Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көру нервінің семуі





~~45 жастағы науқас әйел сол көзінен үнемі, әсіресе далада жас ағуына шағымданады. Көзінен жас ағу 2 жылдай мазасын алып жүр. Объективті: VIS OD=1.0, Т-21 мм.сын.бағ., OS= 1.0, Т-21 мм. Сын. Бағ. Оң көз: қабақтың және көз жасы нүктесінің (тесігі) орналасуы дұрыс, көз жасы қапшығының тұсын басқанда бөлініс жоқ, бірақ жастың тұруы байқалады. Жас-мұрын сынамасы теріс, жуғанда мұрыннан сұйықтық ақпайды, жоғарғы жас нүктесіне қайта оралады. Оптикалық ортасы мөлдір, көз түбінде патология жоқ. Сол көзі сау, жас-мұрын сынамасы оң, жуғанда мұрыннан сұйықтық кедергіссіз ағады. Диагнозын таңдаңыз:

Созылмалы дакриоцистит

Төменгі қабақтың сыртқа айналуы

Созылмалы конъюнктивит

Көз жас қапшығының флегмонасы

Теріскен

~~ 60 жастағы науқас окулистке сол көзінің ауыру сезімі мен көру қабілетінің төмендегеніне шағымданып келді. Анамнезінен 3 күн бұрын кездейсоқ ағаштың бұтағымен сол көзінен жарақат алған, дәрігерге қаралмаған және емделмеген. Объективті: VIS OD=0.1 шынымен түзетілмейді, OS= 0,5 (+1.0e)= 1,0. Оң көз: көз саңылауы тарылған, көз алмасының айқын аралас инъекциясы, қасаң қабықтың ортасында диаметрі 4-5мм. Беті борпылдақ сұрғылт түсті инфильтрат көрінеді. Алдыңғы камерада биіктігі 2мм ақшыл түсті ірің, нұрлы қабықтың суреті көмескіленген, қарашық тар. Көз түбінің рефлексі көрінбейді, көз ішілік қысым пальпаторлы қалыпты. Сол көзі сау. Диагноз қойыңыз:

Көз алмасының тесіп өткен жарақаты

Ирусты кератит

Іріңді конъюнктивит

Асаң қабықтың жарасы

Лефарит

~~65 жастаға науқас екі көзінің, әсіресе сол көзінің көру қабілетінің баяу төмендеуіне шағымданды. Байқағанына бір жылдай болған. Объективті: VIS OD=0.02 шынымен түзетілмейді, Т-19 мм. Сын. Бағ., OS= 0.1 spr+2,0Д=0.7, Т-19 мм. Сын. Бағ. Сол көзі – қасаң қабығы мөлдір, дөңес, алдыңғы камера орташа тереңдікте, ылғалы мөлдір. Нұрлы қабықтың суреті мен түсі өзгермеген, көз бұршағы сұр түсті. Қарашықты кеңейткенде көз бұршағының орталық және төменгі бөлімінің бұлыңғырланғаны байқалады, басқа бөліктерінен рефлекс жақсы көрінеді. Көз түбінің көрінетін жерлерінде өзгерістер жоқ. Оң көзі қалыпты. Диагноз қойыңыз:

Жетілмеген катаракта

Біріншілік ашық бұрышты глаукома

Арттық макулодистрофия

Шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

Тор қабықтың сылынуы

~~ Окулистке науқас оң көзінің көру қабілетінің бірден төмендеуіне, заттарға қарағанда олардың пішіні мен өлшемінің қисайып-өзгеруіне шағымданды. Объективті: VIS OD=0,08 шынымен түзетілмейді, Т-23 мм.сын.бағ., OS= 1.0, Т-21 мм. Сын. Бағ. Оң көзі тыныш, қалыпты. Көздің алдыңғы бөлімі өзгеріссіз. Көз бұршағы мөлдір. Көздің түбі: КНД- ақшыл- қызғылт түсті, шекарасы анық, экскавация физиологиялық, артериялары шамалы тарылған. Макулярлы аймақта мөлшері 0,5мм-дей сарғыш-сұр түсті, шекарасы анық емес, оның айналасы қызғылттау ошақ көрінеді. Ошақтың маңындағы тор қабық шамалы ісінген. Диагноз қойыңыз:

Тор қабықтың жыртылуы

Көру нервінің невриті

Гипертониялық ангиоретинопатия

Диабеттік ангиоретинопатия

Орталық хориоретинит

~~50 жастағы инженер окулист –дәрігерге сол көзінің көру қабілетінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Бұл шағым 2ай бұрын болған, оны ештемемен байланыстыра алмайды, себебі белгісіз. Объективті: VIS OD= 1.0, Т-24 мм.сын.бағ., OS= 0,1 шынымен түзетілмейді, Т-24 мм. Сын. Бағ. Сол көзі қалыпты, алдыңғы бөлімі өзгеріссіз. Тар қарашықпен офтальмоскопия жасағанда, көздің төменгі-ішкі бөлімінде қара-қошқыл түсті түзіліс көрінеді. Қарашықты кеңейтіп қарағанда, сол аймақта үлкен сұрғылт-қоңыр түсті, шыны тәрізді денеге томпайған, шеті тегіс, оның беткей бөліктеріне қан құйылған ошақты түзіліс байқалады, макуланың айналасындағы тор қабық ісінген. Оң көзі сау. Диагнозды қойыңыз:

Коатс ретиниті

Гемофтальм

Хориоидеяның меланомасы

Шыны тәрізді дененің цистицеркі

Преретиналді қан құйылу

~~60 жастағы науқас түнде пайда болған сол көзінің көру қабілетінің бірден төмендеуіне, көзінің және басының сол жақ бөлімінің күшті ауыру сезіміне, лоқсуына, құсуына шағымданып қаралды. Бұдан бірнеше күн бұрын науқаста ауыр эмоциялық күйзеліс болған. Бұрын көзі ауырмаған. Объективті: VIS OD=0,5 spr+2,0Д=1.0, Т=19 мм.сын.бағ.b), OS=0.04 шынымен түзетілмейді, Т=47 мм.сын.бағ. Сол көзі – көз саңылауы тарылған, көз алмасының айқын іркілген инъекциясы, қасаң қабығы ісінген, алдыңғы камера өте саяз, қарашық 5мм-ге дейін ұлғайған, пішіні дұрыс емес, сопақша, көз түбінің рефлексі болар-болмас қызғылт түсті, көру нерві дискі нақты көрінбейді. Оң көзі қалыпты. Диагнозын таңдаңыз:

Глаукоманың жедел ұстамасы

Гипертониялық криз

Жедел конъюнктивит







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1713. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия