Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Гельминтоздар





Гельминтоздар деп адам организмінде паразиттік өмір сүретін ішек құрттарымен (гельмиттермен) шақырылатын аурулар аталады. Ішек құрттарының улары ішек қызметін бұзады, аллергия тудырады, зат алмасуына әсерін тигізеді, құрттар өте көбейіп кетсе, ішегін бітеп, іші жүрмей қалады.

Гельминтоздардың ішінде балаларда жиі кездесетін энтеробиоз және аскаридоз.

Аскаридоз. Аскаридозды шақырушы ішек құрты (гельминт)- аскарида, 25-40с.келетін ақ түсті жұмыр құрт. Олар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары нәжіспен бірге, сыртқы ортаға шығады. Бала жуылмаған жеміс-жидек жегенде, қолын жумай тамақ жегенде кір қолдары арқылы қайтадан ішекке өтеді. Ащы ішекте жұмыртқалардан личинка өсіп -өнеді де, қанға өтеді. Қан арқылы личинка журекке, одан әрі өкпе авеолаларына жетеді. Өкпеден дем алысы кезінде ауа ағынымен ауыз қуысынан шығып, одан әрі қайтала ауыз қуысы өңеш - асқазанұлтабар ащы ішекке жетеді. Ащы ішекте личинкадан аскарида құртына айналып өсіп-өнеді. Осылай аскариданың өсіп-өну циклы айналып, қайталанып отырады. Бір циклдың ұзақтығы 2-2,5 айға созылады.

Аурудың клиникалық айқындалуы личинкалардың қай жерге өткенімен байланысты әртүрлі болады. Личинкалар қанға өткен кезінде балада, әлсіздік, жөтел пайда болып, тері қабатында аллергиялық бөтпелер анықталады. Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жүрегі айнып, іші ауырады, тәбетті төмендейді, салмағы кемиді, тез шаршағыш келеді, баланың жалпы жағдайы бұзылады.

Энтеробиоз. Энтеробиоз -ұзындығы 4-12мм келетін, кішкентай жұмыр ақ құрттармен (острицалармен)

Шақырылатын гельминтоз түрі. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді. Ұрғашылары түнге қарай анус қатпарларына шығып, сол жерде жұмыртқалайды. Осы кезде баланың құйрығы қышидыда, бала қолымен қас ыған кезде тырнақтарының астына жұмыртқалар жиналып қалады. Бала ертеңіне қолын жумастан тамақ ішкен жағдайда, жұмырткалар қайтадан ішке өтіп, өзіне-өзі қайта жұқтырады- аутоинвазия. Құрттар ішекте өмір сүрген кезде баланың тәбетті төмендейді, іші ауық-ауық бүріп ауырады, салмағы төмендейді.

Емдеу: ішек құрттарына әсер ететін препараттар: пиперазин, декарис, комбантрин, пирантел, аллергияны төмендететін антигистаминді дәрілер тағайындалады. Оттегімен емдеу жүргізіледі: асқазагға зонд арқылы өте жай 100-150мл/жасына оттегі жіберіледі. Энтеробиозда түнге қарай тазалағыш клизма немесе сарымсақтың сөлін (чеснок) қосқан сумен клизма жасау қолданылады. Халық еміне асқабақтың дәнін майдалап, әселмен қосып береді де, кешке тазалағыш клизма жасалады.
Гименолепидоз. Бұл гельминтоз түрі қортық цепень (карликовый цепень) деп аталатын ішек құртымен шақырылады. Құрттың үлкендігімен, аты айтып тұрғандай өтн кішкентай 0,7-3мм, жұмыртқалар да өте майда болады. Аурудың жұғу жолдары басқалардағыдай, ішек құрты ащы ішекте өмір сүреді. Клиникалық белгілері барлық уақытта анық білінбейді. Бала мазасыз. Басы ауырады. Іші де ауырады, тәбеті төмендей, жүрегі айнып құсуы да мүнкін.

Емі. фенасал, асқабпқтың дәні.

Трихинеллез. спираль тәрізді ішек құрттары -трихинеллалармен шақырылптын гельминтоз түрі. Жұғу жолдары- ауру малдың еті арқылы. Бұл құрттардың личинкалары ішектен бұлшық еттерге өтіп, сол енген жерге спираль тәрізді оралып жатады. Сыртында қалың қабықша (капсула) пайда болып, ұзақ уақыт сақталады.

Клиника. Личинка енген жерлердегі бұлшық еттердің қозғалғанда, ұстап көрген де қатты ауырсыну байқалады, баланың беті ісініп, температурасы көтеріледі. Қанда эозинофилия анықталады.

Емі: вермокс тағайындалады.

Трихоцефалез -власоглав деп аталатын ішек құртымен шақырылатын гельминтоз түрі. Бұл құрттардың үлкендігі 3-5,5 см, басы жағында шашақ тәрізді түгі бар. Власоглав соқыр ішекте өмір сүреді, сол жерге жұмыртқа салады.

Клиникасы соқыр ішек ауруының клиникасына ұқсас: субфибрмльді температура, жүрегі айнып құсады,іші кебеді немесе тоқтап қалады, бала мазасыз, ұйқысы бұзылады.

Емі: нафтамон, вермокс, тік ішекке оттегіні жіберу.

Лямблиоз. Лямблиялармен, қарапайым құрттармен шақырылады. Жұғу жолдары алдыңғы гельминтоздардағыдай кір қолдар арқылы. Бұл құттар және ащы ішектің жоғарғы бөліктерінде өмір сүреді. Сондықтанда негізінен гастродуадентит, дуодентит, энтероколит белгілерімен сипатталады. Кейде холицистит белгілеріне ұқсас ұстама түріндегі ауырсыну байқалады. Бала организмінің созылмалы улану белгілері анықталады: тәбет төмендеу, теріқабатының бозаруы, әлсіздік, тез шаршағыштық, салмақ төмендеуі т.б. анық диагноз ұлтабар сөлінде және нәжісте ләмбләлар табылған жағдайда белгілі болады.

Емі:фуразолидон, аминохинол, трихопол, тинизол.

Гельмитоздарға диагноз қою. Гельминтоздарға диагноз қою үшін және бір-бірінен ажырату үшін анамнез, клиникалық белгілеріне сүйене отырып, келесі лабороториялық тексерістер жүргізіледі: нәжісті ішек құрттарына тексеріске алу, анус қатпарларынан сұртінді алу (ішек құрттарының острицалардың, жұмыртқаларын анықтау үшін), ұлтабарды зондтау (лямблияларды анықтауға болад-ы).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 8237. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия