Өкпенің жедел абсцесі - өкпе тініндегі шектелген іріңдік, көбінесе іріңді аурулардың асқынуы болып келеді: 1.Крупозды немесе гриппозды пневмония, тыныс жолдарының бөгде заттармен аспирациясы, бронхтарды тарылтатын ісіктер, терең күйіктер;
2.Септикопиемия, тромбофлебитт, т.б іріңді ауруларда өкпеге инфекция гематогенді, лимфогенді жолмен түскенде;
3. Инфицирленген өкпе тіндерінің ашық, жабық жарақаттары.
Біріншілік абсцесс сирек кездеседі. Жедел абсцесте қабыну ошағында іріңді инфильтрация салдарынан өкпе паренхимасы және ұсақ бронхтар өліеттеніп, ыдырайды. Қабыну ошағының айналасында пиогенді капсула қалыптасады. Егер де, абсцесс бронхпен байланыста болса, ірің жартылай сыртқа шығады, абсцесс қуысына кірген ауа сұйықтық бетінде жиналады (102- сурет).