Студопедия — Ткір гломерулонефрит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ткір гломерулонефрит






Өткір г л о м е р у л о н е ф р и т – бұл бүйрек домалақшыларының өткір қабынуымен сипатталатын инфекциялық аллергиялық ауру. 3-7 жас аралығындағы балалар жиірек ауырады. Қоздырғышы – көбінесе бетта гемолитикалық стрептокок, стафилокок және вирустар болып табылады. Бейімдеуші фактор қатты суықтау.

Патогенез. Өткір гломерулонефрит көбінесе баспа, назофаренгит, скарлотина ауруларына 10-15 күнөткеннен кейін басталады, яғни осы уақыттың ішінде аурулардың қоздырғыштары организмде аллергия тудырады. Сөйтіп, бейімдеуші қосымша факторлар әсер еткен жағдайда, аллергияға ұшыраған, қорғаныш күштері төмендеген бала организмінде ауру басталады.

Клиника. Өткір гломерулонефриттің белгілері келесі клиникалық түрде өтеді:

  1. Нефритикалық түрі
  2. Нефротикалық түрі
  3. Тек зәрдегі өзгерістер
  4. Аралас түрі

Н е ф р и т и к а л ы қ түрінде – жоғары температура, жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен қатар ісіктер, гипертензия және зәрде өзгерістер пайда болады. Ісіктер қабатының, беттің ісінуінен басталады, тері қабаты бозарад-ы. Қан қысымы көтерілгенмен өте жоғары деңгейге дейін жетпейді, 8-10 күннен кейін қалыпқа түседі. Гломерулонефриттің бұл клиникалық түріндегі ең басым белгі- гематурия – макро және микро гематурия. Протеинурия болмашы мөлшерде және тез қалыпқа түседі.

Н е ф р о т и к а л ы қ (ісікті) түрі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Ең негізгі белгі, аты көрсетіп тұрғандай, ісіктер: бетінен басталы, түгел денесіне, аяқ-қолдарына, кейде іш қуысына да тарайды(асцит). Одан кейін белгі – протеинурия және циллиндрурия. Қан анализінде: ЭШЖ жоғарылайды, лейкоцитоз,гипопротеинэмия 35-55 г/л (нормада 62-82 г/л), гиперхоллестеринэмия- 7,8мкмоль/л (нормада 4,16-5,72 мкмоль/л).

А р а л а с түрі – ең ауыр түрі, өйткені алдыңғы аталған түрлеріндегі белгілердің барлығы байқалады: қан қысымы қатты көтеріледі, ісіктер байқалады, протеинурия, гематурия, олигоурия, целлиндрурия, қан анализінде – гипопротеинэмия, гиперхоллестеринэмия. Жүрек шекарассының ұлғаюы, систолалық шу естілу, қатты бас ауруы сияқты белгілер де қосылады.

Т е к з ә р д е г і өзгерістер түрінде клиникалық белгілер байқалады, балада бүйрек ауруы бар екенін басқа аурулармен келіп, зәрін тексерген кезде ғана анықталады.

Өткір гломерулонефрит дұрыс ем жасалған жағдайда(80-95%) 2-3 айдың ішінде жазылып кетеді, кейде 1 -1,5жылға созылады.

Асқынулары:

1. Жедел бүйрек жетіспеушілігі ЖБЖ (ОПН).

2. Бүйрек энцефалопатиясы(бас миының ісінуімен қан тамырларының тарылуынан), құрысып тырысу

3. Созылмалы гломерулонефрит

Диагноз қою. Анамнез, клиникалық белгілерге, лабораториялық тексерістерге, инструментальдық тексерістерге сүйене отырып қойылады.

Емдеу: емдеу этапты түрде өтеді.

1-саты- арнайы нерологиялық бөлімшеде,стационарда.

2-саты-емханада "Д" есепке алып, бақылау.

3-саты-санаторий курорттарда.

1. стационарлық ем жүргізу тәртібі. Ем арнайы нефрологиялық бөлімшеде жүргізілуі қажет.

*3-4 аптаға дейін қатаң төсек режимі тағайындалады. бұл режим баланың жалпы жағдайына,зәр анализдерінің нәтижелеріне қарап біртіндеп кеңейтеді.

* тамақтандыру ерекшеліктері: ауыр жағдайларында 1-2 күнге жеңілдету диетасы тағайындалады. Бала тек жеміс-жидектермен, кисель,варенье сияқты тәттілермен қоректенеді, сұйықтық мөлшері шектеледі. одан кейін

№ 7 столға ауыстырылады, бірінші аптада тұзсыз тағам, 2-3 аптадан бастап 1,5-2 айға дейін тұз тәулігіне 1-2 грамм, кейінірек жағдайына қарап 4-5 г дейін көбейтіледі.

* аурудың қоздырғыштарына қарсы антибиотиктер тағайындалады: пенициллин 100000-150000 ед/кг тәулігіне, ампициллин, оксациллин, карбенциллин осы дозаларда 1,5- айға дейін алмастыра отырып егіледі. ауыр түрлерінде және аталған препараттар ісер етпесе, кең спекторлы антибиотиктер тағайындалады.

*симптоматикалық ем жүргізіледі: антигистаминді препараттар(супрастин, тавегил, фенкарол, димедрол); қан қысымын төмендететін препараттар- резерпин, раунатин, бастапқы дозасы 0,01-0,02 күніне 3 рет, дибазол 0,002-0,003-0,005; зәр қуатын дәрілер - алғашқыда теобромбин, кофеин, үлкен ісіктерде - гипотиазид 2,5 мг/кг, фуросомид(лазикс) 1-5 мг/кг, верошпирон 1-5 мг/кг, тәулігіне; гломерулонефриттің ісікті түрінде гормондар - преднизалон схема бойынша, калий препараттарымен қоса тағайындалады; жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер; уремияда 2% сода ерітіндісімен сифонды клизма жасау, асқазанды шаю, "жасанды бүйрек" аппаратына қосу; құрысып тырысқанда магнезий сульфаты 25%, жұлыннан сұйықтық алу қолданылады.

2. Емханадағы бақылау, емдеу. ауру бала стационарда емделіп шыққаннан соң, жеңіл түрінен кейін 5 жыл, аур түрлерінен кейін өмір бойы нефролог, педиатордың бақылауына алынады. Баланың жалпы жағдайы бағаланып, зәр қан анализдері тексеріліп, стоматолог, ЛОР дәрігерлердің консультациясына жіберіліп тұрады. Қажет болған жағдайда ем тағайындалып, жүргізіледі.

3. санаторийлық ем- бала емделіп шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, клиникалық- лабораториялық ремиссия Гаспра, Қырым жағалауы, Байрам-Али, Трускавец сияқты курорттарда ем қабылдағаны дұрыс.

ПРОФИЛАКТИКА.

1. Стрептококпен шақырылатын ауруларға дер кезінде диагноз қойып, емдеп баланы сауықтыру.

2. Инфекция ошақтарын емдеп, сауықтыру.

3. Алдын -алу мен емдеу жұмыстарын сақтықпен жүргізу - баланың аллергиялық бейімділігін ескеріп отыру.

4. Балалар мекемелерінде сауықтыру жұмыстарын жүргізу.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2372. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия