Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бронх астмасы





Бронх астмасы немесе бронх демікпесі — қайталанып отыратын тыныс тарылу ұстамасымен, экспираторлы ентігумен сипатталатын аллергиялық созылмалы ауру.

Бронх демікпесінің балаларда 3 түрі байқалады: 1) атопиялық, 2) инфекциялық-аллергиялық, 3) аралас. Бронх демікпесінің атопиялық түрінде балада инфекциялық емес аллергендерге бейімділік анықталады: тамақ, дәрі аллергендері, шаң, өсімдік тозаңдары, жануарлардың жүні т.б.

Инфекциялық аллергиялық түріндегі себептерге, аты көрсетіп түрғандай, инфекциялық аллергендер - қоздырғыштар мен олардың токсиндері, аллергияға бейімділік және тұқым куалаушылық факторы болып табылады.

Патогенез. Бронх астмасының дамуы 3 түрлі патологиялық жағдайда өтеді: бронх қабырғаларының қысылуы — бронхоспазм; бронхтардың ішкі шырышты қабатының ісінуі; бронх бездерінің көп мөлшерде шырыш бөліп шығаруы — гиперсекрециясы. Осы өзгерістердің салдарынан бронх саңылауы қатты тарылады, демді шығару өте қиындайды, өкпе альвеолалары кеңейіп, эмфизема пайда болады.

Бронх астмасының ұстамаларының басталуына нерв жүйесінің де әсері бар, осы себепті баланың көңілін басқа нәрсеге аудару арқылы, ұстама басталар кезде тоқтатуға болады.

Клиника. Бронх астмасының клиникалық айқындалуы қайта қозу (период обострения) және ұстама аралығындағы кезеңдерде өтеді. Қайта қозу кезеңінің өзі- ұстама алдындағы кезең, ұстама кезеңі және ұстамадан кейінгі кезең болып бөлінеді.

Ұстама алдындағы кезенде (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады) бала мазасызданып, ұйқысы қашады, басы ауырады, мұрны бітіп, жөтел пайда болады, экссудативті диатез белгілері айқындала түседі.

Ұ с т а м а кезеңінде баланың жалпы жағдайы күрт төмендейді. Дем алысы нашарлайды, демді сыртқа шығару катты қиындайды, бас ауыруы күшейеді, қатты қинайтын кұрғақ жөтел пайда болады. Баланың дем алысы шулы, алыстан естіледі, бала жата алмайды, мәжбүрлі жағдайда қолдарын тізесіне тіреп отырады немесе түрегеп тұрады, тері қабаты бозарып, көкшіл тартады. Тексеріп көргенде өкпеде перкуссия арқылы қорапты дыбыс, аускультацияда әртүрлі ызыңдап, ысылдап, естілетін құрғақ сырылдар анықгалады, кейде ылғалды сырылдар естілуі мүмкін. Жүрек тондары әлсіз, тахи­кардия, жүрек шекаралары өкпенің кеңеюі салдарынан жақсы анықталмайды. Ұстама бірнеше минуттан, бірнеше сағаттарға дейін, тіпті бірнеше күнге дейін (астматикалық статус) созылуы мүмкін. Осы ұстама кезеңінде жедел жәрдем көрсетілмесе, бала өліп кетеді. Бронх астмасының ауыр түрлерінде ұстама ұзақ уақытқа дейін созылып, бірнеше күнге гипоксемия, тыныс тапшылығы, жүрек жетіспеушілігінің белгілері сақталады.

Ұстамадан кейінгі кезенде баланың жағдайы дұрысталады, жөтел, ентігу жойылады, өкпеде сырылдар байқалмайды. Бірақ өкпенің эмфиземаға ұшыраған бөліктері өзгеріссіз қалады да, перкуссия арқылы қорапты дыбыс анықталуы байқалады. Бұл кезеңде де аурудың емін тоқтатпау қажет, өйткені кез-келген себептерден соң қайталап ұстама басталуы мүмкін.

Ұстама аралық кезенде, балада ешқандай шағымдар болмайды, ешқандай өзгерістер де анықталмайды.

Аурудың басталған кездерінде және кішкентай балаларда бронх астмасы астматикалық бронхит түрінде өтеді. Ұстама байқалмағанмен, қатты жөтел, бронх өткізгіштігінен шырыш көп бөліну себепті, нашарлауы байқалады. Өкпеде тындап көргенде өте көп әртүрлі құрғақ сырылдармен қатар ылғалды майда және орташа көпіршікті дымқыл сырылдар естіледі.

Ауырлығы бойынша бронх астмасы 3 дәрежеде өтеді: жеңіл, орташа ауыр және ауыр дәрежелерде. Дәрежесінін ауырлығы ұстаманың қайталану жиілігіне, ұзақтығына, өкпе, бронхтардағы өзгерістерге байланысты болады.

Асқынулары — өкпе эмфиземасы, ателектаздары, пнев­мония, пневмоторакс, тері астының эмфиземасы.

Емдеу. Ауру балаға ем тек ұстама кезінде ғана емес, онын алдында да және ұстамадан кейін де жүргізілу керек.

Ем ұстама басталмай тұрғанда жүргізілсе, оның алдын алуға бо­лады. Ол үшін баланы алдандырып, нерв жүйесін тыныштандыратын әрекеттер жасау, бөлменің ауасы барлық уақытта таза болуын қадағалау, баланың тамақ құрамында аллергия шақыратын тағамдар болмауын қадағалау керек.

Ұстама алдындағы кезеңде балаға бронхолитиктер инга­ляция арқылы: изадрин, новодрин, эуспиран, солутан, беротек тәулігіне 3-4 рет және ішуге ауыз арқылы сальбутамол, солутан, теофиллин т.б. беріледі. Аллергияны төмендететін препараттар — кальций препараттары, антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, пипольфен, тавегил, диазолин т.б.) витаминдер комплексі; физиоем — адреналин, новокаин, кальций препараттарымен электрофорез, ультрадыбыспен емдеу тағайындалады.

Ұстама кезеңінде ем балаға жедел жәрдем көрсетуден басталады — баланың киімін жеңілдетіп, түймелерін ағыту, таза ауа жеткізу, ылғалдатылған оттегін беру;

— ингаляция арқылы бронхолитиктер енгізу, аяқ-қолдарына жылы ванна жасау;

— баланың көңілін аударатын әрекеттер жасау. Аурудыи патогенезіне байланысты дәрілер егіледі — адреналин 0,1%,эфедрин 5%; ауыр түрлерінде эуфиллин 2,4% көк тамырға мл. бала жасына.

— Астматикалық статуста осыған қоса преднизолон, бастапқыда көк тамырға, кейіннен ауыз арқылы схемаға сәйкес тағайындалады.

— Жабысқақ қақырықты жібітіп, тезірек шығару үшін ферменттер- химопсин, химотрипсин аэрозоль арқылы енгізіледі.

— Ауру- өкпе, бронхтардың қабынуымен асқынған жағдайда антибиотиктер қосылады.

Ұстама аралық кезеңде негізінен аллергияны төмендететін ем түрі қолданылады. Бұл ем 2 түрлі әдіспен — ерекшеленген және ерекшеленбеген гипосенсибилизация арқылы өткізіледі.

Ерекшеленген гипосенсибилизация жүргізу тәртібі — балада ауру тудырған аллергенді тауып, сол аллергеннен дайындалған арнайы вакцинаны егу арқылы бала организмінде антиденелер түзуге негізделген.

Ерекшеленбеген гипосенсибилизация — гистоглобин егу. Гистоглобин 0,1 % — 0,75 мл гистамин + 6 мл гамма глобу­лин + 93,25 мл физиологиялық ерітінділердің қосындысынан тұрады. Гистоглобин 1-2 мл тері астына әр 3-4 күн сайын егіледі, барлығы 4-5 рет.

Бронх астмасымен ауырған бала міндетті түрде "Д" есепке алынады: соңғы ұстамадан соң 5 жылға дейін, одан кейін де қайталанса, бала 15 жасқа толғанша. Аурудың ауырлығына, баланың жасына қарай есептегі бала айына 1 рет, 3-6-12 айда бір рет тексеріліп отырады.

Профилактика.

1. Қауіп-қатер тобындағы балаларды есепке алып, аллергияға бейім балаларды сауықтыру.

2. Осы балалардың тамағында аллергия шақыратын тағамдарды шектеу.

3. Инфекция ошақтарын тауып, емдеп, сауықтыру.

4. Бронх астмасына шалдыққан балаларға ерекшеленген және ерекшеленбеген гипосенсибилизация шараларын жүргізу.

5. Алдын-ала егу жұмыстарынан баланы босату.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3363. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия