Шірікті инфекциялардың; этиологиясы спора түзбейтін анаэробты микробтар (B. Coli, B. Putrificus, Proteus) және осы микробтардың стафилококк, стрептококтармен бірлескен ассоциациясы. Шірікті инфекцияларда тіндердің жергілікті өзгерістері және ағзаның жалпы реакциясы анаэробты инфекцияға ұқсас келеді, қабынудан некроздану процесі басым болады. Тіндер іріп-шірігенде сасық иісті ірің көп мөлшерде бөлініп, науқасты ауыр интоксикацияға әкеледі. Шірікті инфекция қатты ластанған жыртылған, мыжылған жараларда, ашық сынықтарда, жедел парапроктиттер (122-сурет), аппендикулярлы абсцестер, одонтогенді
флегмоналарда дамиды.