Студопедия — Геморрагиялық диатездер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Геморрагиялық диатездер






Геморрагиялық диатездерге жататын аурулар:

1) Тромбоцитопатиялар — тромбоциттердің санының немесе сапасының өзгеруімен байланысты туындайтын аурулар — тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы) жатады.

2) Вазопатиялар — қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігінің жоғарылауынан туындайтын ауруға геморрагиялық васкулит (Шенлейн — Генох ауруы) жатады.

3) Коагулопатиялар — плазмадағы қан ұю факторларының жетіспеуінен қан ұюының нашарлауымен сипатталатын ауруларға гемофилия А, В, С жатады.

Осы аурулардың клиникалық белгілері, себептері әртүрлі болғанымен, бәріне ортақ белгі бар. Ол — қансырауға бейімділік.

В е р л ь г о ф а у р у ы. Т р о м б о ц и т о п е н и я л ы қ п у р п у р а немесе Верльгоф ауруы геморрагиялық диатездердің ішінде ең жиі кездесетін түрі. Көбінесе мектеп жасындағы балаларда кездеседі.

Сепебтері:Тұқым қуалаушылық, жұқпалы вирустық аурулар (қызылша, қызамық, тұмау), егу жұмыстарының жақпауы, физикалық және психикалық стресстер.

Патогенез. Көрсетілген себептердің салдарынан көкбауырдағы тромбоциттер саны азаяды (тромбоцитопения) және сапасы өзгереді (тромбоцитопатия). Бұл өзгерістер қан ұюын төмендетеді.

Клиника. Тері және шырышты қабаттарына қан құйылулармен сипатталады. Тері қабатындағы қан құйылған жерлері әртүрлі көлемде, әртүрлі формада, бала денесінің кез келген жерінде байқалады. Геморрагиялық бқртпелердің тағы бір айырмашылығы олардың полиморфизмі — бір уақытта әртүрлі түсті, әртүрлі көлемде анықталуы және симметриялы түрде орналаспауы болып табылады. Баланың себепсізден-себепсіз мұрнынан, тісінің түбінен қан кету, кейде ішектен, асқазаннан, қыз балаларда жатырынан қан кету байқалады. Көк бауыр ісінеді.

Қанда: тромбоцитопения 30-40 х 10/л, кейде одан да төмен (нормада 200-300 х 10/л), қан ағу уақыты ұзарады 20 және одан да көбірек минутқа дейін (Дьюске әдісі бойынша қан ағу уақытының нормасы 2-4 минут). Бала алдында қан жоғалтқан болса, эритропения, Нв көрсеткіші төмендейді.

Емдеу. Арнайы гемотологиялық бөлімшелерде жүргізіледі.

1) Төсек режимі тағайындалады.

2) Тамағы салқындаьылған түрде, қоймалжың болу керек. Жиі сусындар беріледі.

3) Қан кету кезінде оны тоқтататын жалпы және жергілікті шаралар жүргізілу қажет.

4) Дәрілерден — қан ұюын жақсартатын дәрілер тағайындалады: хлорлы калций ішуге және егу арқылы; викасол, рутин, аскорбин қышқылы, аминокапрон қышқылы, дицинон т.б. Ауыр түрлерінде преднизалон 1-2 мг/кг.

Г е м м о р р а г и я л ы қ в а с к у л и т. Бұл ауру авторы бойынша Шенлейн-Генох ауруы немесе к а п п и л я р о т о к с и к о з деп те аталады.

Себебі:инфекциялық-аллергиялық фактор, көп жағдайда баспа, созылмалы тонзилиттер, фарингиттер организмді аллергияға бейімдегеннен кейін басталады.

Патогенез. Әртүрлі аллергендер (микроорганизмдер, дәрілер, тамақ аллергендері) майда қан тамырларының ішкі қабатын аллергиялық қабынуға әкеліп, олардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылатады. Сондықтан, қан түйіршіктері қан тамырларынан оңай шығып, тері астына, шырышты қабаттарға қан құйылу байқалады.

Клиника. Геморрагиялық васкулит келесі клиникалық түрлерінде өтеді:

1. Қарапайым түрі — тері қабатындағы өзгерістермен сипатталады.

2.Аюдоминальді түрі — құрсақ қуысындағы ағзалардың шырышты қабаттарына қан құйылып, іші бүріп, қатты ауырады.

3. Тері — буындағы түрі — буындардың қабыну белгілері және тері қабатындағы бөртпелермен білінеді.

4. Аралас түрі.

Тері қабатындағы пайда болған бөртпелердің геморрагиялық васкулитке тән ерекшеліктері бар: бөртпелер буындар тұсында, аяқ-қолдарында, жамбаста симметриялы түрде орналасады. Бөрпетелр дәннің үлкендігіндей, папула тұрінде шығады, кейде шырышты қабаттарда да анықталады. Буындар зақымдалуы ревматикалық полиартриттердің белгілерімен бірдей болады, анықтау қиынға түспейді. Абдоминальді түрінде ішектен қан кету, ішек түйілу (инвагинация), нефрит белгілері білінуі мүмкін. Аралас түрінде аталған белгілердің барлығы бір дегеннен байқалуы мүмкін.

Қандағы өзгерістер: лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинафилия, жоғары ЭШЖ, қан ұю уақытының қысқаруы.

Емдеу. Бала ауруханада емделеді. 3-4 аптаға төсек режимі тағайындалады. Тамағы қоймалжың түрінде, салқындатылған, витаминдерге бай болып, белок мөлшері шектеледі.

Дәрілік ем:ауру жұқпалы аурулардан кейін басталса, антибиотиктер; аллергияны төмендететін антигистаминді дәрілер; қан тамырларының қабырғасын қатайтатын дәрілер (рутин, аскорбин қышқылы, кальций глюконаты); антикоагулянттар (гепарин 100-200 ед/кг тері астыннемесе көктамырға); витаминдер тобы тағайындалады.

Г е м о ф и л и я. Себептері: тұқым қуалаушылық — ген арқылы ер балаларға өтеді, өткізуші әйелдер (анасы). Туылғаннан плазмадағы 8-ші, 9-шы, 11-ші қан ұю факторлары жетіспейді. Осыған байланысты 8-ші антигемофильді глобулиннің жетіспеуінде — гемофилия ''А'', 9-шы (кристмас-фактор) фактор жетіспесе — гемофилия ''В'', 11-ші фактор жетіспегенде — гемофилия ''С'' деп аталады.

Клиника. Ең негізгі белгілердің бірі — жеңіл жарақаттардың өзінен кейін тоқтауы қиын, бала өміріне қауіпті қан кетулердің байқалуы.

Тері қабаты жарақаттанбаса, қан тері астына құйылып, әртүрлі көлемдегі г е м а т о м а л а р анықталады. Қан ұзақ уақыт ұйымаса, гематомалар да көпке дейін сақталып, қолға былқылдап білініп тұрады. Буын тұстарына қан құйылса, г е м а р т р о з д а р пайда болады. Буындарға, қан құйылу қайталанған жағдайда, қимылы шектеледі, буын тұсы қатты ауырады, буындар өзгеріске ұшырап, қозғалыссыз қалады — а н к и л о з д а р пайда болады.

Ауру баланың тісін жұлған кезде, сүндетке отырғызған кезде баланың өміріне қауіп төндіретін қансырау байқалып, жәрдем етілмесе бала өліп кетеді.

Қанда эритропения, гипогемоглобинэмия, қан ұю уақытының ұзаруы 10-30 минутқа дейін, кейде одан да ұзаққа созылады.

Емдеу. Арнайы гематологиялық бөөлімдерде жүргізіледі. Жергілікті және жалпы емнен тұрады.

Жергілікті ем: қан кетіп жатқан жерге гемофобин, гемостатикалық губкамен, фибриндік губкамен тампонада жасау.

Жалпы ем: қан құю, антигемофильді плазма, антигемофильді глобулин құю, к р и о п р е ц и п т а т егу (қанның плазмасынан дайындалған арнайы препарат, буынға жіберуге де болады); витаминдер тобы; гемартроздарда анкилоздың алдын алу үшін лангета қою.

Баланың күтім ерекшеліктері:

Ата-анасы мен мұғалімдерге баланың күтімі бойынша кеңес беру.

Баланы жарақаттанудан сақтандыру.

Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Дәрі-дәрмектерді ауыз арқылы енгізу.

Тіске жақсы күтім жасау.

Л е й к о з д а р. Лейкоз — қан түзгіш ағзаларының (сүйек майының) қатерлі ісігі.

Себебі:осы уақытқа дейін толық анықталмаған, бірнеше көзқарастар бар — радиация, экологияның әсері, химиялық заттардың әсері, вирустық теория, тұқым қуалаушылық.

Балаларда негізінен өткір лейкоздар кездеседі. Цитохимиялық тексерістер арқылы лейкоздардың келесі түрлері анықталады: лимфобласты, мегалобласты, миеломоноцитарлы, монобласты т.б.

Клиника. Бастапқы кезеңде — клиникалық белгілері жақсы айқындалмайды, тек баланың жалпы жағдайының өзгеруімен сипатталады: тәбеті төмен, тез шаршайды, температурасы көтеріледі. Осы кезеңдегі күдікті белгіге сүйектерінің қақсап ауыруы және лимфа түйіндерінің ісінуі жатады.

Айқын клиникалық белгілер кезеңінде — баланың жалпы жағдайы нашарлайды, температура жоғарылай түседі, геморрагиялық синдром белгілері анықталады: тері астына қан құйылу, мұрыннан, тістен қан кету, миғы қан құйылу, ішектен қан кету, зәрге қан араласу және т.б. Лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр ісініп үлкейеді, ауырады. Сүйектері де ісініп, қақсап ауырады. Нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты ұйқысы бұзылады, сандырақтап, қатты басы ауырады. Осы кезеңде қандағы өзгерістер айқын болады: жетілмеген лейкоциттер санының көбеюі — лейкоцитоз, эритропения, тромбоцитопения, жоғары ЭШЖ, эритробластоз.

М и е л о г р а м м а д а: жетілмеген, бласты клеткалардың көбеюі 80-95% дейін жетеді. Лейкемиялық үзіліс — лейкоциттердің бласты және жетілген түрлерінің арасында өтпелі түрлерінің болмауымен анықталады.

Аурудың өршу кезеңі — баланың жағдайы одан сайын қатты нашарлайды, өте көп салмақ жоғалтады, ұзақ уақыт түспейтін жоғары температура, барлық ағзалардың жұмысының бұзылу белгілері пайда болады. Қандағы өзгерістер одан сайын нашарлай түседі.

Емдеу. Стационарда, арнайы гематологиялық бөлімде өткізіледі.

Баланы тамақтандыру тәбетіне қарай жүргізіледі. Жағдайы көтерсе, көбірек таза ауаға шығарып тұру, баланың гигиеналық күтімін қатаң сақтау қажет.

Дәрілік ем: кортикостероидты гормондар — преднизалон 1-2,5 мг/кг тәулігіне; ферменттер — Л — аспарагиназа; ісікке қарсы антибиотик – рубомицин; цитостатиктер (6-меркаптопурин, метотрексат, винкристин, винбластин); қан, эритроцитралық масса құю; витаминдер, антибиотиктер; сәулемен емдеу; симптомдық ем жүргізу жоспарланады. Ең нәтижелі ем — сүйек майын ауыстыру болып табылады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4857. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия