Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Клиникалық көріністері.





Ауру 4 топқа бөлінеді:

1. үшкүндік безгек – malaria tertiana (P.vivax),

2. овале – безгек – ovale – malaria (P.ovale),

3. төрткүндік безгек – malaria guartana (P.malaria),

4. тропикалық безгек – malaria tropica (P.falciparum).

Интоксикациялық көріністерінің, қызбаның, мүшелердің зақымдану және паразитемияның деңгейлері байланысты ауыр, орташа ауыр, жеңіл түрлерін ажыратады. Тропикалық безгекке ауыр ағым тән.

Безгек – циклдік ауру. Безгектің барлық түрлерінде инкубациялық кезең преэритроцитарлық (тіндік) шизогонияға қарағанда ұзағырақ болады.

Жасырын кезеңнің ұзақтығы:

• тропикалық безгекте – 8-16 күн,

• қысқа жасырын кезеңімен өтетін үшкүндік безгекте – 10-20 күн, ұзақ жасырын кезеңімен өтетін үшкүндік безгекте – 8-14 ай,

• ovale – безгек – 11-16 күн, ұзақ жасырын кезеңі – 8 -14 ай

• төрткүндік безгек – 21-42 күн.

Ауру жедел басталады: қысқа мерзім ішінде температура 41°С дейін жетеді, бас ауру, жүрек айну, құсу байқалады. Басында қызба атипті түрде (инициальді) болады. Одан кейін қызба безгекке тән дұрыс ұстама тәрізді ағынымен, кестеде – дұрыс интермиттерлеуші қисықпен көрінеді.

Безгектің біріншілік шабуылында қызбаның ұзақтығы 1-1,5 айда 10-15 пароксизмаларымен өтеді. Екі-үш пароксизмалардан кейін науқаста анемия, спленомегалия, гепатомегалия, сонымен қатар терінің және склераның сарғаюы байқалады. Қызбаның ұстамасы 3 фазадан тұрады: «қалтырау» - (2сағ), «жоғары температура» - (5-8сағ), «тершеңдік» - (1-2сағ). Жалпы ұстаманың ұзақтығы 5сағ-тан – 14сағ дейін. Пароксизмалар, көбінесе тәуліктің екінші жартысында (vivax), кешкі уақытта (ovale – malaria) байқалады.

Қызба жалпы токсикалық белгілерімен көрінеді: бас ауруы, жүрек айну, құсу, бұл көріністер әсіресе тропикалық безгекте байқалады, науқастың беті қызарып тұрады, склераның инъекциясы, теріде уртикальды бөртпелер байқалады, науқастар миалгияға шағымданады, бел аймағында ауру сезімі болады, сонымен тропикалық безгекте диспепсиялық белгілер – іш ауруы, диарея көрінеді.

Ұстама кезінде өкпеде – бронхоспазм, ал қан тамыр жүйесінде – тахикардия, гипотония дамиды.

Бір неше пароксизмдерден кейін анемия дамиды, эритроциттердің гемолизіне байланысты терінің сарғаюы байқалады. Паренхиматозды гепатит дамуы мүмкін. Бұл кезде әлсіздік, бас ауру, миалгия және артралгия жоғарлайды, осы нышандар апирексия кезеңінде сақталады.


№20 кесте.

Ауыр түрлі тропикалық безгектің патогенезі (1977 A.Hall бойынша)

Паразит

 

Эритроцит

 

Деформация Жабысу Гипоксия Нәзіктік Токсин Қарсытек

 

Аноксия Гемолиз Қарсыдене

 

Қантамырлық бөлік Анемия Комплимент деңгейінің

төмендеуі

Гемоглобинурия

Бауырдың зақымдануы ДВС ЦИК

Вазодилятация

Сарғаю Гипоальбуминемия Иммунокомпоненттік нефрит

Жедел тубулярлы некроз

Ісіну Жедел бүйрек жетіспеушілігі

 

Жедел бүйрек мида өкпеде Спецификалық препараттардың токсинділігі

жетіспеушілігі

Көп мөлшерде сұйықтықты енгізу Гемморрагиялық синдром

 

ЛІМ

 

№21 кесте.

Безгек. Жасырын кезеңі (И.П. = Т.Ш. + П.Т.)

(1999 жыл А.Б.Сейдулаева)

 

  Қоздырғыштың түрі   Т.Ш. – тіндік шизогония П.Т. – пирогенді табалдырық     Э.Ш. – эритроцитарлық шизогония Г.Ш. - гаметошизогония
Pl.Vivax Pl.Ovale 1.Тахиспорозоид. Т.Ш. – 9 күн, жасырын кезеңі қысқа – 20 күн. Брадиспорозоид - гипнозоидтар. Жасырын кезеңі ұзақ 6 – 14 ай. Бір мезгілде жұқтырғанда – кеш рецидивтер. Гаметоцитер қанда бірнеше сағат болады және тез өледі, егер де тасымалдаушық пайда болмаса.     Э.Ш. мен Г.Ш. безгектің 3 түрінде де бірге жүреді.
Pl.Malaria Т.Ш. – 15 күн. Жасырын кезеңі– 40 күнге дейін. Т.Ш. олардың барлығы 10 000 тіндік мерозоидтар түзеді.
Pl.Falciparum Т.Ш. – 6 күн. Жасырын кезеңі – 8 – 12 күн. 50000 тіндік мерозоидтар түзіледі. Г.Ш. - 3, 4 Э.Ш. кейіннен. Гаметоциттер 2 айға дейін қан айналымында ұзақ болады.  

Гемограммада лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, эритроциттер санының және гемоглобин деңгейінің азаюы байқалады, бұл ұстаманың мөлшеріне байланысты жиілейді. Сонымен қатар анизоцитоз және пойкилоцитоз, ЭТЖ жылдамдайды.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2068. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия