Бұл уақыт екі кезеңнен тұрады.
'''Біріншісіне''' (1992-1998 жылдары) ең ауыр жоспардан нарыққа өтудің тығырықты жағдайы сәйкес келеді. Ол бұрын болып көрмеген бағаның ұшығуымен, өндірістің, өмір сүру деңгейінің құлдырауымен ерекшеленеді. Бірақ дәл осы кезде болашақтағы дамудың негізі жасалды. Бұл кезеңге жататын негізгі шаралар: #либерализациялау; #жекешелендіру; #ұлттық және басқа банктердің құрылуы; #төл теңгенің енгізілуі; #кәсіпорындарды шет елдік компаниялар басқаруына беру.
Осы аталған шаралар экономикалық саясаттағы өз бетімен атқаратын істі қамтамасыз етіп, өндірісті жандандыруға көмектесті. '''Екінші кезеңді''' (1999-2008 жылдары) экономикалық өсудің онжылдығы деп атауға болады. Оған қолайлы жағдай туғызған Қазақстандық экспорттың (шетке шығарудың) негізін құрайтын [[мұнай]] мен металға әлемдік бағаның өсуі еді. Осы жағдай экспортқа бағытталған мұнай мен металдың экономикасын құруға себеп болды. Ол әлемдік экономиканың жағдайы мен халықаралық нарықтағы бағаға тәуелді. Әлемдік экономика дамып, баға көтерілген кезде Қазақстанға кіріс мол кірді. Халықтың өмір сүру деңгейі көтерілді. Еліміз экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысып, Қазақстанның алтын валюталық қоры жасалды. Әлемдік экономикалық тығырық кезеңінде мұнай мен металға сұраныс қысқарып, баға күрт төмендеді. Бұл жағдай өндірістің құлдырауына, жұмыссыздыққа әкелді. Бұрын жиналған қор ғана дағдарыстың әсерін жеңілдетті. Ал оның салдарын толық жеңу тек әлемдік экономикамен байланысты. Бұл тәуелділікті азайтудың жалғыз жолы - экономикалық-әлеуметтік әлуетті нығайту болып табылады. ІІІ Қорытынды: Сонымен қорыта келгенде Қазақстанда 1990 – 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету. (1998 – 99) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан – 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы – ҚР-ның ұзақ мерзімдік стратег. дамуының тұжырымдамалық негізі – даму бағыттары және елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды.
|