Ревмвтизмге диагноз қою белгілері
Диагноз қою. Ревматизмге диагноз қою үшін 1965жылы американдық кардиологтар бірлестігі ұсынған диагноз қою критерийлеріне сүйенеміз. Таб- лицада көрсетілгендей олар үлкен және кіші белгілер болып бөлінеді (ВОЗ, 1978жыл). Үлкен белгілерге – кардит, полиартрит, хорея, сақина тәрізді терідегі қыза- ру, тері астындағы ревматикалық түйіндер, ревматикалық анамнез жатады. Кіші белгілерге – артральгия, температура көтерілу, лабораториялық өзге – рістер (ЭШЖ жоғарылау, лейкоцитоз, СРБ пайда болуы, ДФА-дифениламин реакциясы оң нәтиже беруі, белок құрамының өзгеруі – α-2, γ глобулиндер мөлшерінің көбеюі), серологиялық тексерістердегі өзгерістер – (антиденелер- дің мөлшерінің титрінің жоғарылауы) жатқызылады. Ревматизмге диагноз қою үшін инструментальы тексерістер: ЭКГ, УЗИ, үлкен көмек береді. Емдеу. Ревматизмге шалдыққан балаларды емдеу ұзақ және сатылап, ке – шенді түрде жүргізіледі. 1-ші сатысы – санаторий-курорттарда 2-ші сатысы – емханада, «Д» есепке алынып, өткізіледі. 1.Стационардағы ем 1,5-2 айға созылады. Қатаң төсек режимі тағайындалады (2-4 аптаға), біртіндеп баланың жалпы жағдайына және лабораториялық тексерулердің көрсеткіштеріне қарап кеңейтіледі. Тамағы бала жасына сәйкес, тұз мөлшері (5-6 г дейін) және су (тәулігіне 1 л дейін) шектеледі. Құрамы калий тұздарына бай тағамдар (сүзбе, қара өрік, курага, картоп, алма, капуста т.б.) беріледі. Дәрілік ем – микробқа қарсы антибиотиктер тағайындалады: алғашқы пени- циллин 10-14 күнге, дозалары бала жасына тәуелді, кейіннен бициллин – 5 әр 2 апта сайын 1200 000-1500 000 ЕД б/е 1,5-2ай бойы, одан кейін әр 3 апта сайын егіледі. Қабынуға қарсы антибиотиктермен қатар стероидты емес гомондар, индол препараттары – ортофен, вольтарен, т.б. және салицил қышқылы препараттары – ацетилсалицил қышқылы, аспирин 0,2 г жасына да қолданылады. Аллергияны азайтатын антигистаминді дәрілер – пипольфен, супрастин, тавегил, димедрол тағайындалады. Ауыр жағдайларда – стероидты гормондар – преднизолон 1мг/кг тәулігіне егіледі. Жүрек жетіспеушілігі белгілерінде: жүрек гликозидтері – дигиталис, дигоксин, коргликон, строфантин; миокард жұмысын жақсартатын дәрілер – кокарбоксилаза, АТФ, рибоксин беріледі. Хореяда – тыныштандыратын бром препараттары, люминал, валериана, витаминдер комплексімен ем жүргізіледі. Жазылу кезеңінде емдеу физкуль- турасы тағайындалады. 2.Емнің 2-ші сатысы жергілікті санаторийлерде жүргізіледі. 2-3ай бойы балаға дәрілермен емдеу тоқтатылмайды, тек дозасы 2 есе азайтылады, емдік гимнастика, организмді жалпы нығайту шаралары, шынықтыру, рациональды тамақтандыру, витаминдермен емдеу жүргізіледі. 3.Емнің 3-ші сатысы жергілікті ревматолог дәрігердің есебіне алынып, амбу- латориялық жағдайда өткізіледі. Бұл кезде аурудың қайталануына қарсы бағытталған профилактикалық ем жүргізіледі: бициллин – 5, 3 жыл қатары – нан 3 аптада 1 рет мектеп жасына дейінгі балаларға 600 000 ЕД; көктемде және күзде жылына 2 рет 1 ай бойы аспирин мен витаминдер комплексі тағайындалады. 3 жылдан соң бициллин 5 және аспирин профилактикалық дозаларда тек жылына 2 рет 6-8 апта бойында тағайындалады. Профилактика. Ревматизмнің алдын алу шараларын біріншілік және екіншілік профилактика деп бөледі. Біріншілік профилактиканың мақсаты ревматизмді болдырмай алдын алу: үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту; баспаларды дұрыс емдеу (антибиотик тағайындау, кемінде 10 күнге); стрептококпен шақырылған басқа да ауруларды дер кезінде анықтап, емдеп, сауықтыру; кариесті тісері бар, созылмалы тонзиллитпен ауыратын балаларды есепке алып, емдеу, сауық – тыру; баланы шынықтыру, жалпы қорғаныш күштерін арттыру. Екіншілік профилактика ревматизммен ауырып, емделіп шыққаннан кейінгі балаларда қайталануының алдын алу үшін жүргізіледі. Бала 5 жылға дейін жергілікті ревматологтың және педиатрдың «Д» есебіне алынады. Жоғарыда көрсетілген тәртіппен қайталануға қарсы осы 5 жыл бойы ем, бақылау жүргі- зіледі. Асқынулары. Өткір жүрек жетіспеушілігі – миокардтың жиырылу қызме- тінің бұзылу салдарынан систолалық және минуттық қан көлемінің азаюынан туындайтын жедел жағдай. Өткір жүрек жетіспеушілігінің 2 түрі бар: оң қарыншалық және сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі. Оң қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің белгілері: цианоз, мойын тамырларының білеуленіп қатты соғуы, ентігу, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ауырсынуы, іш кебу. Жедел жәрдем: баланың аяқтарын төмен салып отырғызу, аяқ-қолына байлау салу, қан алу, көк тамырға жүрек гликозидтерін, лазикс егу. Сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің (өкпе ісінуі және жүрек демік – песі) белгілері: инспираторлы ентігу, акроцианоз, мойын тамырларының білеуленуі, ылғалды жөтел, қызғыш түсті, көбікті қақырық шығу, елірмелеу, есін жоғалту. Жедел жәрдем: баланың аяқтарын төмен салып отырғызу, оксигенотерапия спирт арқылы оттегін ылғалдатып беру немесе 30% спирт ерітіндісін көк тамырға егу, анальгетиктер, лазикс жіберу. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі – үлкен және кіші қан айналу шеңберле – ріндегі қан айналуының бұзылу белгілерімен сипатталады: ентігу, тахикар- дия, пневмония белгілері, көгеру, гепатомегалия, гидроторакс, асцит, анасарка. Емдеу. Дұрыс күн тәртібі мен тамақтандыруды ұйымдастыру, жүрек гликозидтерін, зәр қуатын препараттарды, қан тамырларын кеңейтетін дәрілерді, жүрек ритмін реттейтін дәрілерді тағайындап, егу.
|