнерінің биік деңгейде болғандығын құрылыс материялдарының сапалы болғандығы дәлелдейді.

Кесенелерді салудағы негігі үлгі күмбез тәріздес болған.VІІ – VІІІғ.ғ. басталып, бітпей қалған кесене Ақыртас ғимараты. Бұл ескерткішті Тасақыр деп те атайды. Ақыртас бүгінгі Тараз қаласының шығыс жағынан 40 км. жерде орналасқан.

Архитектуралық құрылыс жобасы жағынан Ақыртастан кішілеу сәулет өнері туындыларының бірі, Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ғимарат Білеулі ғимараты.

ІХ ғ. ІІ жартысында ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастады. Мысалы, Баба – Ата мешітінің сыртқы көрінісі сфера тәрізді 5 күмбезді.

Х – ХІІ ғ.ғ. Қазақстанда сәулетті ірі құрылыстардың көтеп салынуы ислам дінінің нығая бастауы ықпал етті.

Х – ХІ ғасырлар аралығында Жетісуда Боран мұнарасы салынды.

Х – ХІІ ғ.ғ. жататын тарихи ескерткіштер Айша бибі, Бабаджа – қатын кесенелері. Х – ХІІ ғ.ғ. Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы «Бабаджа - қатын» кесенесі (ХІ – ХІІ ғ.ғ. ең алғаш салынған кесене). Х – ХІІ ғ.ғ. Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы «Айша – Бибі» кесенесі (ХІ – ХІІ ғ.ғ. салынған). Айша бибі кесенесі салынған кездегі құрылыс жүйесін сақтаған Тараз жеріндегі ескерткіш. Кесененің сырқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған.

ХІV – ХV ғ.ғ. сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлілер ғимараттарды күмбез шатырмен жабу болды. Қазақстанда ХІV – ХV ғ.ғ. ірі сәулет құрылыстарын салу жандана бастады.

ХІV – ХV ғ.ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісі Дәуітбек кесенесі (Созақта).

ХІV – ХV ғ.ғ. далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған кесене Алаша хан кесенесі болды. Алаш ханның кесенесі немесе кұмбезі Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Кесенедегі қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі кең қолданылған. Қабырғалары сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.

ХІV – ХV ғ.ғ. Орталық Қазақстанда Жошы хан кесенесі салынған. Алаша хан мен Жошы хан күбездері Сарыарқа аймағында орналасқан.

Сығанақ маңындағы біркүмбезді кесене Көккесене. Бұл кесененің қабырғасының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісінде қаланған. Кесене шайбанилық Әбілқайыр хан жерленген болатын.

Сырдарияның төменгі ағысында ХІІ ғ. Сырлытам кесенесі салынған.

ХІV – ХV ғ.ғ. Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты Қ.А.Яссауи кесенесі. Бұл кесенеде қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған. Кесененің биіктігі 37,5 метр. Кесененің ішіндегі ең негізгі бөлме кітапхана.

Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км. жерде Арыстанбаб кесенесі орналасқан. Кесене 2 бөлмеден тұрады. XIVғ. құлап қалған Арыстанбаб кесенесінің күмбезін Темір қалпына келтірді. Кесене ХІХ ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.

XVғ. ІІ жартысында салынып, жартылай сақталған ескерткіш Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі. Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпытас Яссауи күмбезінің ішінен табылды.

Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 6826. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия