Нұран
Әнұраным-жанұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым - Мың қайталап айтам мұны. 1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз. 1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді. 1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік. 1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді. 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді. 1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты. 1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды. 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды. 2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді. 2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды. 2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды. 2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды. 2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды. 2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді. 2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
|