Азақстанның тәуелсіздігіне арналған іс-шаралар
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
Мемлекеттік әнұран орындалады. Ой қозғау: Бүгінгі тәрбие сабағының тақырыбы «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталу себебі неде деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз ойларын жеткізеді. Мұғлімнің кіріспе сөзі: Президентіміз Н.Ә Назарбаев: Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар деген болатын. «Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр.Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін ата заңымызда айқындап алдық. Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан 2050» стратегиясын қабылдадық» деді. Бүгінгі біздің сабағымызда «Қазақстан 2050» стратегиясындағы ең басты 7 басымдықтың бірі – «Жаңа Қазақстандық патриотизм» тақырыбында ой қозғаймыз. Ортаға жүргізушілерімізді шақырамыз:
|