Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекцияларды арнайы қоздырғыштар тудырады. Инфекциялардың бұл түрлеріне а) хирургиялық туберкулез, б) актиномикоз, в) сифилис, г) лепра жатады. Аталған аурулардың ағымы басталғаннан баяу, созылмалы, тіндерде әр аурудың өзіне тән морфологиялық өзгерістер дамиды. Науқастардың денсаулықтарын төмендетіп, көбінесе мүгедектікке әкеледі. Нақтылы диагноз жыланкөздерден бөлінген сұйықтықтарды, тіндердің биопсияға алынған материалдарын микроскопиялық зерттеу кезінде ерекше әрбір ауруға тән, тіндердің өзгерістері- гранулемалар анықталады.
Хирургиялық туберкулезге сүйек-буын туберкулезі, лимфа бездері, серозды қуыстардың (іш пердесі, плевра, ми қабаттары), асқазан, ішек, бүйрек, қуық, аталық пен аналық без, жатыр, көз туберкулезі және өкпе туберкулезінің кейбір түрлері жатады. Туберкулез микобактериялары адам организміне тыныс алу, ас қорыту жолдары немесе тері және шырышты қабаттардың зақымдалуы кезінде енеді. Тіндерде спецификалық созылмалы қабыну реакциясы даму салдарынан туберкулезді бөртпелер (гранулемалар) түзіледі (123,124-суреттер).
Сурет 123. Туберкулезды бөртпелер (гранулемалар).