Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ант диабеті





Қ а н т д и а б е т і н і ң 2 түрі бар: инсулинге тәуелді және инсулинге тәуелді емес. Балаларда көбінесе инсулинге тәуелді түрі кездеседі. Қантты диабет – ұйқы безінің бета клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен байланысты зат алмасуының, әсіресе көмірсуларының алмасуының , бұзылуы мен сипатталатын созылмалы ішкі секреция безінің ауруы. Барлық ішкі секреция бездерінің ауруларының ішінде балаларда қантты диабет ең жиі кездесетін түрі. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек байқалады.

Себептері:

1. Тұқым қуалаушылық (60%)

2. Вирустармен шақырылатын балалардың жұқпалы аурулары: қызылша, қызамық, жел шешек, тұмау т.б. әсері.

3. Көмірсулар мен майларға бай, тәтті тағамдарды қалыптан тыс көп қолдану.

4. Психикалық, физикалық стрестердің салдары.

Патогенез. Организмде қалыпты жағдайда инсулин көмірсуларының алмасуын, қанттардың сіңірілуін реттейді. Қантты диабетте ұйқы безінің инсулинді аз мөлшерде шығаруымен байланысты бұл процесс бұзылады: көмірсулары толық сіңірілмей қандағы қанттың мөлшері жоғарылдайды ( гипергликемия ), көмірсу- ларының майға айналу процессі аяқталмағандықтан қанда жартылай қорытылған – кетонды денелер көбейеді (кетонемия). Нормадағы қандағы қанттың мөлшері – 5,5 ммоль/л, кетондар – 0,05 – 0,1 г/л дейін болады. Қандағы қанттың мөлшері 11,1 ммоль/л-ден асса қант зәрде анықтала бастайды( нормада зәрде қант анықталмайды ) – глюкозурия.

Қантты диабетінің балалардағы ерекшеліктері: Ауру жедел, белсенді түрде басталады. Қантты диабет балаларда ауыр түрде өтеді. Аурудың асқынулары жиі кездеседі.

Клиника. Қантты диабетке тән алғашқы пайда болатын белгілер: п о л и д и п с и я – қатты ( шөлдеу тәулігіне 3-4 л дейін сұйықтық ішеді ). П о л и у р и я – жиі және көп мөлшерде зәр бөлу ( 3л дейін ). Зәр ақшыл түсті, қант араласу салдарынан тығыздығы жоғарылайды, полиурияның салдарынан н и к т у р и я және э н у р е з байқалады. Баланың тәбеті жоғарылайдығ, көп тамақ жейді – полифа – гия, бірақ соған қарамай бала салмақ қоспайды. Бұл белгілер негізгі белгілер триадасы, одан басқа белгілер: тері қабаты құрғап, қышиды, шаш арасында және бетінің ұшында экссудативті диатез ауруындағы – дай өзгерістер пайда болады. Тері қабатының, жалпы организмнің қорғаныш күштері төмендейді. Сондықтан, жиі фурункулез, пиодермия т.б. ұзақ уақыт жазылмай жүретін іріңді аурулармен асқынады. Кішкен- тай балаларда зәрде қант пайда болуымен байланысты, жөргектерінің крахмалдап қойған сияқты қатаюы байқалады.

Қан тамырларында ерте склероздық өзгерістер анықталады: бас миының қан тамырларының склерозға ұшырауымен байланысты бала тез шаршағыш, ұмытшақ болады. Көз тамырларының склерозы салда – рынан – м и о и я байқалады. Бүйректе – созылмалы бүйрек жетіспеу – шілігі, жүректегі өзгерістер – жүрек тондары әлсірейді, жүрек шекарасы ұлғайып, шу естіледі. Қанда қант мөлшері жоғарылайды 16,65 ммоль/л дейін (комаларда одан да жоғары), гиперкетонемия, гиперхолестери – немия. Зәрде – глюкозурия, ацетонурия байқалады, зәр тығыздығы 1030-дан жоғарылайды.

Асқынулары:

1. Аурумен тікелей байланысты асқынулар: гипергликемиялық диабет- тік кома, гипогликемиялық кома, диабеттік ангиопатиялар (ретино, нефро, нейро, артро, гастро, гепато, кардиопатия).

2. Осы ауруымен байланысты емес, қорғаныш күштерінің төмендігі – мен, инфекция қосылуы мен байланысты асқынулар: тері қабаты – ның іріңді аурулары, стоматиттер, вульвовагинит, пиелонефрит т.б. аурулар туындайды.

Гипергликемиялық кома. Себептері: диагноз дер кезінде анықталмай қалу; инсулин тағайындаудағы қателіктер; диетаны сақтамау ( тәтті және майлы тағамдарды көп жеу ); басқа аурулар – дың қосымша болуы; психикалық, физикалық стрестер. Алдымен прекома белгілері білінеді: полидипсия, полиурия әлсіздік, енжар – лық, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнып, құсу. Осы мерзім де балаға жедел көмек көрсетілмесе, бала комаға түседі – есін жо – ғалтады, көздің қарашығы кішірейеді, рефлекстері әлсірейді, тері қабаты көгіс тартады, бұлшық ет тонусы төмендейді. Куссмауль типті дем алысы пайда болады, тахикардия, жоғары гипергликемия, глюкозурия, баланың аузынан ацетон иісі шығып тұрады.

Гипогликемиялық кома.Себептері: организмге тағам арқылы қант аз мөлшерде түсу, инсулиннің дозасының артып кетуі, инсулин алғаннан кейін немесе ашқарынға организмге көп күш түсу.

Гипогликемиялық кома тез басталады: бала қатты әлсіреп, тер - леп кетеді, қатты қарны ашады, тахикардия, қан қысымы төмендей - ді, есін жоғалтып құрысып-тырысу байқалады. Қанда гипогликемия – қант мөлшері 5,5 ммоль/л-ден төмен анықталады.

Диагноз қою үшін мұқият анамнез жинау; диабетке тән кли – никалық белгілеріне, қанда гипергликемия, зәрде глюкозурия бай – қалуына, зәрдің меншікті салмағының жоғарылауына көңіл аудару қажет. Қандағы қант мөлшерін тез анықтау үшін индикаторлық жо – лақ қағаздар – “ Декстонал” , “ Декстростикс”, “Глюкопрофиль”, ал зәрдегі қантты анықтауға “Глюкотест”, “ Мультистикс”, зәрдегі кетонды денелерді анықтауға “ Кетостикс ”, қолданған ыңғайлы. Олар жоқ болған жағдайда қант мөлшері кәдімгі лабораториялық әдістермен анықталады.

Емдеу.

1. Диетотерапия – тамақ құнарлы болумен қатар, майлар мен тез сіңірілетін қантардың мөлшерін шектеу қажет, тамақтандыру жиілігі тәулігіне 5-6 рет. Баланың рационында көбірек қанты аз көкеністер, сұлы, қарақұмық жармалары, сүт тағамдары жеткі – лікті болу қажет. Ет, балық, жұмртқа шектелмейді, бірақ ет семіз болмағаны дұрыс. Белок мөлшері де шектелмейді.

2. Күн тәртібі – қантты диабетпен ауыратын мектеп жасындағы бала дене шынықтыру сабағында арнайы топқа қатысады. Бала, әсіресе, инсулин алғаннан кейін және ашқарынға көп энергия жұмсалатын қимылдар жасамау керек.

3. Инсулинмен емдеу – жетіспейтін инсулиннің мөлшерін сырттан енгізу. Инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар: а) қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, суинсу – лин ( шошқа инсулині ), актрапид, инсулрап, хоморап т.б. әсер ету ұзақтығы 8 сағат.; б) ұзартылған әрекетті инсулиндер – сус – пензия цинк инсулин аморфты немесе инсулин семиленте, инсулин B, инсулонг, хомофан т.б. – әрекет ұзақтығы –10-14 сағат; в) ұзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк инсулин кристалды ( ультраленте ), ультралонг, ультратард – әрекет ұзақтығы 24 -26 сағат.

4. Сонымен қатар, сульфаниламидті препараттар – диабинез, букарбан, диабетон және бигуанидтер – фенформин, адебид, глюкофаг та тағайындалады. Инсулиннің тәуліктік қажетті дозасын қант – зәр эквиваленті бойынша анықтауға болады, яғни тәуліктік зәрмен бөлініп шыққан қант мөлшеріне қарап есептеп табылады. Ол үшін біз әр бірлік инсулин организмде 5г қантты сіңіру үшін жұмсалатынын ескереміз. Мысалы: бала тәулігіне зәрмен бірге 60г қант жоғалатынын білсек, оған тәулігіне 60:5=12 бірлік инсулин қажет екенін таба аламыз.

Табылған инсулиннің тәуліктік дозасын 3 немесе 2 ретке бөліп салу керек. Осы кезде инсулин егудің тағы бір ерекшелігі-тәуліктің әр мезгілінде инсулинге қажеттілік әртүрлі болуымен байланысты, яғни қант зәрдің барлық порциясымен тәулік бойында бірдей мөлшерде шығарылмауымен байланысты, инсулиннің таңертең, түсте, кешке тағайындалатын дозалары да әртүрлі болады. Атап айтсақ, инсулиннің барлық тәуліктік дозасының ең көп бөлігі таңертеңгі, одан кейінгі дозасы түскі, ең аз мөлшері кешкі тамақтың алдында 30 минут бұрын тері астына егіледі. Сонымен қатар инсулин егу ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1. Әр еккенде егу орны алмастырылып отырады.

2. Егер алдында препаратты дене температурасына дейін

жылыту қажет.

3. Ине үшкір болғаны жөн.

4. Препарат жай егілу қажет.

Инсулиннен басқа витаминдер комплексі, қорғаныш күштерін арттыратын дәрілер, кейде анаболикалық гормондар және симптомдық ем жүргізіледі.

Комалардағы жедел жәрдем. Гипергликемиялық комада: а) тез инсулин егу – алдымен тәуліктік дозаның ½ немесе 1/3 бөлігін көк тамырға шапшытып (струйно), одан кейін 3 сағаттың ішінде тағы 1/3 бөлігін көк тамырға тамшылата дегидратациялық сұйықтықтармен бірге, қалған 1/3 дозаны тері астына. Одан әрі инсулиннің дозасы қандағы және зәрдегі қант мөлшеріне сәйкес тері астына әрбір 4-6 сағат сайын егіледі. б) дегидратациямен күрес: көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар енгізу-0,9% физиологиялық ерітінді, Рингер-Локк ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісін; в) витаминдер комплексі; г) құсу кезінде-асқазанды және ішекті шаю; симптомдық ем жүргізу ( жағдайына сәйкес).

Гипогликемиялық комада: жедел жәрдем команың дәрежесіне қарай жүргізіледі. а) жеңілдеу түрінде (бала есін жоғалтпаған) тез сіңетін, қантқа бай тағамдар, тәттілер жегізу-тәтті шәй, кисель, компот, әсел, ботқалар, ақ нан т.б. ауыр түрлерінде – көк тамырға 20-40% глюкоза ерітіндісін шапшыта немесе 5-10% тамшылата егу (комадан шыққанша), ылғалдатылған оттегін беру, қан қысымын көтеретін дәрілер егу

“Д” бақылау. Қантты диабетпен ауыратын балалар диспансерлік есепке алынып, эндокринолог және педиатрдың бақылауында болуы керек. Сонымен қатар, жылына 1 рет окулист, невропатолог, дәрігерлердің консуль тацисынан өтіп тұрады, тексеруден өтіп, асқынулардың алдын алып тұру керек.

Алдын алу. Қауіп-қатер тобындағы балалар семьядан қантты диабетпен ауыратын адам болса бақылауға алынып, эндокринологтың тексерісінен жылына 2 рет өтіп тұруы қажет. Балаларды жұқпалы вирусты аурулардан сақтандыру, баланың рационында қант мөлшерінің нормадан аспауын қадағалау керек.

Прогноз.Қантты диабетпен толық айығып кету өте сирек болады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2554. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.023 сек.) русская версия | украинская версия